Қазақ күресінен жасөспірімдер арасында қолбасшы Қойгелді атындағы республикалық турнир. Қаратау қаласы, 29-30 сәуір 2023
Бұл мақала XVIII ғасырда Төле биден кейін Ұлы жүзде 2-ші адам болып саналған Қойгелді батыр және де оның мұрасы тұралы болмақ. Сайтымда Қойгелді батырдың ерлігі туралы кейбір деректі жазғаным бар бірақ толығырақ мәліметті алып жинауға мүмкіншілік болмады. Интернеттен жұрт білетін нәрселерді де қайталап жазуды қаламадым. Сөйтіп жүріп өткенде күтпеген жерде Қойгелді Сартұлының бір ұрпағымен таныстым. Шамгон Нәмелбекұлы ағамыз Қойгелді ұрпақтарынын биі әрі төменде баяндалатын іс-шараның ұйымдастырушісі екен.
Сонымен 2023 ж сәуір айының 29-30да киелі Қаратаудың төрінде жасөспірімдер арасында қазақ күресінен турнир орын алды. Турнир республикалық деңгейде болғасын оған еліміздің бірқатар облысынан спортшылар келді. Қаратау қаласының спорт залы адамға лық толды. Залдың сырттай сұретін салып қояин:
Залға кіргенімде іріктеу белдесулер өтіп жатты. Турнирдың тамаша баннері көзіме бірден түсті:
Бастапқы белдесудің кейбір сәттері төмендегі видеоларымда:
Іріктеу кезеңі аяқталғасын турнирдің ресми ашылуы басталды.
Турнирді Талас ауданының әкімі - Нұрбол Әбдімажитұлы ашып, еліміздің ән ұраны қойылды. Одан кейін сөз кезегі Кемелбеков Шамгон Нәмелбекұлына келді. Бір өкініштісі, залдағы шу мен жаңғырықтан видеомда айтылған нәрселер кейде аңық естілмейді. Шакеден кейін микрофон Қойгелді батырдың тағы басқа бір ұрпағына берілді, ол медицина саласының академигі - Әбілдаев Тлеухан Шілдебайұлы. Такенің бір сөзі бойынша, ҚСРО заманында Қойгелді батыр ұнамсыз тарихи тұлға статусын алғасын көпшілікке белгісіз болып қала берді. Құдайға шүкір, қолбасшы Қойгелдінің аты қайта жаңғырып, оның атындағы спорт сайыс енді республикалық деңгейде өткізілуде.
Сол 29-ші сәуір күні (түсте) батырға арнап Қаратаудың Әбдірашит Ата мешітінде ас берілді. Асқа жиналған батырдың ұрпақтары өз аталарынан бабасы жайлы естіген сөз/естеліктермен бөлісіп ой-пікірлерін де білдірді. Жалпы бұл деректерді болашақта бөлек бір кітапқа топтастырып шығарғанда жақсы болар еді. Құдай қаласа, осы сайтта да жазуға кезегі келер.
Турнир жалғаса берді. Кейбір салмақ категориясы бойынша жүлделі орындарға кездесулер өтіп, сол 29-ші сәуір түстен кейін жеңімпаздар аңықталып- оларды марапаттау салтанаты өткізілді.
Турнирдің медальдары туралы да айта кеткеніміз жөн, арнайы дизайнмен дайындалып жасалған. Тіпті таспасында да турнир жайлы мәлімет берілген. Бұл мұқият ойластырылып әрі сапалы түрде істелген нәрселердің белгісі.
Ұлттық спорт түрін қолдайтын, жасөспірімдерді елдің тарихымен таныстыратын әрі даңқты Қойгелді батырдың мұрасын жалғастыратын бұр турнирге тек қана дәстүрлі турнир болып қалуды тіле отыра оқырмандарыма аманшылық тілеймін. Көріскенше!