Из произведений писателей
- Асықпаңыз құдаша алыс жолдан шаршап келдік емес пе? Ас-суымызды ішіп, жайланып алайық. Қағысып қалжыңдасатын уақыт әлі алда. Бірақ, осы жақында ғана бір түс көріппін. Соны айта отырайын, сіз жори отырыңыз.
Түсімде бір таразының басына сіз бен біз түскен екенбіз деймін. Содан қайта-қайта таразының мен жақ басы баса береді.
Тіпті болмаған соң таразышы тұрып:
...Аңырақайда тауы шағылған жоңғарлар қаша жүріп ұрыс салды. Шамал бастаған қалмақтың қолы Орта Бақай, Нарын деген жердегі Көкшекөлдің жағасына шоғырланды. Оларды өкшелей қуған Наурызбай батырдың қолы Айнакөл деген жерге тоқтап шатырын тігеді. Мұны білген Шамал ұрысты қалай жүргізетінін келісуге елшісін жібереді. Екі жақ та дәстүрлі жекпе-жекке келіседі. Қазақтар жағынан жекпе-жекке Шойбек, Сеңкібай, Дәулет Мәмбет, Қалмақтардан Қаңғыр (Ханхор) Мұқыр, Мандобор, Домбайыл шығады. Жоңғарлардың Мұқырдан басқасы жер жастанып, Мұқыр жеңіл жараланып жаны қалады.
Tay дейтін алып жүрек Ана туған
Мен таулықпын!
Таудан мен жаратылғам.
Киіктің сүтін еміп ержеткенмін
Әңгіме алдында аз сөз
Өткен адам болады көзден таса,
Өлді-өшті, оны ешкім ойламаса.
Ол кетсе де белгісі жоғалмайды,
Керектісін ескеріп, ұмытпаса.
Өткен іс – ойға күңгірт, көзге танық,
Көрмесе де білгенге бәрі қанық.
Мың жеті жүз жиырма екінші жыл
Қазақтың Сыр бойында жүргені анық.
Ішкі Россиядан бұлттай көшіп келе жатқан мұжық алдағыға көз салуды үйреніс қылмаған қазақ халқын да ойға қалдырды. Бұрынғыдай көшіп жүру керек пе, он бес десятинадан ер басына жер кестіріп қала болу керек пе? Мәселесі көптің көңілінде Һәм тілінде ойнай бастады. Қазақ халқынын келешектегі халын қайғырушы оқығандар Һәм ноғай туғандарымыздың білімділері газеттерде жазып, мүмкін қатар тезірек сұранып, жақсы жерге орнығып отыруды пайдалы көрді. Атақты қазақ адвокаты, 2-дума члені сұлтан Бақытжан мырза Қаратаев өзіне ерген ағайындарымен тиісті жерін кестіріп алып, қала болды. Басқа жерлерден де мұндай хабарлар естіледі. Қала боламын деушілерді үкімет те құшағын кең жайып қарсы алып тұр. Енді жұрттың қала болу жағына шығып мәслихаттасып сөз байласа, іс біткен болар еді, бірақ халықтың арасынан шыққан бағзы оқыған білімділерімізден қала болу пікіріне жан-тәнімен қарсы тұрушылар бар. Бұлардың бір кемшілігі – әлгі пікірлерін әуелгілер секілді пайдалы болса алып, залалы болса, қалдырарлықтай газет-журналға жазып, көптің сынына салмай тұр.
«Голод грозит юго-западной полосе Сибири…» - еще летом раздавались тревожные заявления степных скотоводов. «Жут келеде» (бедствие надвигается) испуганно твердят все время киргизы своему многочисленному большому и малому начальству.
Чтобы понять эту тревогу, надо знать те ужасные последствия, которыми грозит в Сибири каждый недород трав.