Әлібекұлы Төле бидің 360-жылдығы. Ташкент 04/06/2023. Кесененің 19ғ сүреті мен өткен ғасырда 2 рет жойылу қауіпі жайлы

Жуырда Шымкентте тұратын Төле бидің бір ұрпағы әрі менің экс-әріптесім хабарласты. Төкенің жатқан жері баршаңызға белгілі - бұрыңғы өзі билеген Ташкент қаласында болғасын, Төле би ауданындағы ұрпағы сол жерде жақында жиналып, зиярат етіп ас бермекші. Бәрекелді деп, бұл шараға баруға шештім. Сонымен 04 маусым 2023 Ташкентке қарай жол тарттым.

Черняевка шекарасынан бір топ делегацияға қосылып тез өттік те өзбек жағында күтіп түрған автобустардың біреуіне мініп алып бұрынғы әріптесімді кездестіріп әңгімелесіп Ташкентке жеттік. Ол үшін ұйымдастыруші ағаларымызға алғысымды білдіремін. Ташкентте Төле би кесенесі орналасқан кварталдын жолдарын полициясы көліктерімен жауып қойғасын бірнеше рет сол кварталды 2 автобус болып айналып жүрдік. Ақырында рұқсатын беріп кесенеге жақындап түстік.

Соңғы рет Төле бидің кесенесіне 2018де келгенмін, сол уақыттан бері шырақшысы әлі сол өзбек кісі. Амандастық. Жиынға келушілерді алдымен Төкенің жанындағы шейх Хованди кесенесіне жіберіп тұр. Жалпы бір жерде оқығаным бар, Төле бидің тоқалы осы шейхтың ұрпағы болғасын би дүниеден өткеннен кейін шейх кесенесінің төңірегіне жерлеуге себепші болды.

Би кесенесінің есігі жанында ақ матамен жабылған тасқа қашалған жазуды көрдім. Ол бидің екі тілде аты мен өмір сүрген нақты жылдары (айтпақшы қарама қарсы бұрын орнатылған латынша Калдыргоч би, 15 ғасыр деген табличка сол орында қалды). Кейіннен оны ашылу салтанатында естігенім бойынша, осындай жаңа табличканы іліп орнату екі ел арасында сыртқы істер министрлігі деңгейінде жүргізілген бір іс екен. Бірақ бұл керек бір жазу деп ойлаймын. Өз ата-тегін, тарихын ұмытпаған ұрпақтың белгісі ғой. Ташкенттегі сол кешенде неше жылдан соң нақты дерек жазылған табличканың ашылуы қуантатын бір жаңалық болды.

Шара кесене ішінде құран бағыштаудан басталды. Үзінді видеоларымды төменге салып қоямын:





Жиынға келушілер ағылып келе жатқасын, жиын әзірше басталмайды-ау деп әріптесіммен кварталды айналып көріп келейік деп көшеге шықтық. Кесене аумағына қайтып келсек, алдында бір топ адам жиналып тарихи деректерді тындап тұр екен (видеосы төменде). Негізі мұндай жағдайда мегафон я микрофон қолданған жөн сияқты өйткені далада артқы жақтағыларға дым естілмейді екен. КЗ елшілігіне бұл орайда айтарым - қазақтың елдігін сақтап қалған 3-ақ биіміз бар, заманында өз ұлын қалмақтын ордасына аманат (қазіргі тілмен айтқанда - заложник) жиберген Төкенің 360-жылдығына тиісті демеу беріп я қолдау көрсеткендерінде жөн болар еді. Осындай жиындар жыл сайын бола бермейді, айналайындар! Сол Ислам академиясының актовый залын жалға алып микрофонмен әңгіме/конференцияны отырып өткізгендерінде нұр үстінде нұр болар еді. Астың да өткен жерін қараңыздар, бір ғимараттың айналасында топ екі қанатқа бөлініп отырды. Сонда Ташкентте Ұлы тұлғанын әруағына ас беретіндей тойхана табылмады ма? Мен бұл сауалды қайтадан мемлекетіміздің шенеуніктеріне жолдап отырмын, Төкенің ұрпағына емес, олар молодес, қолдарынан келгенше бәрін ұйымдастырды, өркендерін өссің деген жалғыз-ақ тілегім бар оларға.



Ас кешен қасындағы Ислам Университеті аумағының бір шетінде өткізілді.



Төле бидің ұрпағы - ақсақал батасын беріп асты бастап берді де астың аяғында да батасын аяған жоқ. Алғашқысын видеоға жазып алуға үлгермесем де соңғы батасынан үзіндіні салып қоямын:



Тағы да ас кезінде түсірген видеоларым:







Айтпақшы, аста шай жеткіліксіз болды, жұрт бір жағынан күннің ыстығынан, екінші жағынан ас жегесің шөлдеп отырды. Өзбек официанттар шәйнек ұстап алып, әне-міне тағы алып келеміз деп шайымен жоғалып кетті, үстелдің үстінде де кішкентай сусындар бір-екі құйғасын таусылды. Баклажка су сатып алайын десен, айналада жақын жерде бір магазин жоқ. Астан шығып шекараға жеткен Төленің ұрпағы шекарадағы өзбектің квас сататын бочкасына жабысты :) Әрине, мен ол жаққа тек тамақ жеп қайту үшін келгенім жоқ дегенмен болашақта ас ұйымдастыратын азаматтарымызға айтарым, көпшілік жиналғасын титан алып келіп пайдаланғаныңыз жөн болар.

Ас аяқталғасын жиналған жұрттың бір бөлігі ары қарай Самарқанға саяхаттап баруға шешті, мен үйіме қайтамын деп сыртта тұрған екі автобустың біреуіне міндім. Ол автобустын өзбек жүргізушісі жүрген бір комедия, автобус лық толы (перегруз) болғасын салонда тұрып келе жатқан жолаушылардан ақшасын жинап алды. Елшілігімізге бұл орайда тағы да айтарым, Төкенің келесі мерейтойында ең болмаса жеткілікті түрде автобусты ұйымдастырсандаршы, елдің даңқы мен абыройы осындай майда нәрселерден құралады ғой.

Тағы айта кететін бір нәрсе бар. Жиында 3-4 дана кітап әкелініп жүртқа көрсетілді. Төле би ұрпақтарының дайындап жазған бір кітабы болса керек. Кітаптын атын да нақты автордын кім екенін де шындық керек - аңғармадым. Жалпы түсінгенім бұл кітап әлі баспадан көлемді түрде шықпаған сияқты. Негізі осындай шараға келген қонақтарға бұл кітап ертерек дайындалып таратылғанда - керемет болар еді. Мен тіпті ол кітапты сол жерден өзіме сатып алар едім. Ал енді бұл кітаптың қайда/қашан шығатыны - маған құпия бір нәрсе болып қалғандай.

P.S. Төле би жатқан мазары жайлы тағы айтсақ, өткен ғасырда оған екі рет қауіп төніп тұрды:
1) Большевиктермен келген "союз воинствующих безбожников" деп аталатын ұйым төңіректе бірнеше медресе, мазар, мешіт, т.с.с. ғимаратты жойып құртты.
2) 1966 ж Ташкенттегі жер дүмпуы қаладағы біраз үй-нысандарды қиратты. Төкенің кесенесі де зақымдалып, "снос"-қа кетуге сәл-ақ қалды.
Ол жайлы төмендегідей дерек бар:



1800 жылдардың аяғында кесененің сүретін де төменге қоямын:



Құдай қаласа, жоңғар шапқыншылығы заманында қазақтың рухани көсемі - Төле бидің келесі мерейтойына тағы да барып қаламыз. Аман-сау болыңыздар!
FaLang translation system by Faboba