Хақназар ханның шөпшегі - Бүкірек батыр жайлы
Тамыз айының 21-де Ақтөбеден Қызылордаға автокөлікпен келе жатқанда, Арал (Аральск) кентіне шамамен 60 км қалғанда, жолдан алыс емес бір кесене мен оған меңзеп тұрған знакты көріп қалып, тоқтап қарап қайтайыншы дедім. Жанына барып қарасам кесене 2010 тұрғызылыпты, мемлекеттің бақылауына алынған, темір есігі кілттеулі. Сондағы жатқан Бүкірек батырға бір Құран оқып жіберіп, тасқа қашалған мәліметті оқып қарасам, бұл кісінің Хақназар ханға қатынасы бар екен. Хақназар Қасымұлы - қазақ хандығының 8-ші ханы, қазақ хандығын 1538-1580 жылдар биледі (яғни 42 жыл). Айта кетеин, қазақ хандарының арасында мен ұшін төртеуі ерекше орын алады - Қасым, Хақназар, Есім, Абылай. Ал сол Хақназардан бір ұрпақ қалды ма екен деп ойлап жүруші ем. Кесененің алдында Бүкірек батыр мен ұрпағынын шежіресі бұл сұрағыма жауап болды. 1682 жылы туылған Бұрханұлы Бүкірек батыр Хақназар ханның шөпшегі болған. Төрелердің арасынан батыр шығуы өзі бір сирек кездесетін жағдай. Гуглдан іздеп оқып қарасам, Бүкірек батыр "Жаужүрек мың бала-дағы" Сартайға кезінде соғыс өнерін үйреткен тұлға. Кесене айналасын бірнеше фотоға түсіріп алып, осы сайтымда мақала ішінде көрсетуді жөн көрдім:
P.S. Автотрассаның бойында, бұл кесенеге дейін, Жаманшын аталатын метеорит кратеріне (метеорит түскеннен пайда болған ой) бағыт көрсетіп тұрған қоңыр знак пен апаратын қара жол бар. Аманшылық болса, болашақта бір барып көрермін. Осындай жерлерді қан-терімен бізге аманат етіп қалдырып кеткен Бүкіректей батырлардың өмір жолын, ерлігін, тек солардын ұрпақтары ғана емес, басқа қазақ жұрттың да білгені дұрыс.