Шымкент саябағына Асанбай Асқаровтың есімі берілді. Шерхан Мұртазаны да ұмытпайық, ағайын!

2019 маусым айының басында Шымкент қаласының саябағына (дендропарк) оның негізін қалаушысы Асанбай Асқаровтың (Дулат-Ботбай руынан) есімі ресми түрде берілді. Бұл тақырып бойынша жергілікті БАҚта арнайы мақала шықты ( https://otyrar.kz/2019/06/shymkentskij-dendropark-nazvan-imenem-asanbaya-askarova/ ). Асанбай Асқаров ағамыз Меркі жерінде туылып, кейіннен Шымкент қаласының дамуына зор үлесін қосқан. Қосымша мәлімет үшін Википедия сайтында арнайы мақаланы оқыңыз. Арада бірнеше жыл өткесін Шымкенттегі еңбегі үшін сыналып (300 мың тұрғыны бар қалада зоопарк, саябақ, балаларға арналған темір-жолды, т.б. салу не керегі бар дегендей), сол кездегі Орталықтан қысым басталып, ары қарай Шымкентте жұмыс істеткізбеді.
Жеке өзім жоғарыда аталған жаңалықты естігенде қуандым, бұл шешіммен 100% келісемін. Қайта бұл мәселені ертерек қолға алу керек еді.

Ал енді атақты жазушы, шындықтың шырақшысы, халықтың мүддесі үшін аянбай еңбек еткен марқұм Шерхан Мұртазаға (Дулат-Шымыр ұрпағы) құрмет көрсету кезегі келіп тұр. Бұл тұлғаның жазушы есебінде қалдырған еңбегін көпшілік менсіз де біле береді. Айта кеткенім дұрыс болар, Тұрар Рысқұловтың өміріне байланысы бар "Қызыл жебе" атты романында Шымыр-Бекболаттаң тарайтын Шілмембет, Сәлік (менің 11-ші атам), Алсай т.б. Шымырдың ұрпақтарының есімдерін көрсеткен, бұл кітап үшін де кезінде жоғарыдан қысым көрген. Бірақ ең маңызды бұл емес.

Совет Одағы ыдырағаннан кейін Шерхан Мұртаза шетте қалмай қоғамдық өмірге белсене араласты. Елдің жағдайына байланысты өзекті мәселелрді көтерді. Кейбір мысалдар төмендегі видеоларда. Қазіргі кезде осылай ашық түрде өз пікірін айтып жүрген қоғамдық қайраткерлер саусақпен санарлықтай. Осының барлығын ескере отырып, Шымкент қаласынан бастап, Тараз, Алматы, мемлекетіміздің астанасында көше мен мектептерге Шерхан ағамыздың есімі берілсе екен.







FaLang translation system by Faboba