Жаңалықтар

21.10.2020
Бірнеше жылдан кейін еліме оралдым
2003-те Алматыдағы Нархозды бітіріп сол жердегі курстас әрі дос болып кеткен Ақтаулық бір жігіттің шақыруымен (ол атақты күйші Қызылқұрт Құрманғазының руласы) Маңғыстау жеріне кетіп қалғанмын. Сол жерде болашақ жарыммен танысып, балалы болып, жұмысқа тұрып өмірімнің 17 жылын Каспийдың жағасында өткіздім. Сол өлкеде мұнай-газ саласында қызмет етіп көптеген адамдарымен таныстым және де маман болып қалыптастым. Маңғыстау еліне сол үшін алғысым шексіз, халқына тек аманшылық пен берекені тілеймін! Қазақтың "Есін барда елің тап" сөзін есімде сақтап, өз еліме - Шымкентке қайтуға ойым әуелден болған. Биыл әке-шешем, бауырларым КОВИДке шалдыққасын, енді алыста жүруді қойып, тезірек қайтайын деп шештім. Сонымен жақында ауылыма оралдым. Өмірімнің жаңа кезеңі басталды десем де болады. Менен әзірге жаңалық осы. Аман-сау болайық, Жаратушы бізді індет-бәлекеттен сақтасын!
24.09.2020
Алматы облысында Жаныс Қапал, Шымыр Садыбай батырлардың бейіттерін іздегенім сәтсіз аяқталды
Алматы облысындағы Ботбай Сәмен батырдың жатқан жеріне зиярат етіп барғанымды бір мақалада жазған болатынмын. Бірақ Алматы жаққа сапарым тек сол іспен біткен жоқ. Алматы облысының Қарашоқы деген жерінде талай батырдың атасы - Шымыр Марсымұлы Садыбай батыр жатыр, Ешкіөлмес деген жерде Жаныстың Қапал батыры мен Төле бидің бәйбішесі жерленген деген бір дерек бойынша ары қарай сол жерлерге тарттым.

31.08.2020
Сайтымызға 2 жыл!
Екі жылдың ішінде біраз жақын адамдардан - "Әй, не істейсін бұл сайтты?","Не пайдасы бар осыдан саған?", "Қазір тарихтың кімге керегі бар?", "Тарихшы есебінде шамалысың", "Бір бәлені жазғанша барып үйдің бір шаруасын бітірмейсің ба", "Қанша ақшаны бекер құрттын" тағы да сондай сияқты мін-сұрақтарды естігенім бар. Әрине боқ дүние мәселелері әрқайсысымызда да бар, дегенмен бұл жобаны бастағанда түпкі ойым мынадай еді: "Ешкім бұл тірлікпен айналыспасса , сен қолға алып баста!". Сонымен бұл ойым жобаны ары қарай жалғастыруға жігер беріп
30.08.2020
Хақназар ханның шөпшегі - Бүкірек батыр жайлы
Тамыз айының 21-де Ақтөбеден Қызылордаға автокөлікпен келе жатқанда, Арал (Аральск) кентіне шамамен 60 км қалғанда, жолдан алыс емес бір кесене мен оған меңзеп тұрған знакты көріп қалып, тоқтап қарап қайтайыншы дедім. Жанына барып қарасам кесене 2010 тұрғызылыпты, мемлекеттің бақылауына алынған, темір есігі кілттеулі. Сондағы жатқан Бүкірек батырға бір Құран оқып жіберіп, тасқа қашалған мәліметті оқып қарасам, бұл кісінің Хақназар ханға қатынасы бар екен. Хақназар Қасымұлы - қазақ хандығының 8-ші ханы, қазақ хандығын 1538-1580 жылдар биледі (яғни 42 жыл). Айта кетеин, қазақ хандарының арасында мен ұшін төртеуі ерекше орын алады - Қасым, Хақназар, Есім, Абылай. Ал сол Хақназардан бір ұрпақ қалды ма екен деп ойлап жүруші ем. Кесененің алдында Бүкірек батыр мен ұрпағынын шежіресі бұл сұрағыма жауап болды. 1682 жылы туылған Бұрханұлы Бүкірек батыр Хақназар ханның шөпшегі болған. Төрелердің арасынан батыр шығуы өзі бір сирек кездесетін жағдай. Гуглдан іздеп оқып қарасам, Бүкірек батыр "Жаужүрек мың бала-дағы" Сартайға кезінде соғыс өнерін үйреткен тұлға. Кесене айналасын бірнеше фотоға түсіріп алып, осы сайтымда мақала ішінде көрсетуді жөн көрдім:

03.08.2020
Дулат бабамыздың 5-ші, 6-шы ұлының есімдерін білесіңіз бе?
Дулаттан төрт ата тарайтынын солардың ұрпақтары жақсы біледі (Сиқым, Жаныс, Ботбай, Шымыр). Алайда Дулат бабамыздың аталмыш ұлдардан басқа тағы 2 ұлы болыпты. Бұл деректі растайтын жазбаша бір туынды бар. Жаныс Бекасыл әулие туралы мақала жазғанымда Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының (1858 - 1931) "Қазақ баласы оқыдым, тоқыдым десе де, Бекасыл хазірет бола ма" деген еңбегімен таныстым (үзінді түрінде төменде). Сол шығармада Дулат бабамыздың 6 ұлының есімдері кездеседі:

29.03.2020
"Бәйдібек Баба - Алып Бәйтерек" - Шымыр руының шежіресі (кітаптың электрондық нұсқасы)
2007 жылы "Өнер" баспасында "Бәйдібек Баба - Алып Бәйтерек" кезекті томы басылып шықты. Бұл кітап Дулаттың Шымыр руының шежіресін қамтиды.
Кітап көлемді еңбектін нәтижесі екенін сөзсіз мойындаймын, автор тобында 12 адам, кейбірі елге танымал тұлғалар. Оларға көп рахмет! Дегенмен кіріспесінде біраз нәрселер маған негізсіз аңыздар болып көрінеді. Тарихты солай бұрмалауды қояик, ағайын! Мысалы шежірені білдіріп тұрған ағаштың суретінде біреулердін араб есімдерін жазып бердіңіз. Олар Дулаттан тараған болса - қазіргі ұрпағы қайда, Дулаттың қай ұлынан тараған? Т.б. сондай сияқты сұрақ туындайды.
Кітаптің электрондық нұсқасының интернеттегі сілтемесі/ссылкасы төменде:

18.02.2020
Есімі Сиқым руының ұранына айналған Рысбек батырдың қабірін Манкентте іздеп әзірше таба алмадым
Бұл сайтта Сиқымның Қарабатыры туралы мақала жаздым. "Батыр - елдің сәулеті" кітабының (Авторы Байдалиев Д.) дерегіне сүйенсек сол Қарабатырдың ұлы Шінет, немересі Рысбек, бәрі Қарабатырдың қасында жатыр:

"-Атамыз Қарабатыр, әкем Шінет жатқан Манкенттегі Сиқым зиратына қойыңдар. Қараағаш әулие қолдап, бабам қартайғанда көрген Небосын, Есбосын, Құлбосын, Қармыс төртеуі де, содан тараған басқа ұрпақ та, соның ішінде Қарабатырдың әкесі Есті де сонда жатыр, - дейді өсиетін айтып. Қайтыс болған Рысбекті төбе басында жуыпты. Сол жер Рысбек төбе аталған. Рысбекті тоғыз қаралы түйеге бар жасауымен артып, қаралы керуен Манкентке қарай тартады. Жуалының Шақпақ асуынан асқанда алдынан он түйемен Самарқанның көк тасын Әулиеата жаққа алып келе жатқан саудагерлер кездеседі. Бір түйедегі тасты түйесін, басқа дүниесін беріп сатып алады.
Рысбек батырдың дүниеден қалай қайтқаны және мұрасы жөнінде кейінгі ұрпақтары төмендегідей естелік айтады:
20.10.2019
Сайтқа 4 батырдың шежіресін де қостым
Бүгін сайттағы шежіреге Сиқым Борасынан тарайтын 22 атаны қостым, арасында Қарабатыр, Шінет, Рысбек батырлар бар (бұл батырлар туралы кейінірек бөлек мақалада жазамын). Шымыр Шілмембет Құлидің шежіресін толықтырып 24 атаны көрсеттім. Олардың ішінде Бауыржан Момышұлының батыр бабасы Ақментей батыр (бір күнде жекпе-жекте жоңғардың бірінен соң бірін үш бірдей батырын жер жастандырды). Ол туралы да бөлек бір мақала болады.
08.09.2019
Домалақ Ананың жатқан жерін туристік нысанға айналдырмау керек
Мәскеуде жылдап Лениннің мавзолейіне әркімдер қызық үшін келе береді. Өз басым әлі барғаным жоқ бірақ ютубтан қарасам ардақты Анамыздың кесенесіне дәл солай сандалып жүргендер көптеп келуде. Солардың қатарында ой-санасы толық жетілмеген жасөспірімдер, басқа ұлттардың өкілдері, Ақмешіт үңгіріне жол бойымен автокөлікпен келіп кететін туристтер, т.б. Төменде мысал ретінде 2-3 видеоны салып қойдым. Сонда бір сұрақ ойымды мазалайды:
01.09.2019
Шежірені ақырындап түзетіп толықтырудамын
Көптен бері сайттағы шежіре бөлімін түзету мен толықтыруға қол тиген жоқ. Бүгін Жаныстын Жамбайынан тарайтын 28 атаны қосып, шежіреде керек түзетулерді жасадым. Оған қоса Шымырдың Бозан тармағынын (Биназар батыр шыққан) шежіресіне түзетулерді жасап кейбір аталардың есімдерін қостым. Шымырдың Шілмембет Сәліктен тарайтын 10 атаны шежіреге қостым.
01.09.2019
Сайттағы өзгерістер
Сайтқа екі нәрсе қоспақшымыз: 1) Форум 2) Сайт авторының Twitter'дегі парақшасын "Автордың бұрышы" деген бөлімде көруге болады (техникалық себептен бөлімге кіргеннен кейін 5-10 секунд куте туру керек, сонда барып ашылады).
14.06.2019
Ұсыныс: Шымкентке - метро, электричка, күн электрстансалары; Таразға - зауыт; Алматыға - метро құрылысын жеделдету мен электричка жүйесін кеңейту.
Басқа елдерге қарасаңыз, үнемі мұнай-газ саласына қатысы жоқ күрделі техникалық жобаларды жүзеге асырып отыр. Мысалғы Қытайда теңіздің үстімен көпір ( https://www.youtube.com/watch?v=Rrt5Y6DERiI ), Корея елінде судын ішінде автокөлік жолы ( https://www.youtube.com/watch?v=H4R1JZhq9Oo ), ғарышқа жаңа орбиталды телескопты жиберуге дайындық жүріп тұр ( https://www.youtube.com/watch?v=ni_QM5_OA3I ), адрондық коллайдер салынып іске қосылды ( https://www.youtube.com/watch?v=C0MlaMLKrIc ), айта берсен т.б. мысалдар көп.
12.06.2019
Шымкент саябағына Асанбай Асқаровтың есімі берілді. Шерхан Мұртазаны да ұмытпайық, ағайын!
2019 маусым айының басында Шымкент қаласының саябағына (дендропарк) оның негізін қалаушысы Асанбай Асқаровтың (Дулат-Ботбай руынан) есімі ресми түрде берілді. Бұл тақырып бойынша жергілікті БАҚта арнайы мақала шықты ( https://otyrar.kz/2019/06/shymkentskij-dendropark-nazvan-imenem-asanbaya-askarova/ ). Асанбай Асқаров ағамыз Меркі жерінде туылып, кейіннен Шымкент қаласының дамуына зор үлесін қосқан. Қосымша мәлімет үшін Википедия сайтында арнайы мақаланы оқыңыз. Арада бірнеше жыл өткесін
25.05.2019
Сыпатай батырды қаралап журген Садық Смағұлға
Интернетте Садық Смағұл деген бір кісі бар екен. 2011 ж "Қазақ үні" деген сайтта "Сыпатай: батыр ма, сатқын ба?" ( https://qazaquni.kz/2011/10/28/9468.html ), 2016 ж "Қамшы кз" деген сайтта "...Сатқындығын жасырып" ( https://www.qamshy.kz/article/satqindighin-zhasirip.html ) деген мақалаларды шығарып үлгерді.
18.11.2018
Сайттың "Шежіре" бөліміндегі шежіре тез ашылмайды
Техникалық себептермен сайттың "Шежіре" бөліміндегі шежіре лезде экран бетіне шықпайды. Шежіре ашылу үшін бір минуттай күткеніңіз жөн.
31.08.2018
Сайт іске қосылды!
Бұл еңбегімді дүниеден өтіп кеткен, Дулаттан тарайтын ата-бабаларымызға, сонымен қатар ескерусіз қалған, аты аталмай қалған және тірі ұрпағына арнаймын.
FaLang translation system by Faboba