Шымыр бабамызға зиярат. Ташкентте 13.05.2023 Сәмбет руының берген асы
Мақалам жақында Ташкент қаласында Шымыр бабамыздың әруағына Бекболат ұлынан тараған Сәмбет ұрпағының берген асы жайлы болмақ. Биылғы ас мамыр айының 13 күні өткізілді. Өз басым Ташкентке жанұямен бір күн ертерек келіп, бұл шараға қатысып қайттым. Әдеттегідей ас өткізетін ру өкілдері бір ай алдынала кесенеге келіп, жөндеуді қажет ететін жақтарды белгілеп, жұмысшыларды ұйымдастырып кесене айналасын ретке келтіреді. Кесене (зират) шырақшысына бір жылдық айлығын беріп бабамыздың жатқан жеріне көз салып жүруды тапсырады. Ұрпақтың бір парызы міне осындай. Бауырларымызға айтатыным, жалпы Дулатұлы Шымырдан тараған қазіргі таңда 20-дан аса ру бар, асты жыл сайын кезекпен өткізгеннін өзінде де бір руға келесі кезек он шақты жылдан соң ғана келетінін есте сақтаған дұрыс.
Ас болатын күні жұрт бабамыздың кесенесі маңына жиналып, бабамызға бағыштап құран оқып, зиярат етіп шықты. Зираттың қасындағы парковка алаңында тұрған 4-5 қариямен сөйлесіп едім, олар Ташкентте тұратын Бестеректер екен, сол қалада жетпіс-сексен үйдей бармыз дейді. Ұлы бабамыздың ұрпағы шыңымен де "от Ташкента до Жаркента" деген аумақта баршылық :)
Бұл жерге бірер видео мен сүреттерді салып қояйын.
Кесене ішіне ағылған жұрт әрине бірден бәрі сыймай кезекпен кіріп-шығып жатты.
P.S. мақала әлі біткен жоқ