Корғанысқа дайындығымыз немесе екінші Ақтабан Шұбырындыны болдырмау

2022 ж сәуір айында жақында тағайындалған қорғаныс министріміздің бір мәлімдемесіне көзім түсті (төменде сілтеме мен экран сүретін саламын). Сонда айтып отырғаны, бәрі керемет, дайындығымыз мықты және тағы соған ұқсас ой-пікір. Осындай әңгімеден кейін еріксіз жағаны ұстап кетесін ғой. Мемлекетіміздің әр саласында мәселе толып жатқанда қорғаныс саласы керім екен ))) Бұндай шенеуніктерді талай көргеніміз бар, басшылыққа нереальный отчетын көрсетіп қараны ақ деуге дайын, бұларға қой дейтін қоғамдық қайраткерлер де табылмайды әттен.

https://informburo.kz/novosti/smozet-li-armiya-kazaxstana-zashhitit-stranu-v-slucae-voennoi-ugrozy



Жақсы, шенеуніктер қашан да аспаннан түскендей болып жүреді ғой, біздер бұл тұрғыда қолымыздан әзірше келетін көмек - ақылымызбен бөліселік.

1) Еліміздің үш тарапында көршілер - халық саны жағынан бізден озған мемлекеттер. Халықаралық қатынаста не болып жатқанын өздерін көріп отырсыздар, күші басым ел көрші елге бұрынғы келісімшарттарға қарамастан әр-түрлі сылтаумен басып кірді. Жерімізді сақтап қалу үшін, табанды қарсылық көрсету үшін бізде алдымен жеткілікті сарбаз болу керек. Қазір не бары 19 млн халқымыз бар. Оның тек 11-12 миллионы қазақтар, бұлардың жартысы әйел, сонда еркек қазақ саны 6 миллиондай. Ол алты миллион еркектің бәрі қолға қару алып соғыса алмайды - бала бар, қарттар бар, науқасы бар дегендей. Сонда елдің қорғанысына жұмылдыра алатын 2-3 миллион адам резервымыз бар. Өзге ұлттарды неге қоспадын десеңіз - олардың жеріміз үшін соғысатына күмәнім бар. Украинаның 5-6 млн адамы соғыс басталғалы елден безіп кеткен.
Демек қазақтың санын қалай да тез арада көбейтуымыз керек. Еліміздегі кейбір өзге ұлт қилы заман басталғанда көрші елге жақтасып кетпеуіне кім кепіл? Мысалдар жетеді, Украинада іштен шыққан сатқындар жағдайды ұшықтырып жіберді, Ауған еліне қараңыз - уақытымен көбейген ірі этностар пуштундарға дес бермей жүр. Бізге бұнын қажеті жоқ, сондықтан да қазақ халкының санын көбейтеміз десек - бұл шараның негізгі адресатына жетуды қамтамасыз ету керек. Керек болса тіпті рулық комиссияларды құрып мемлекеттен адресный көмек беру арқылы.

2) Ірі оқ-дәрі қоймалардың орнына шағын қоймаларды ұйымдастырып бастау керек. Украинада көргеніміз бар - жалғыз бір ракета ұшып келіп ірі қойманы лезде жоқ қылып тастайды. Бұл қоймалардың біразін көпшіліктің жүрмейтін шалғай жерге орналастырған жөн, керек болса жер асты қылып салып я таудын ішінде қазып салып.

3) Елдің қорғанысына қажетті отандық оқ-дәрі мен қару-жарақтың өңдірісін бастау. Қарағанды жақта патрон шығаратын цех ашылғанын білеміз, осындай патрон шығаратын цехтарды неге еліміздің басқа аймағында ашпаймыз? Соғыс тек патронмен бітпейді, зеңбірек-танкілерге снаряд шығаруды ойластырып керек болса технологиясын сатып алып - іске көшу керек. Соғыста бұл снарядтың күніге біразы пайдаланып, керек кезде табылмай қалу мүмкін. Украин елі жүр шетелден снаряд сұрап. Одан бөлек автомат, миномет керек, миномет миналары керек, пехота-танкіге қарсы миналар керек, АГС, ствол асты гранатомет, қарапайым граната, жарылғыш заттар, заманауи киім, каска мен бронежилет өңдірісі керек! Алдынғы шепте жүретін әскеріміздің әр-қайсысына жеке аптечка, біразына портативті рациялар да керек - сонда дер кезінде 100 000 данасы табылады ма елімізде?

Украин елі "Стугна-П" деген танкіге қарсы өзінің ПТРКны шығарып қолданып жүр; оған қоса үлкен телевизорлар мен компьютер программаларын жалғап ПТРК симуляторын жасап сарбаздарын үйретіп жүр. Бұл орайда айтарым - 2013ж Маңғыстау облысында Оймаша полигонында бір айға әскери жиынға бардық. Сонда бір жаттығу есімде - кішкентай шұңқырға жатасын да үстінен танкты өткізеді, кейін турып өтіп кеткен танктың башнясының артына құм толтырылған 1Л баклажка тастайсын ))) Сол тәсілді армиямызда әлі үйретіп жүрген біреулер болса - оған таң қалмаймын.

4) Қазіргі майданда ұшатын беспилотниктің пайдасы зор. Түркия елімен бірлесіп беспилотник шығаратын мекеме ашылуын құптаймыз. Жалпы аспанда ұшатын "көздің" пайдасын мына 1 мысалмен түсінуге болады, бұл жерде украин әскері жаудың тобын қолға түсіреді:



5) Ауыр қару-жарақ. Оған зеңбірек, гаубица, САУ, РЗСО (Град, Ураган, Химарс, т.с.с. жатады). Шетелден заманауи түрлерін әкеліп, тексеріп, жаудың қолы-ракетасы жетпейтін қоймаларға консервацияға қойып сақтау керек (жер асты қоймаларда, тау ішінде қазылған қоймаларда сияқты). Украинадағы соғыс көрсеткендей - сарбаздардың шығыны көбінесе осы ауыр қарудың үлесінде. Мына бір мысалда жаудың тобын алыстан атып көзін жойды:



6) Бізде майданның үстімен ұшып жағдайды онлайн көрсететін спутник жоқ. Сондықтан квадрокоптер я беспилотникпен арт корректировка (яғни ауыр қару-жараққа нысананы айқындап/бағыттап дәлдеп беру) жасай алатын мамандарды даярлауға кірісу керек. Онсыз далада қайда атқанын білмей отырасындар.

7) Жаудың әуе күштеріне қарсы портативті (яғни жаяу сарбаз көтеріп алып жүретін) жеткілікті ПЗРК (стингер, игла, т.с.с) керек. Елімізде орнатылған орыстың бірнеше ПВО кешеніне қарап қалмандар, соғыстың жағдайында бұлар бірнеше күнде істен шығып кетеді. Сосын жаудың беспилотнигін ПВОның ракетасымен түсіру - зеңбіректен торғайды атқанға ұқсайды.

8) Танк, БПМ, БТР, брондалған автокөліктерге қарсы жаяу сарбаз таси алатын заманауи қару жеткілікті мөлшерде қоймаларымызда дайын болып тұру керек. Ескі РПГ-ны айтып тұрғанымыз жоқ, шетелдің Spike, Javelin, NLAW, т.с.с.

9) Қалаларымызда аспаннан келіп түсетін зымыран-снарядтан біраз халықтың жасырынатын жер асты уақытша баспана (бомбоубежище) мүмкіндігімізше салып дайындау қажет. Бос жер жоқ десеңіз, қалалардың орталық көшелерінің астында сондай бомбоубежище салуға болады. Шымкентке сол үшін жер асты метро салындар деп шырылдап жүрміз )))

P.S. мақала әлі біткен жоқ
FaLang translation system by Faboba