Ботбай Өмірбекұлы Өтетілеу батырдың 300-жылдығы, Меркі ауданы

Былтыр сайтымда Ботбай Өмірбекұлы Өтетілеу батыр жайлы мақала жазған едім. Бидас баба ұрпағы жоңғармен шайқаста Сәмен батыр бастаған 2 мыңдық Ботбай жасағының туын жерге құлатпай ауыр жараланса да шайқастың шешуші сәтінде алған міндетін абыроймен орындады. Сақталған ту Меркінің мұражайына тапсырылып арнайы стенд ішінде орын алды. Міне енді сол Батыр бабамыздың құрметіне Бидас елі 17.02.2024 ас, көкпар берейін деп отыр. Өзім қазір Ұлы Британияның Шотландия өңірінде бірнеше ай бойы бір жұмыспен айналасып, елімізге 2024ж тек сәуір айында қайтатын болғасын, бұл басқосуға қатыса алмайтын боламын. Өзім бара алмасам да аталмыш ас жайлы Дулат ағайынға бір хабар айтуды жөн көрдім. Жиынды ұйымдастырып өткізетін бауырларымызға жоспарланған шараларды ойдағыдай өткізуді тілеймін. Батырдың әруағы риза болғай! Шақырудың сүреті мен видеосы төменде:

1)



2)

FaLang translation system by Faboba