"Бәйдібек Баба - Алып Бәйтерек" - Шымыр руының шежіресі (кітаптың электрондық нұсқасы). 27.10.2020 мақала жаңартылды

2007 жылы "Өнер" баспасында "Бәйдібек Баба - Алып Бәйтерек" сериясының жалғасы болып Дулат Шымырдың шежіресі кітап түрінде жарық көрді.
Кітап көлемді еңбектін нәтижесі екенін сөзсіз мойындаймын, автор тобында 12 адам, шежірені жинаған адам саны 80-нен асады, біразі елге танымал тұлғалар. Оларға көп рахмет! Дегенмен кіріспесінде бірқатар нәрселер маған негізсіз аңыздар болып көрінеді. Тарихты солай бұрмалауды қояик, ағайын! Мысалы шежірені білдіріп тұрған ағаштың суретінде біреулердін араб есімдерін жазып бердіңіз. Олар Дулаттан тараған болса - қазіргі ұрпағы қайда, Дулаттың қай ұлынан тараған? Т.б. сондай сияқты сұрақ туындайды.
Кітаптің электрондық нұсқасының интернеттегі сілтемесі/ссылкасы төменде:

http://kazneb.kz/bookView/view/?brId=1591920&lang=kk

Бұл электронды кітап ұялы телефонда дұрыс ашылмау мүмкін. Жоғарғы оң бұрышында нумерация бар - онын ішіне керек беттің санын енгізсеңіз - сол параққа тез арада жетуге болады. 621 санын енгізсеңіз (кітаптің астынғы жағындағы өз нумерация бойынша 619 бет) - мені және менің 8 атамды көресіңіз

Авторлар жазғандай кітаптағы шежіреде қате жерлер/кемшіліктер бар. Мысалғы біздің әулеттің біразы бұл шежіреде көрінбейді.

P.S.
17.08.2020. Құдай қаласа болашақта осы шежірені қайта қарайтын топ жиналса - бұл шаруамен айналысатын ойым бар (әрине бұл 1-2 жылдың ішінде тамам болатын шаруа емес), жаңа шежіреде соңғы буын ұрпақтың туған/өлген жылдары сияқты қосымша мәліметті қосуға болады. Бір байқағаным, шамамен 10 жыл сайын электрондық программалардың форматы өзгергесін, кейде ескі форматтағы электрондық файл ашылмай қалады. Осыны ескере отырып, шежірені сенімді түрде - кітап болып шығуы дұрыс-ау деймін. Әзірше аталмыш сайттағы шежіренің скан-копияны қолдануға/қарауға ыңғайлы болмағасын - оны жұмысқа жарамды электрондық нұсқасын дайындаумен шұғылданып жүрмін.

27.10.2020. Kazneb сайтындағы шежіре скан копиясы қарауға ыңғайсыз болғасын, оны енді "зависать" етпейтін және де ары-бері қарауға қолайлы скриншот түрінде дайындап қойдым (мәтіннің шрифтын үлкейтіп; скриншоттың мысалы мақаланың астынғы жағында). Шрифтты үлкейткесін кітап парақтарының көбісі бір скриншотқа симай қалып, кейде парақты екіге, үшке бөліп түсіргенім бар. Сонымен қатар, алғысөзбенен кітаптың аяқ жағындағы Шымырдың көрнекті тұлғалары тарауын т.б. скриншотын жүктемеймін - ол деректі тікелей kazneb сайтында ссылка арқылы оқи аласыңыз. Файл zip-папка түрінде, оны жүктеп алғасын компьютердің Рабочий Столында папка создавать етіп, сол папкіге распаковка істегеңініз дұрыс.

Шынқожа руының шежіресі (207 МБ, 04/06-ға шейін, ссылка ашылу үшін 30 секундтей күту керек):

https://mega.dp.ua/ru/TmY3X48WU

Бекболат руының шежіресі (215 МБ, ссылка төменде):

https://my-files.su/b1ucoc

Темір руының шежіресі төмендегі ссылка бойынша (67 МБ)

https://mega.dp.ua/ru/4UWAavL









FaLang translation system by Faboba