Новости

11.11.2024
Шымкент қаласында тарихи тұлғаларға қойылған кейбір ескерткіштер
2024 жаз бойы құрылыста монолитчик-арматурщик болып істеп, қазан айында Шотландияға қайтадан кеткесін, сайтқа қолым тиген жоқ :) Қыркүйек айында Шымкенттің кейбір ескерткіштерін аралап видеоға түсіргенмін. Ендеше бұларды ютубқа салып мақала жазармын.

26.05.2024
Шымыр баба 2024 ж
Құрметті оқырман, хал-жағдайыңыз қалай? Ташкент шахарында 18 мамыр күні бабамызға зияратым жайлы, Шымыр - Жаңабай ұрпағы берген ас туралы жазып баяндап берейін.

14.05.2024
Шымкент-Алматы автожолының қауіпсіздігі жайлы ойлансақ
Құрметті оқырман, хал-жағдайыңыз қалай, аманбысыз? Бүгінгі тақырыбым Шымкент-Алматы тасжолы туралы болмақ.
Мамыр айының басында бір себеппен Шымкенттен Алматыға өз көлігімен барып қайттым. Шымкенттің шығаберісінен бастап жолда ондаған камералар қойылған. Оған қоса трассада камера/радары орнатылған полиция көліктері де жеткілікті. Ол жаққа барғанымда бір штрафқа түстім, қайтарда да бір штраф алып үлгердім. Ендеше сіздермен бұл жолдың қауіпсіздігі жайлы ой-пікірлеріммен бөлісейін.

08.05.2024
Шымыр бабамыздың рухына арнап Ташкентте 18.05 ас беріледі
Ташкент қаласында 18.05.2024 күні болатын Дулат бауырларыма айтарым бар, реті келсе Шымыр бабамыздың кесенесіне келіп дұға-тілектерге қосылсаңыз - әруағы риза болар, көптен бері көрмеген жақын-таныстарыңыздан хал-жағдай сұрасып я бауырларыңызбен танысуға мүмкіншілік болады. Өзім бұл жиынға барып қайтсам - бөлек бір мақала дайындаймын. Сол жерде жүздескенше!
08.05.2024
Шымыр - Шілменбет руының шежіресі жарық көрді
Шымкентте Жаксылық Күзенбай есімді ағамыз бар. Жасы 80-ге таяп қалды. Былтыр бір көргенімде Шілменбеттердің шежіресін жинап дайындап жүрмін деп таң қалдырды. Бұл жасқа келгенде көпшіліктің ой-уайымы басқа жақта болады ғой. Сонда қуандым, осындай бейнеткеш ағаларымыз елде көбірек болса екен деп тілеп. Енді биыл көктемде Шотландиядан келіп ағамызды Алматыда бір жиында көріп фойеде отырып біраз әңгімелестік.

16.02.2024
Ботбай Өмірбекұлы Өтетілеу батырдың 300-жылдығы, Меркі ауданы
Былтыр сайтымда Ботбай Өмірбекұлы Өтетілеу батыр жайлы мақала жазған едім. Бидас баба ұрпағы жоңғармен шайқаста Сәмен батыр бастаған 2 мыңдық Ботбай жасағының туын жерге құлатпай ауыр жараланса да шайқастың шешуші сәтінде алған міндетін абыроймен орындады. Сақталған ту Меркінің мұражайына тапсырылып арнайы стенд ішінде орын алды. Міне енді сол Батыр бабамыздың құрметіне Бидас елі 17.02.2024 ас, көкпар берейін деп отыр. Өзім қазір Ұлы Британияның Шотландия өңірінде бірнеше ай бойы бір жұмыспен айналасып, елімізге 2024ж тек сәуір айында қайтатын болғасын, бұл басқосуға қатыса алмайтын боламын. Өзім бара алмасам да аталмыш ас жайлы Дулат ағайынға бір хабар айтуды жөн көрдім. Жиынды ұйымдастырып өткізетін бауырларымызға жоспарланған шараларды ойдағыдай өткізуді тілеймін. Батырдың әруағы риза болғай! Шақырудың сүреті мен видеосы төменде:

21.08.2023
Шымыр Садыбай батырдың 445-жылдығы мен Садыбайұлы Байтананың 420-жылдық асы. Жуалы ауданы 19/08/2023
2020 ж Алматының арғы жағында жатқан Шымыр Садыбай батыр мен Жаныс Қапал батырлардың басына зиярат етемін деп жолға шықтым. Алайда ол сапарда жоспарым іске аспай қалды, сайтымда да сол жайлы жазғаным бар. Жол бойы Ботбай Сәмен батырдың бейітін зиярат етіп, видеоға түсіріп қайттым. Уақыт өте Әулиеата аймағының Жуалы ауданына келіп Байтана руының өкілдерімен таныстым. Байтана аталмыш Садыбай батырдың жалғыз ұлы екен. Б. Момышұлы ауылының водхоз басшысынан Садыбай батыр кесенесі жайлы сұрағанымда, ол жаққа 2019ж барып кесенені жаңадан тұрғызған Байтана руының өкілі Мұхамеджан есімді ағамызға хабарласуды кеңес берді. Сөйтіп Макенмен таныстық.

09.06.2023
Әлібекұлы Төле бидің 360-жылдығы. Ташкент 04/06/2023. Кесененің 19ғ сүреті мен өткен ғасырда 2 рет жойылу қауіпі жайлы
Жуырда Шымкентте тұратын Төле бидің бір ұрпағы әрі менің экс-әріптесім хабарласты. Төкенің жатқан жері баршаңызға белгілі - бұрыңғы өзі билеген Ташкент қаласында болғасын, Төле би ауданындағы ұрпағы сол жерде жақында жиналып, зиярат етіп ас бермекші. Бәрекелді деп, бұл шараға баруға шештім. Сонымен 04 маусым 2023 Ташкентке қарай жол тарттым.

17.05.2023
Шымыр бабамызға зиярат. Ташкентте 13.05.2023 Сәмбет руының берген асы
Мақалам жақында Ташкент қаласында Шымыр бабамыздың әруағына Бекболат ұлынан тараған Сәмбет ұрпағының берген асы жайлы болмақ. Биылғы ас мамыр айының 13 күні өткізілді. Өз басым Ташкентке жанұямен бір күн ертерек келіп, бұл шараға қатысып қайттым. Әдеттегідей ас өткізетін ру өкілдері бір ай алдынала кесенеге келіп, жөндеуді қажет ететін жақтарды белгілеп, жұмысшыларды ұйымдастырып кесене айналасын ретке келтіреді. Кесене (зират) шырақшысына бір жылдық айлығын беріп бабамыздың жатқан жеріне көз салып жүруды тапсырады. Ұрпақтың бір парызы міне осындай. Бауырларымызға айтатыным, жалпы Дулатұлы Шымырдан тараған қазіргі таңда 20-дан аса ру бар, асты жыл сайын кезекпен өткізгеннін өзінде де бір руға келесі кезек он шақты жылдан соң ғана келетінін есте сақтаған дұрыс.
Ас болатын күні жұрт бабамыздың кесенесі маңына жиналып, бабамызға бағыштап құран оқып, зиярат етіп шықты. Зираттың қасындағы парковка алаңында тұрған 4-5 қариямен сөйлесіп едім, олар Ташкентте тұратын Бестеректер екен, сол қалада жетпіс-сексен үйдей бармыз дейді. Ұлы бабамыздың ұрпағы шыңымен де "от Ташкента до Жаркента" деген аумақта баршылық :)

02.05.2023
Қазақ күресінен жасөспірімдер арасында қолбасшы Қойгелді атындағы республикалық турнир. Қаратау қаласы, 29-30 сәуір 2023
Бұл мақала XVIII ғасырда Төле биден кейін Ұлы жүзде 2-ші адам болып саналған Қойгелді батыр және де оның мұрасы тұралы болмақ. Сайтымда Қойгелді батырдың ерлігі туралы кейбір деректі жазғаным бар бірақ толығырақ мәліметті алып жинауға мүмкіншілік болмады. Интернеттен жұрт білетін нәрселерді де қайталап жазуды қаламадым. Сөйтіп жүріп өткенде күтпеген жерде Қойгелді Сартұлының бір ұрпағымен таныстым. Шамгон Нәмелбекұлы ағамыз Қойгелді ұрпақтарынын биі әрі төменде баяндалатын іс-шараның ұйымдастырушісі екен.

13.01.2023
Шілменбет бабаға ескерткіш ашылды
Әне-міне дегенше де жаңа 2023 жыл келді. Бірақ Дулаттардың тарихына байланысты өткен жылдың бір жаңалығын жазбасам болмайды. Ол Түлкібас ауданында Шымкент-Алматы тасжолының бойында, Тұрар Рысқұлов ескерткішінің қасында қараша айының басында ашылған зәулім монумент. Жұрт оны кімге арнап салды десеңіз - Бекболатұлы Шілменбет бабаның кұрметіне салды. Бұл бабадан біздің әулет те тарайды. Ал шежіресін тарқатсақ, Дулатұлы Шымырдың 4 ұлы болыпты - Бекболат, Шынқожа, Темір, Текежан. Бекболаттан - 1) Жиеш (одан Жаңабай), 2) Жиенбет ("Боққайнат" - одан Алдаберді, Сызықбай, Күнту), 3) Шілменбет, 4) Қарымбет (одан Сәмбет), 5) Мырзамбет (Ақмолда, Баймолда, Жаймолда, Бекмолда, Қарамолда - осы бес баланы Бестерек деп атайды).
Ескерткіштің бір ерекшелігі - колонна тұтас гранит тасы блоктарынан салынды. Қасындағы Т. Рысқұлов кешенінің сыртына кезінде керамика плиткасын жабыстырғасын ол енді кей жерде түсіп, жауапты басшылардың назарын қажет етіп отыр. 1990 жылдарда салынған Ордабасы стелласында да плитка құлап монументтын сәнін алып отыр. Ол түгіл жақында Алматыда ашылған Қантар ескерткішінің біреуінде керамика плиткасы түсіп бастады. Сондықтан да Шілменбет баба монументінде керамоплитканы қолданбай тұтас тас блоктарын қойғандарын дұрыс бір шешім болды. Қымбаттау шықса да ескерткіштерді жалпы сапалы түрде салған жөн.
Ескерткішті ашу салтанатынан және менің де түсірген видеолары төменде:
15.11.2022
Шерхан Мұртазаның 90-жылдығы.
Шерхан Мұртаза ағамыз тірі болғанда биыл жасы 90-ға келер еді. Негізі туған күні қыркұйек айының 28-де, бірақ түрлі себеппен мерей той кейінге қалдырылып қазан айының 20-да (20.10.2022) Жуалы ауданының Талапты ауылында өткізілді. Сол тойда мен де болып көргенімді азғантай бір видеоға жазып алғаным бар. Оқырманымен ендеше бөлісейін:

16.09.2022
Соңғы уақытта Дулаттардың тұрғызған тарихи мемориалдық кешендер - Шымырұлы Темір баба; Шымыр Құттық баба; Шымыр Төле баба; Ботбай Сәмен батырдың мұражайы; Жаныс Шәкен Ниязбековтың мемориалдық кешені
Елімізді есеңгіреткен ковид заманына қарамастан Дулат бабаның ұрпағы соңғы 1-2 жылда айтарлықтай әрекет жасап өз қолымен өткен шақтын кейбір тұлғалардың құрметіне салынған мемориалдық кешендерді жұртқа паш етті. Ендеше бұларды атап айтсақ:

06.08.2022
Шерхан Мұртазаның Шымкент саябағындағы отырғызған ағашы
Кезінде Асанбай Асқаровтың бастамасымен ашылған саябақта (дендропарк) танымал тұлғалардың отырғызған ағаш аллеясы бар. Марқұм Д. Қонаевтің ағашы да бар (төменде салып көрсетемін) - бірақ ол құрттап кетіп құрап қалды. Шерхан ағамыздың 1994 жылы отырғызып кеткен ағашы да бар. Соны сүретке шілденің 30-да түсіріп сізбен бөлісейін.

06.07.2022
Корғанысқа дайындығымыз немесе екінші Ақтабан Шұбырындыны болдырмау
2022 ж сәуір айында жақында тағайындалған қорғаныс министріміздің бір мәлімдемесіне көзім түсті (төменде сілтеме мен экран сүретін саламын). Сонда айтып отырғаны, бәрі керемет, дайындығымыз мықты және тағы соған ұқсас ой-пікір. Осындай әңгімеден кейін еріксіз жағаны ұстап кетесін ғой. Мемлекетіміздің әр саласында мәселе толып жатқанда қорғаныс саласы керім екен ))) Бұндай шенеуніктерді талай көргеніміз бар, басшылыққа нереальный отчетын көрсетіп қараны ақ деуге дайын, бұларға қой дейтін қоғамдық қайраткерлер де табылмайды әттен.

https://informburo.kz/novosti/smozet-li-armiya-kazaxstana-zashhitit-stranu-v-slucae-voennoi-ugrozy

03.05.2022
Ақсақ Темірдің тасы - Алтын Орданы алғаш шайқаған жорығының куәсі
Құрметті оқырман, сайттың бұл тармағында көптен бері жазбай кеткеніме кешірім өтінемін. Өмірімде әр-түрлі жағдай болып тұрғасын кейде уақыт пен мүмкіншілік болмай қалады )))

2022 ж сәуір айында екінші ұлымды жұбайыммен бірге Ресейдің Санкт-Петербург қаласының доқтырларына апарып қайттық. Қолым бос кезінде қаланың бір бөлігін жаяу аралап шықтым. Соның ішінде Эрмитаж да болды. 3-қабатты Эрмитаж (патшалардың Зимний Дворец деп аталатын сарайы) мұражайында әр-түрлі тарихи жәдігерлер жұрттың назарына ұсынылып тұр. 1-ші қабатында "Октябрьская" (Қазан төнкерісінде большевиктердің сарайға алғашқы кірген жері) баспалдағының қасындағы бөлмеде Ақсақ Темірдің Алтын Ордаға қарсы бірінші жорығының куәсы - бетіне көне жазуы қашалған тас тұр.

12.05.2021
Ордабасыдағы алқалы жиынның 300 жылдығы жақындап тұр
Қазақтың тарихында 1726 жылдың күзінде Ордабасы жеріндегі үш жүз өкілдерінің бас қосуы ерекше орын алады. Бұл жиыннан соң біріккен қазақ қолы қалмақ-жоңғар қосынын Бұланты мен Аңырақай шайқастарында жеңіп, байырғы жердің біразын қайтарып алған. Жиынды сол кезде жайылып кеткен жау күшінің төңірегінде ұйымдастыру оңай шаруа болмағанын түсіну керек. Қазыбек бек Тауасарұлының дерегі бойынша, 1726 жылы (көктемінде болса керек) Ұлы жүздің 17 мың қолы Түркістанның түбінде жаумен шайқасты: "Дулаттардан келген сегіз мың қолды Төле бидің бірге туған бауырлары Сеңкібай, Шойбек, Шымыр-Қойгелді, Қарақалпақтан келген екі мың қолды Қылышбек, Жангел екеуі басқарды. Қалған жеті мың қол Жетісу қазақтары болатын." Сол 1726 жылдың жазында: "Сарысу бойындағы Айрантөгілген деген жердегі ұрысқа қазақтың 44 мың сарбазы қатысты. Ұрысты Жолбарыс хан мен Төле би күндіз-түні тапжылмай бақылап отырды." Мүмкін осы шайқастардан кейін қазақ би-батырларының бірлесіп қимыл жүргізбей жауды ала алмайтынына көзі жетіп, ақыры аталмыш басқосуға алып келді.

Мамыр айындағы демалыс күнді пайдаланып 10.05.2021 Түркістан облысының Ордабасы ауданында орналасқан "Ордабасы" Ұлттық тарихи-мәдени қорығына бірінші рет барып қайттым. Бұл сапар барысында көрген нәрселерімді сізге айта отырып - түсірген сүрет видеоны көрсетіп, азғантай бір ой-пікіріммен де бөлісейін. Ютубтағы видео мына мақаламның төменгі жағында.

15.02.2021
Жазғыштар, тарихты бұрмалап қайтесіндер?
Wikipedia.org сайтының қазақша нұсқасында, төмендегі сілтеме бойынша Жаныс руы жайлы мақаланы оқып шығып, сонда жазылған қисыны жоқ бір нәрсеге таң қалдым:

https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%96%D0%B0%D0%BD%D1%8B%D1%81

"..... Дулат (723-816 ж) бабамыз қартайған шағында аян түс көріпті. Ертесіне төрт баласын шақырып алып былай деп өсиет айтыпты: - "Төртеуің де дәулетті, ырысты болады екенсіңдер. Ұрпақтарыңның өрісі кең болады екен. Ұрпақтарың мына жағы Құлжадан бастап Алатаудың етегінен ары қарай сонау Қазығұрттың етегі мына жағы Қаратаудың етегіне дейінгі кең жерді жайлайды екен. Менің әруағым ырза болсын десеңдер маған демеу болған мына өзі батыр, текті Шапыраштыдан еш уақытта іргелеріңді ажыратпай бірге болыңдар. Шапырашты мен Дулаттың ынтымағы мықты болса сендерді ешқандай сырттан жау алмайды."

Сол мақаланың скриншотын да төменде қалдырармын.

09.01.2021
Как спасти максимально возможное количество граждан при катастрофическом землетрясении в Алматы
Последние зафиксированные подземные толчки возле Алматы из новостей:
"Сетью сейсмических станций ГУ "СОМЭ КН МОН РК" 11 декабря 2020 в 20:19 зарегистрировано землетрясение. Эпицентр землетрясения расположен в 110 километрах от Алматы на территории Кегенского района Алматинской области. Энергетический класс землетрясения - 10.1. Магнитуда - 4.6. Глубина - 15 километров."
"Сетью сейсмических станций ГУ СОМЭ КН МОН РК 09 января 2021 в 9.18 зарегистрировано землетрясение. Эпицентр землетрясения расположен в 65 километрах на север от Алматы на территории Казахстана. Магнитуда составила 4.3. Глубина толчков находилась на расстоянии 5 километров."
"12 января 2021 в 19:21 по времени Нур-Султана в Алматинской области зарегистрировано землетрясение, сообщает zakon.kz. Как передает сеть сейсмических станций ГУ "СОМЭ КН МОН РК", эпицентр землетрясения расположен в 292 км на северо-восток от города Алматы на территории Панфиловского района Алматинской области. Энергетический класс землетрясения 11.7. Магнитуда MPV 4.2. Координаты эпицентра 44.45° с.ш. 80.10° в.д. Глубина 5 км."
"19 января 2021г. в 18:32 Алматинского времени зарегистрировано землетрясение. Эпицентр землетрясения расположен в 376 км на юг от Алматы на территории Китая. сеть сейсмических станций ГУ "СОМЭ КН МОН РК" Энергетический класс землетрясения 9.6. Магнитуда MPV 4.0. Координаты эпицентра 39.83° с.ш. 77.17° в.д. Глубина 15 км."

29.11.2020
Шымыр руының Темір тармағының шежіресін бұл сайтқа түзетіп қайта салудамын
Бұрын осы сайттың шежіре тарауына Шымыр-Темір руының шежіресін салғанымда, негіз ретінде Зайыр Сәдібековтың жинаған Қазақ шежіресін алған болатынмын. Алайда қолыма "Бәйдібек баба - алып Бәйтерек" сериясының Шымыр шежіресі қолыма түскеннен кейін, оны негізге алып қолдануды жөн көрдім. Сонымен ақырындап Темір тармағының шежіресін сайтқа жаңадан салмақшымын (әрине тек бас жағын).
30.10.2020
Балуан Шолақ туралы көркем фильм Ютубта
Қазақфильм киностудиясы Балуан Шолақ (шын аты Баймырзаұлы Нұрмағамбет, Дулат-Шымырдың ұрпағы) жайлы көркем фильмды түсіріп шығарды. Фильм еліміздің кинотеатрларында көрсетілсе де, көпшілік оны сол кезде көрмей қалғаны аңық. Интернеттің арқасында енді өзім көріп шықтым. Ссылкасын төменде қалдырамын. Фильмның кейбір тұстары тарихи шынайылық тұрғысынан бір ойға түсіреді, дегенмен тарихи шындықпен 100% жанасатын көркем фильмдер жалпы кемде-кем. Сондықтан да бұл нәрсеге түсіністікпен қарау қажет.
21.10.2020
Бірнеше жылдан кейін еліме оралдым
2003-те Алматыдағы Нархозды бітіріп сол жердегі курстас әрі дос болып кеткен Ақтаулық бір жігіттің шақыруымен (ол атақты күйші Қызылқұрт Құрманғазының руласы) Маңғыстау жеріне кетіп қалғанмын. Сол жерде болашақ жарыммен танысып, балалы болып, жұмысқа тұрып өмірімнің 17 жылын Каспийдың жағасында өткіздім. Сол өлкеде мұнай-газ саласында қызмет етіп көптеген адамдарымен таныстым және де маман болып қалыптастым. Маңғыстау еліне сол үшін алғысым шексіз, халқына тек аманшылық пен берекені тілеймін! Қазақтың "Есін барда елің тап" сөзін есімде сақтап, өз еліме - Шымкентке қайтуға ойым әуелден болған. Биыл әке-шешем, бауырларым КОВИДке шалдыққасын, енді алыста жүруді қойып, тезірек қайтайын деп шештім. Сонымен жақында ауылыма оралдым. Өмірімнің жаңа кезеңі басталды десем де болады. Менен әзірге жаңалық осы. Аман-сау болайық, Жаратушы бізді індет-бәлекеттен сақтасын!
24.09.2020
Алматы облысында Жаныс Қапал, Шымыр Садыбай батырлардың бейіттерін іздегенім сәтсіз аяқталды
Алматы облысындағы Ботбай Сәмен батырдың жатқан жеріне зиярат етіп барғанымды бір мақалада жазған болатынмын. Бірақ Алматы жаққа сапарым тек сол іспен біткен жоқ. Алматы облысының Қарашоқы деген жерінде талай батырдың атасы - Шымыр Марсымұлы Садыбай батыр жатыр, Ешкіөлмес деген жерде Жаныстың Қапал батыры мен Төле бидің бәйбішесі жерленген деген бір дерек бойынша ары қарай сол жерлерге тарттым.

31.08.2020
Сайтымызға 2 жыл!
Екі жылдың ішінде біраз жақын адамдардан - "Әй, не істейсін бұл сайтты?","Не пайдасы бар осыдан саған?", "Қазір тарихтың кімге керегі бар?", "Тарихшы есебінде шамалысың", "Бір бәлені жазғанша барып үйдің бір шаруасын бітірмейсің ба", "Қанша ақшаны бекер құрттын" тағы да сондай сияқты мін-сұрақтарды естігенім бар. Әрине боқ дүние мәселелері әрқайсысымызда да бар, дегенмен бұл жобаны бастағанда түпкі ойым мынадай еді: "Ешкім бұл тірлікпен айналыспасса , сен қолға алып баста!". Сонымен бұл ойым жобаны ары қарай жалғастыруға жігер беріп
30.08.2020
Хақназар ханның шөпшегі - Бүкірек батыр жайлы
Тамыз айының 21-де Ақтөбеден Қызылордаға автокөлікпен келе жатқанда, Арал (Аральск) кентіне шамамен 60 км қалғанда, жолдан алыс емес бір кесене мен оған меңзеп тұрған знакты көріп қалып, тоқтап қарап қайтайыншы дедім. Жанына барып қарасам кесене 2010 тұрғызылыпты, мемлекеттің бақылауына алынған, темір есігі кілттеулі. Сондағы жатқан Бүкірек батырға бір Құран оқып жіберіп, тасқа қашалған мәліметті оқып қарасам, бұл кісінің Хақназар ханға қатынасы бар екен. Хақназар Қасымұлы - қазақ хандығының 8-ші ханы, қазақ хандығын 1538-1580 жылдар биледі (яғни 42 жыл). Айта кетеин, қазақ хандарының арасында мен ұшін төртеуі ерекше орын алады - Қасым, Хақназар, Есім, Абылай. Ал сол Хақназардан бір ұрпақ қалды ма екен деп ойлап жүруші ем. Кесененің алдында Бүкірек батыр мен ұрпағынын шежіресі бұл сұрағыма жауап болды. 1682 жылы туылған Бұрханұлы Бүкірек батыр Хақназар ханның шөпшегі болған. Төрелердің арасынан батыр шығуы өзі бір сирек кездесетін жағдай. Гуглдан іздеп оқып қарасам, Бүкірек батыр "Жаужүрек мың бала-дағы" Сартайға кезінде соғыс өнерін үйреткен тұлға. Кесене айналасын бірнеше фотоға түсіріп алып, осы сайтымда мақала ішінде көрсетуді жөн көрдім:

03.08.2020
Дулат бабамыздың 5-ші, 6-шы ұлының есімдерін білесіңіз бе?
Дулаттан төрт ата тарайтынын солардың ұрпақтары жақсы біледі (Сиқым, Жаныс, Ботбай, Шымыр). Алайда Дулат бабамыздың аталмыш ұлдардан басқа тағы 2 ұлы болыпты. Бұл деректі растайтын жазбаша бір туынды бар. Жаныс Бекасыл әулие туралы мақала жазғанымда Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының (1858 - 1931) "Қазақ баласы оқыдым, тоқыдым десе де, Бекасыл хазірет бола ма" деген еңбегімен таныстым (үзінді түрінде төменде). Сол шығармада Дулат бабамыздың 6 ұлының есімдері кездеседі:

29.03.2020
"Бәйдібек Баба - Алып Бәйтерек" - Шымыр руының шежіресі (кітаптың электрондық нұсқасы). 27.10.2020 мақала жаңартылды
2007 жылы "Өнер" баспасында "Бәйдібек Баба - Алып Бәйтерек" сериясының жалғасы болып Дулат Шымырдың шежіресі кітап түрінде жарық көрді.
Кітап көлемді еңбектін нәтижесі екенін сөзсіз мойындаймын, автор тобында 12 адам, шежірені жинаған адам саны 80-нен асады, біразі елге танымал тұлғалар. Оларға көп рахмет! Дегенмен кіріспесінде бірқатар нәрселер маған негізсіз аңыздар болып көрінеді. Тарихты солай бұрмалауды қояик, ағайын! Мысалы шежірені білдіріп тұрған ағаштың суретінде біреулердін араб есімдерін жазып бердіңіз. Олар Дулаттан тараған болса - қазіргі ұрпағы қайда, Дулаттың қай ұлынан тараған? Т.б. сондай сияқты сұрақ туындайды.
Кітаптің электрондық нұсқасының интернеттегі сілтемесі/ссылкасы төменде:

18.02.2020
Есімі Сиқым руының ұранына айналған Рысбек батырдың қабірін Манкентте іздеп әзірше таба алмадым
Бұл сайтта Сиқымның Қарабатыры туралы мақала жаздым. "Батыр - елдің сәулеті" кітабының (Авторы Байдалиев Д.) дерегіне сүйенсек сол Қарабатырдың ұлы Шінет, немересі Рысбек, бәрі Қарабатырдың қасында жатыр:

"-Атамыз Қарабатыр, әкем Шінет жатқан Манкенттегі Сиқым зиратына қойыңдар. Қараағаш әулие қолдап, бабам қартайғанда көрген Небосын, Есбосын, Құлбосын, Қармыс төртеуі де, содан тараған басқа ұрпақ та, соның ішінде Қарабатырдың әкесі Есті де сонда жатыр, - дейді өсиетін айтып. Қайтыс болған Рысбекті төбе басында жуыпты. Сол жер Рысбек төбе аталған. Рысбекті тоғыз қаралы түйеге бар жасауымен артып, қаралы керуен Манкентке қарай тартады. Жуалының Шақпақ асуынан асқанда алдынан он түйемен Самарқанның көк тасын Әулиеата жаққа алып келе жатқан саудагерлер кездеседі. Бір түйедегі тасты түйесін, басқа дүниесін беріп сатып алады.
Рысбек батырдың дүниеден қалай қайтқаны және мұрасы жөнінде кейінгі ұрпақтары төмендегідей естелік айтады:
21.10.2019
Добавил на сайт также родословную 4 батыров
Сегодня в раздел древо на сайте добавил 22 предков из рода Сиқым Борас, среди них есть батыры Қарабатыр, Шінет, Рысбек (про этих батыров напишу в отдельной статье позже). Дополнил родословную рода Шымыр Шілмембет Құли добавив 24 предков. Среди них есть предок Бауыржана Момышулы - Ақментей батыр (в один день в трех поединках друг за другом убил 3 джунгарских батыров). Про него также будет отдельная статья.
08.09.2019
Место погребения Домалак Ана не следует превращать в туристический объект
Ежегодно в Москве мавзолей Ленина из любопытства посещают много людей. Сам еще не побывал но по ютубу вижу что в мавзолей Домалак Ана также приходят много таких слоняющихся людей. Среди них много не сформировавшихся еще как личность детей, представителей других национальностей, заезжающих по пути в пещеру Акмешит туристов на машинах и т.д. Ниже в качестве примера привожу 2-3 видео. И у меня возникает один вопрос:
01.09.2019
Понемногу корректирую и дополняю родословную
Долго не доходили руки внести изменения и дополнения в раздел Древо на сайте. Сегодня добавил 28 имен потомков рода Жаныс Жамбай и внес кое-какие изменения. Вдобавок внес изменения в родословную рода Шымыр Бозан (из него родом Биназар батыр), добавил некоторые имена. Добавил 10 имен предков в подрод Шымыр Шілмембет Сәлік.
01.09.2019
Изменения на сайте
Планируем добавить пару вещей на сайт: 1) Форум 2) Страницу автора сайта в Twitter'е в раздел "Уголок автора" (по техническим причинам после входа в раздел следует подождать 5-10 секунд для появления).
15.06.2019
Предложение: Шымкенту - метро, электричку, солнечные электростанции; Таразу - завод; Алматы - ускорение строительства метро и расширение системы электричек.
Другие страны в мире, регулярно кроме нефтегазовых проектов осуществляют и другие сложные технические проекты. Например мост над морем в Китае ( https://www.youtube.com/watch?v=Rrt5Y6DERiI ), автодорога в Корее проложенная в воде ( https://www.youtube.com/watch?v=H4R1JZhq9Oo ), строительство нового орбитального телескопа ( https://www.youtube.com/watch?v=ni_QM5_OA3I ), запуск большого адронного коллайдера ( https://www.youtube.com/watch?v=C0MlaMLKrIc ), и можно долго продолжать с примерами.
13.06.2019
Дендропарк Шымкента назван именем Асанбая Аскарова. Не будем забывать про Шерхана Муртазу!
В начале июня месяца 2019 дендропарку Шымкента было присвоено имя его основателя - Асанбая Аскарова (из рода Дулат-Ботбай). По этой теме в местных СМИ появилась отдельная статья ( https://otyrar.kz/2019/06/shymkentskij-dendropark-nazvan-imenem-asanbaya-askarova/ ). Асанбай Аскаров родился в Мерке, и позже внес значительный вклад в развитие города Шымкента. Для дополнительной информации смотрите отдельную статью в Википедии. Через несколько лет
25.05.2019
Очерняющего Сыпатай батыра Садык Смагулу
В интернете есть человек по имени Садық Смағұл. В 2011 году на сайте "Қазақ үні" пишет статью "Сыпатай: батыр ма, сатқын ба?" ( https://qazaquni.kz/2011/10/28/9468.html ), в 2016 году на сайте "Қамшы кз" успел выпустил статью "...Сатқындығын жасырып" ( https://www.qamshy.kz/article/satqindighin-zhasirip.html ).
18.11.2018
Родословное древо в разделе сайта "Древо" открывается не сразу
К сожалению по техническим причинам на сайте медленно открывается раздел Древо (родословная от родоначальника Дулат). При открытии данного раздела следует подождать около минуты для появления Древа на экране.
31.08.2018
Сайт начал свою работу!
Посвящаю этот труд ушедшим в мир иной нашим предкам берущим начало от Дулата, а также тем потомкам Дулата чьи имена остались забытыми, не упомянутыми и живущим ныне.
FaLang translation system by Faboba