Жазғыштар, тарихты бұрмалап қайтесіндер?

Wikipedia.org сайтының қазақша нұсқасында, төмендегі сілтеме бойынша Жаныс руы жайлы мақаланы оқып шығып, сонда жазылған қисыны жоқ бір нәрсеге таң қалдым:

https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%96%D0%B0%D0%BD%D1%8B%D1%81

"..... Дулат (723-816 ж) бабамыз қартайған шағында аян түс көріпті. Ертесіне төрт баласын шақырып алып былай деп өсиет айтыпты: - "Төртеуің де дәулетті, ырысты болады екенсіңдер. Ұрпақтарыңның өрісі кең болады екен. Ұрпақтарың мына жағы Құлжадан бастап Алатаудың етегінен ары қарай сонау Қазығұрттың етегі мына жағы Қаратаудың етегіне дейінгі кең жерді жайлайды екен. Менің әруағым ырза болсын десеңдер маған демеу болған мына өзі батыр, текті Шапыраштыдан еш уақытта іргелеріңді ажыратпай бірге болыңдар. Шапырашты мен Дулаттың ынтымағы мықты болса сендерді ешқандай сырттан жау алмайды."

Сол мақаланың скриншотын да төменде қалдырармын.

Сонда Дулат бабамыз өзінің жақын бауырлары Албан мен Суанды шетке қоя тұрып, ұлдарына тек Шапыраштымен бірге болындар деп тұрғаны қалай? Шапырашты руына қарсы ештенем жоқ бірақ Дулаттың тарихына келгенде негізсіз/жалған деректі келтіріп көпшілікті адастырмандар!

FaLang translation system by Faboba