Домалақ Ананың жатқан жерін туристік нысанға айналдырмау керек

Мәскеуде жылдап Лениннің мавзолейіне әркімдер қызық үшін келе береді. Өз басым әлі барғаным жоқ бірақ ютубтан қарасам ардақты Анамыздың кесенесіне дәл солай сандалып жүргендер көптеп келуде. Солардың қатарында ой-санасы толық жетілмеген жасөспірімдер, басқа ұлттардың өкілдері, Ақмешіт үңгіріне жол бойымен автокөлікпен келіп кететін туристтер, т.б. Төменде мысал ретінде 2-3 видеоны салып қойдым. Сонда бір сұрақ ойымды мазалайды: "әй, айналайындар, облыста басқа баратын жерлер құрып қалды ма сендерге?".

"Хабар24" каналының Домалақ Ана кесенесі туралы видеосының астында бір ай бұрын жазылған бір комментарийды көрдім: "Кесене өте лас. Шыракшы жок". Енді кесененің ішінде топырлап әркім жүре берсе әрине іші тез ластанбай қайтеді.

Домалақ Ананың немерелері Албан, Суан, Дулаттан тараған 2 миллионнан астам ұрпақ қазір өмір сүріп жатыр. Дүниенің басқа ешбір елінде осыншама ұрпақ қалдырған тұлғанын жатқан жері сақталған жоқ! Көпшілікке байқалмайтын осы ерекшелікті есімізде сақтайық, ағайын. Кесене сыртына облыстық бюджетінен тұрақты күзет ұйымдастырып жөнсіз жүрген жұртқа кесенің ішіне кіруге шектеу кою керек. Бұл жерге туристік емес стратегиялық маңызы бар нысан ретінде қарау керек. Келеңсіз бір оқиға болып қалса ел шаңырағының шайқалып қалу қауіпі бар.





FaLang translation system by Faboba