Корғанысқа дайындығымыз немесе екінші Ақтабан Шұбырындыны болдырмау
2022 ж сәуір айында жақында тағайындалған қорғаныс министріміздің бір мәлімдемесіне көзім түсті (төменде сілтеме мен экран сүретін саламын). Сонда айтып отырғаны, бәрі керемет, дайындығымыз мықты және тағы соған ұқсас ой-пікір. Осындай әңгімеден кейін еріксіз жағаны ұстап кетесін ғой. Мемлекетіміздің әр саласында мәселе толып жатқанда қорғаныс саласы керім екен ))) Бұндай шенеуніктерді талай көргеніміз бар, басшылыққа нереальный отчетын көрсетіп қараны ақ деуге дайын, бұларға қой дейтін қоғамдық қайраткерлер де табылмайды әттен.
https://informburo.kz/novosti/smozet-li-armiya-kazaxstana-zashhitit-stranu-v-slucae-voennoi-ugrozy
Жақсы, шенеуніктер қашан да аспаннан түскендей болып жүреді ғой, біздер бұл тұрғыда қолымыздан әзірше келетін көмек - ақылымызбен бөліселік.
1) Еліміздің үш тарапында көршілер - халық саны жағынан бізден озған мемлекеттер. Халықаралық қатынаста не болып жатқанын өздерін көріп отырсыздар, күші басым ел көрші елге бұрынғы келісімшарттарға қарамастан әр-түрлі сылтаумен басып кірді. Жерімізді сақтап қалу үшін, табанды қарсылық көрсету үшін бізде алдымен жеткілікті сарбаз болу керек. Қазір не бары 19 млн халқымыз бар. Оның тек 11-12 миллионы қазақтар, бұлардың жартысы әйел, сонда еркек қазақ саны 6 миллиондай. Ол алты миллион еркектің бәрі қолға қару алып соғыса алмайды - бала бар, қарттар бар, науқасы бар дегендей. Сонда елдің қорғанысына жұмылдыра алатын 2-3 миллион адам резервымыз бар. Өзге ұлттарды неге қоспадын десеңіз - олардың жеріміз үшін соғысатына күмәнім бар. Украинаның 5-6 млн адамы соғыс басталғалы елден безіп кеткен.
Демек қазақтың санын қалай да тез арада көбейтуымыз керек. Еліміздегі кейбір өзге ұлт қилы заман басталғанда көрші елге жақтасып кетпеуіне кім кепіл? Мысалдар жетеді, Украинада іштен шыққан сатқындар жағдайды ұшықтырып жіберді, Ауған еліне қараңыз - уақытымен көбейген ірі этностар пуштундарға дес бермей жүр. Бізге бұнын қажеті жоқ, сондықтан да қазақ халкының санын көбейтеміз десек - бұл шараның негізгі адресатына жетуды қамтамасыз ету керек. Керек болса тіпті рулық комиссияларды құрып мемлекеттен адресный көмек беру арқылы.
2) Ірі оқ-дәрі қоймалардың орнына шағын қоймаларды ұйымдастырып бастау керек. Украинада көргеніміз бар - жалғыз бір ракета ұшып келіп ірі қойманы лезде жоқ қылып тастайды. Бұл қоймалардың біразін көпшіліктің жүрмейтін шалғай жерге орналастырған жөн, керек болса жер асты қылып салып я таудын ішінде қазып салып.
3) Елдің қорғанысына қажетті отандық оқ-дәрі мен қару-жарақтың өңдірісін бастау. Қарағанды жақта патрон шығаратын цех ашылғанын білеміз, осындай патрон шығаратын цехтарды неге еліміздің басқа аймағында ашпаймыз? Соғыс тек патронмен бітпейді, зеңбірек-танкілерге снаряд шығаруды ойластырып керек болса технологиясын сатып алып - іске көшу керек. Соғыста бұл снарядтың күніге біразы пайдаланып, керек кезде табылмай қалу мүмкін. Украин елі жүр шетелден снаряд сұрап. Одан бөлек автомат, заманауи снайпер винтовка, миномет керек, миномет миналары керек, пехота-танкіге қарсы миналар керек, АГС, ствол асты гранатомет, қарапайым граната, жарылғыш заттар, заманауи киім, каска мен бронежилет өңдірісі керек! Алдынғы шепте жүретін әскеріміздің әр-қайсысына дұрыс жеке аптечка, ұйықтайтын қап (спальный мешок), біразына портативті рациялар да керек - сонда дер кезінде 100 000 данасы табылады ма елімізде?
Украин елі "Стугна-П" деген танкіге қарсы өзінің ПТРКны шығарып қолданып жүр; оған қоса үлкен телевизорлар мен компьютер программаларын жалғап ПТРК симуляторын жасап сарбаздарын үйретіп жүр. Бұл орайда айтарым - 2013ж Маңғыстау облысында Оймаша полигонында бір айға әскери жиынға бардық. Сонда бір жаттығу есімде - кішкентай шұңқырға жатасын да үстінен танкты өткізеді, кейін турып өтіп кеткен танктың башнясының артына құм толтырылған 1Л баклажка тастайсын ))) Сол тәсілді армиямызда әлі үйретіп жүрген біреулер болса - оған таң қалмаймын.
4) Қазіргі майданда ұшатын беспилотниктің пайдасы зор. Түркия елімен бірлесіп беспилотник шығаратын мекеме ашылуын құптаймыз. Жалпы аспанда ұшатын "көздің" пайдасын мына 1 мысалмен түсінуге болады, бұл жерде украин әскері жаудың тобын қолға түсіреді:
5) Ауыр қару-жарақ. Оған зеңбірек, гаубица, САУ, РСЗО (Град, Ураган, Химарс, т.с.с. жатады). Шетелден заманауи түрлерін әкеліп, тексеріп, жаудың қолы-ракетасы жетпейтін қоймаларға консервацияға қойып сақтау керек (жер асты қоймаларда, тау ішінде қазылған қоймаларда сияқты). Украинадағы соғыс көрсеткендей - сарбаздардың шығыны көбінесе осы ауыр қарудың үлесінде. Мына бір мысалда жаудың тобын алыстан атып көзін жойды:
6) Бізде майданның үстімен ұшып жағдайды онлайн көрсететін спутник жоқ. Сондықтан квадрокоптер я беспилотникпен арт корректировка (яғни ауыр қару-жараққа нысананы айқындап/бағыттап дәлдеп беру) жасай алатын мамандарды даярлауға кірісу керек. Онсыз далада қайда атқанын білмей отырасындар.
7) Жаудың әуе күштеріне қарсы портативті (яғни жаяу сарбаз көтеріп алып жүретін) жеткілікті ПЗРК (стингер, игла, т.с.с) керек. Елімізде орнатылған орыстың бірнеше ПВО кешеніне қарап қалмандар, соғыстың жағдайында бұлар бірнеше күнде істен шығып кетеді. Сосын жаудың беспилотнигін ПВОның ракетасымен түсіру - зеңбіректен торғайды атқанға ұқсайды.
8) Танк, БМП, БТР, брондалған автокөліктерге қарсы жаяу сарбаз таси алатын заманауи қару жеткілікті мөлшерде қоймаларымызда дайын болып тұру керек. Тек ескі РПГ-ны айтып тұрғанымыз жоқ, шетелдің Spike, Javelin, NLAW, т.с.с.
9) Қалаларымызда аспаннан келіп түсетін зымыран-снарядтан біраз халықтың жасырынатын жер асты уақытша баспана (бомбоубежище) мүмкіндігімізше салып дайындау қажет. Бос жер жоқ десеңіз, қалалардың орталық көшелерінің астында сондай бомбоубежище салуға болады. Шымкентке сол үшін жер асты метро салындар деп шырылдап жүрміз )))
10) Еліміз геология тұрғысынан көбінесе жазық дала. Жаудың құрлықтағы бөлімшелерінің шабуылын тежейтін табиғи барьер - өзен-батпақ-орманымыз аз. Потенциалды жаудың күштері бірнеше облысымызды дем арасында жаулап алмас үшін біз жақ жарылғыш миналарды сигнал түскеннен кейін шұғыл түрде көптеп орнатуға қабілетті болуы шарт. Иә, шабуылдаған жау бұл миналарды да алып тастайды - бірақ бұл қадам бізге адам шығынысыз сәл де болса қала манайындағы қорғанысты күшейтуге уақыт береді. Ол үшін керек жерлерде миналардың бөлек қоймаларын ұйымдастыру керек, түрлі миналардың өңдірісін бастау керек, миналарды орната алатың азаматтарымыздың санын көбейту керек, жігіт-қыздарымыз жаттығуда тек автоматты шашып-жинау бойынша емес, түрлі учебный миналарды да орнатып үйренсін дегендей.
11) Жазық даламызда сарбазымыз көктем-жаз айларында жаудың беспилотник, дрон, квадрокоптер, спутник арқылы бейнебақылауына түсіп қалмас үшін автокөлік жолдарының бойында, қалаларымыздың айналасында көптеп ағаш отырғызып бастаған жөн. Ағаш дегенде - дұрыс көлеңке беретін ағаштар, қылқан жапырақты шырша, т.с.с. емес.
12) Елді елең ете қоятын бір оқиға болса - билік я түрлі шенеуниктер тек бірнеше күннен кейін бұл оқиға жайлы қимылдап бастайды. Күнделікті өмірде мұндай жағдай қатты білінбейді, бірақ соғыстын уақытында бұл процесс жалғаса берсе - біраз жер мен әскерімізді жоғалтып аламыз! Шекара бойындағы облыстардың жауапты тұлғалары жау шапқыншылығының алғашқы сағаттарында Астананың ресми мәлімдемесін күтпей, қорғаныс бойынша дербес әрекет жасай алатын деңгейде болу керек. Соған бұларды үйретіп бастау керек!
13) Стройбат. Басқаша атауы "инжинерлік құрылым". Бұл нәрсені 90-шы жылдарда кейбір оптимизаторщиктер армиядан құртып таратты. Бейбіт заманда білінбейді ғой, тендер арқылы бір подрядчикті шақырып алып керекті нысанды салып береді. Ал құпиялы нысандарды осылай қарапайым мердігерлерге салғыза береміз бе? Олардың арасында қаншама тыңшы болатының тек құдай біледі. Сосын керек кезде саботаж жасайтыны қаншамасы бар - анау материалым жоқ, анау жетіспейді, т.с.с. Кейін тез арада окоп, блиндаж, қойманы, т.б. әскерилерге кім салып береді? Зақымдалған я қирап қалған көпірді, аэродромның полосасын кім шұғыл түрде қалпына келтіріп алады, азаматтық мердігер ме? Әзірден осыны ойланып бастауымыз керек. Стройбаттың тағы бір пайдасы, көп сарбазды құрылыс жұмысының дұрыс технологиясына үйретеді, өйткені армияның құрылыс стандарттары сонымен сапаға талабы қашан да жоғары деңгейде болады.
14) Жоғарыда айтып кеттім, халық саны жағынан біз қасымыздағы алпауыт елдерге тең емеспіз, армиямыз да осындай. Қытайдың тек десант құрылымында 2 миллиондай сарбаз бар. Қарапайым қаруланып шапқан жаумен текетіресте жеңіске шансымыз жоқтын қасы. Ядролы қаруды, химиялық қаруды игере алмаймыз, ол енді аңық нәрсе. Ал биологиялық қаруды неге зерттеп қарамасқа? Қайталап айтып кетеин, елімізді жау шапса - ол әр-түрлі қағаз/келісімшарттарға, халықаралық құқыққа қарамай келеді. Ия, шет елдері бізге азғантай бір көмегін берер бірақ ақырында қазақ халқы жаумен бірге-бір қалады. Украин еліндегі жағдай бүнын бір мысалы. Сол кезде "әттен-ай, уақытында неге дайындалмадық" деп келесі ұрпаққа проблемаларымызды қалдырып кетпейік ағайын!