Ұсыныс: Шымкентке - метро, электричка, күн электрстансалары; Таразға - зауыт; Алматыға - метро құрылысын жеделдету мен электричка жүйесін кеңейту.

Басқа елдерге қарасаңыз, үнемі мұнай-газ саласына қатысы жоқ күрделі техникалық жобаларды жүзеге асырып отыр. Мысалғы Қытайда теңіздің үстімен көпір ( https://www.youtube.com/watch?v=Rrt5Y6DERiI ), Корея елінде судын ішінде автокөлік жолы ( https://www.youtube.com/watch?v=H4R1JZhq9Oo ), ғарышқа жаңа орбиталды телескопты жиберуге дайындық жүріп тұр ( https://www.youtube.com/watch?v=ni_QM5_OA3I ), адрондық коллайдер салынып іске қосылды ( https://www.youtube.com/watch?v=C0MlaMLKrIc ), айта берсен т.б. мысалдар көп. Иә, ондай жобалардың Қазақстанға әзірше керегі бар ма жоқ па ол басқа сұрақ. Бірақ біздің қоғамға осы заманда және келешекте пайда әкелетін, жағдайын жақсартатын бірнеше жобаларды ұсынғым келеді. Олар қазір қолымыздан келетін жобалар.

1) Шымкент қаласында жер асты метро жүйесін құру. Бастапқыда Қайтпас, Нұрсат шағын ауданынан бастап Қазығұрт шағын ауданына дейін, Жібек жолы - Сайрам көшелерінің қиылысынан Тұрлан экспедициясы дейтін жерге дейін, Казбакалейторг деген жерден Қорғасын зауытының маңындағы шағын ауданына дейін. Жалпы Шымкент қаласының көлемін (1170 км2) басқа қалалармен салыстырып (Алматы 682 км2, Нұр-Сұлтан 722 км2, Нью-Йорк 784 км2, Москва 2511 км2, Ташкент 330 км2, Киев 847 км2 т.б.) - Шымкенттің бір шетінен екінші шетіне жету үшін қанша уақыт алатын ойлап қараңыз. Метро жүйесін салғанда, 15-20 жыл бойы тек талқыға салып далбасаламай 2-3 жылда маршрут бойындағы керек зерттеулерді жүргізіп, жобалық құжаттарды дайындап, керек жер телімдерді сатып алып, бірнеше жерден бастаған дұрыс.

Қаражат дегенде Ұлттық Қордан алыну керек. Қазір сол қорда 90 млрд доллар ақша жан-жақта шіріп жатқанша, бір бөлігін қоғамның игілігіне пайдалану керек. Сонда шамамен метро құрылысы жобасына 10-15 мың адам жұмыс істеп, біразы кейін эксплуатациясына өтеді. Қарқынды жұмыс үшін басында бұл жобаға шетелдің қабілетті мердігерің шақыртып ал кейінірек жергілікті кадрларға тапсыру керек (әйтпесе Алматыдағыдай тек 5-6 станциясын 30 жыл бойы салатын боламыз). Метро жобасы өздігімен жұмыссыздық пен жол кептелістерін азайтады, экология тұрғыдан оң әсерін береді, халықты мәдениетті тұрде шапшаң тасымалдап уақытың үнемдейді - автобусқа сығылыспай, қар, тайғаққа тәуелді болмай, метро құрылысына қажетті өңдірістерді (темір-бетон, цемент, вагон, басқасын) жандандырып т.б. оң эффектісін көрсете берер.

Ендігісі Шымкент қаласын маңындағы кенттермен электричка жүйесі арқылы қосу. Ол деген Ақсу кентіне электричка жолын салып жіберу, Ленгір қаласына, Сайрам, Түлкібас, Ванновка, Сарыағаш, Арыс, Шаян, Түркістанды қоса. Сонда жол-көлік оқиға саны азаяр, тұрғындардың жолы жеңілдейді, туризм көбейеді т.б.

Бірнеше жылдан кейін елімізде электр энергиясының тапшылығы басталады деп білімді тұлғалар айтып жүр. Сонымен қатар біреулер атом электрстансасын салайық деген әңгімені айтып бастады. Атом энергетикасы қауіпті екенін атақты Чернобыль басқа да оқиғаларынан білеміз. Ал шетелде пайдалануға берілген "жасыл" энергетика нысандарының үлгілері көп. Сіздің назарыңызға Испания еліндегі күн электрстансасының видеосы. Видео ағылшын тілде. ( https://www.youtube.com/watch?v=LMWIgwvbrcM ). Қысқасы, айнаға түскен күн сәулелері мұнараға бағытталып, мұнарадағы түз ерітіндісін 550 градусқа дейін жылытып, резервуар (қазанға) жиналып, күн батқаннан кейін де қызып тұрған тұз ерітіндісі 15 сағат бойы турбиналарды бумен айналдырады екен. Ешқандай өзенге бөген салудың қажеті жоқ, уран қалдығын қайда қалай сақтаймын деген мәселе жоқ. Керек болса жанында ветрогенератор (желден ток шығаратын) паркін салсаңыз да болады. Бұндай күн стансасының Қызылорда қаласындағы айна шығаратын зауытқа да пайдасы тиер. Уақытымен бұл жобаны елдің басқа өңірлерінде қайталауға болады.

2) Тараз зауыты. Жыл сайын елімізде қайталанатын жағдай - жиналған астықты, бидай-арпаны таситын вагондар жетіспейді. Сонда Тараз қаласының түбінде осындай вагондарды құрастырып шығаратын зауыт ашсақ. Ол тек жүк вагонын шығарумен шектелмей, пассажир таситын вагондарды шығарса, метро вагондарын шығаруды қолға алса, Ресейдегі Уралвагонзавод сияқты армияға керекті танкілер мен заманауи қару-жарақ түрлерін өңдірісімен айналысса. Керек болса экономикамызға қажет ветрогенератор шығаруды да қолға алса болады. Өмір бойы осындай тауарларды шетелден тасып жүрмей, өзімізде шығаруға талпыну керек. Бұл жобада да 10-15 мың адам жұмыс істеп, жұмыссыздық азаяды. Уақытымен техникалық мамандардың дәрежесі өскесін бұдан да күрделі өңдірістерді сол зауыттың негізінде ашуға болады деген сенімім бар. Бұл жобаға да Ұлттық қордан қаражат бөліну керек.

3) Алматыдағы метро құрылысының жағдайы. Басталғалы қанша жыл өткенмен тапсырылған 5-6 станция ғана. Кейде ойлап қоямын - қолмен, күрекпен қазып отыр ма екен? Мұндай жылдамдықпен осы ғасырдың аяғына дейін көп болса 15-20 станция тапсыратын шығар. Иә, білемін, көш жүре түзеледі, бірақ өмір қысқа, қарапайым жұрттың метроны кеңінен пайдаланғысы келеді. Мысалғы аэропортқа жылдам жету үшін. Сондықтан да Алматыдағы метро құрылысына барынша қолдау беріп шапшаңдату керек. Керек болса "проходческий щит" деген қондырғыны алып келіп қосу керек, немесе бірнеше жерден бастап қазу керек, т.б. Метро жүйесіне қосымша Алматының қасындағы Талғар, Қапшағай, Қаскелен, Боралдай деген елді-мекендерге электричка жүйесін салып қосу керек. Жолаушыларды жарты сағаттын ішінде Алматыға жетіп қалатындай қылып. Осының барлығы Алматының дамыған заманауи мегаполистердің қатарына кіруіне көмек береді.

Дамыған оңтүстік жақ бүкіл елдің экономикасын күшейтіп, пайдалы қазбаларға негізделген түрінен шағын бизнеспен өндіріске сүйенетін экономика түріне көшуге мүмкіншілік беретін болар.
FaLang translation system by Faboba