Соңғы уақытта Дулаттардың тұрғызған тарихи мемориалдық кешендер - Шымырұлы Темір баба; Шымыр Құттық баба; Шымыр Төле баба; Ботбай Сәмен батырдың мұражайы; Жаныс Шәкен Ниязбековтың мемориалдық кешені
Елімізді есеңгіреткен ковид заманына қарамастан Дулат бабаның ұрпағы соңғы 1-2 жылда айтарлықтай әрекет жасап өз қолымен өткен шақтын кейбір тұлғалардың құрметіне салынған мемориалдық кешендерді жұртқа паш етті. Ендеше бұларды атап айтсақ:
1) Шымырұлы Темір бабаның кешені. Шымкент қаласының Бозарық елді-мекеннің маңайында (бұл Бозарық бұрын Шымыр-Балықтан тараған Қонай мырзанын бір жайлауында орналасқан - бұл кісі жайлы болашақта бөлек бір мақала болады). Кешен тұрғызуды бастаған 5 кісі: Бишимбаев Қозыке (Шымыр бабаның кесенесін қайта салуға негіз болған кісі), Жақсыбаев Әбдуәлі, марқұм ғалым Ташимов Лесбек, Қолдасов Сапар мен Ахметов Дәурен ағаларымыз (бір дерек бойынша үшеу де ковидтың салдарынан дүниеден озды).
2) Шымыр Құттық баба кешені. Тараз-Қаратау тас жолының бойы Әбдуқадыр ауылы маңайында салынған (Жуалы ауданы). Құттық бабаның шежіресін тарқатсақ (қателессем Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. арқылы хабар беріңіздер), Шымыр-Шыңқожа-Марсым-Қырғызәлі-Қазымбет-Байымбет-Құттық. Төменде видео сайтымызда ашылмайды да "Посмотреть на ютуб" деген сілтеме бойынша көре аласыздар.
3) Шымыр Төле бабаның кешені. Тараз-Қаратау тас жолының бойында, шамамен Қожағаппар - Майтөбе ауылдарының арасында салынды. Қазіргі кезде есімі руды білдіретін атамыздың шежіресіне келсек, Шымыр-Шыңқожа-Марсым-Қонақбай-Қарқара палуан-Базаркелді-Төле. Жоғарыда аталған Байымбетұлы Құттықпен замандас болу керек.
4) Ботбай Сәмен батырдың мұражайы. Алматы облысының Кербұлақ ауданында Сәмен батырға арналған кешеннің аумағында ұйымдастырылды. Ол бастаманы қолға алып іске асырған кісі - белгілі қайраткер, батырдың тікелей ұрпағы Алик Шпекбаев мырза. Жалпы Сәмен батырдың бейітіне зияратпен 2020 ж тамыздың 27-де болдым, сапарым жайлы бұл сайтта жазғаным бар.
5) Қазақстан Республикасының көк туының авторы Жаныс Шәкен Ниязбековтың мемориалдық кешені. Тараз қаласына іргелес Шәкен Ниязбеков ауылында салынған. Құрылысы 2021 ж қантарында аяқталды. Жоба авторлары - Пірімқұлов Сейдилла мен Қонысбаев Жомарт. Бұл кешен жайлы да сайтымда мақала бар.
P.S. мақала толығымен біткен жоқ