Ордабасыдағы алқалы жиынның 300 жылдығы жақындап тұр

Қазақтың тарихында 1726 жылдың күзінде Ордабасы жеріндегі үш жүз өкілдерінің бас қосуы ерекше орын алады. Бұл жиыннан соң біріккен қазақ қолы қалмақ-жоңғар қосынын Бұланты мен Аңырақай шайқастарында жеңіп, байырғы жердің біразын қайтарып алған. Жиынды сол кезде жайылып кеткен жау күшінің төңірегінде ұйымдастыру оңай шаруа болмағанын түсіну керек. Қазыбек бек Тауасарұлының дерегі бойынша, 1726 жылы (көктемінде болса керек) Ұлы жүздің 17 мың қолы Түркістанның түбінде жаумен шайқасты: "Дулаттардан келген сегіз мың қолды Төле бидің бірге туған бауырлары Сеңкібай, Шойбек, Шымыр-Қойгелді, Қарақалпақтан келген екі мың қолды Қылышбек, Жангел екеуі басқарды. Қалған жеті мың қол Жетісу қазақтары болатын." Сол 1726 жылдың жазында: "Сарысу бойындағы Айрантөгілген деген жердегі ұрысқа қазақтың 44 мың сарбазы қатысты. Ұрысты Жолбарыс хан мен Төле би күндіз-түні тапжылмай бақылап отырды." Мүмкін осы шайқастардан кейін қазақ би-батырларының бірлесіп қимыл жүргізбей жауды ала алмайтынына көзі жетіп, ақыры аталмыш басқосуға алып келді.

Мамыр айындағы демалыс күнді пайдаланып 10.05.2021 Түркістан облысының Ордабасы ауданында орналасқан "Ордабасы" Ұлттық тарихи-мәдени қорығына бірінші рет барып қайттым. Бұл сапар барысында көрген нәрселерімді сізге айта отырып - түсірген сүрет видеоны көрсетіп, азғантай бір ой-пікіріммен де бөлісейін. Ютубтағы видео мына мақаламның төменгі жағында.





Қорық аумағына кіру ақылы, кіреберістегі КППның жанында кіру ақысы жазылған бір тақта ілулі тұр. Балаға - 50 тг, үлкен адамның басына 100 тенгеден. Менінше бұл көп емес және де орынды нәрсе, кіру тегін болса - аумақта тәртіпсіздік етек алады-ау деген ойдамын. Ал енді кіреберістегі қазіргі темір конструкцияға назар аударыңыз (1997ж орнатылған), осыдан шамамен 300 жыл бұрын орын алған және де ұлтымыздың тағдырын шешкен басқосудың маңызына сай емес! Оның орнына Еуропа еліндегі Триумфальный Арка сияқты салмақты конструкция орнатылса екен, ал оның үстіне еліміздің көк туын неге желбіретіп қоймасқа?

Ордабасының ен биік жері - Бірліктөбе теңіздің деңгейінен 530 метр жоғары екен. Сол төбеден шамамен 100 км қашықтықта орналасқан Әлімтау, Қазығұрт тауы мен Шымкент қаласының бір бөлігі көрінеді. Мына бір видеоның кадрында Бекжан базары жанындағы Ақ мешіт көрініп тұр. Қазір Ордабасыға Шымкенттен жету үшін Шымкент-Қызылорда тасжолымен жұрып, кейін сол жолдан Бадам станциясына бұрылып-айналып шамамен 30-40 км жол жүру керек.



Сонда қаладан Ордабасы тауына қарай неге тіке тасжол салмасқа? Бұл кешенге жол әжептеуір қысқарады. Сол жаңа тасжол 2 триумфальный Арканың - Бұланты (1727) мен Аңырақай (1729) - астымен өтсе, керемет болар еді! Тарихи туындыларымен кеңінен танылған қаламгер Мұхтар Мағауин: «Егер Бұланты мен Аңырақайдағы жеңістер болмаса, Қазақ ордасы осыдан жүз жыл бұрын мүлде тозып, құрып біткен Ноғай ордасының кебін киері анық-ты»,– деп жазғанын есімізден шығармауымыз керек.

Ұсынылған жаңа тасжолдың бойымен алып бір саябақ салып ашсақ, қала тұрғындарының жылдың жылы мерзімінде келіп демалатын тағы да бір орынға айналады. Сол жолдың бойымен тағы велодорожка, жүгіретін дорожка салынса - спортпен шұғылданатын азаматтарға таза ауада жаттығұға толықтай мүмкіндік беріледі деген сөз.

Қазіргі кіреберіс жаққа оралсақ, қорықтың картасы орнатылған. Әрине қорықтың қызметкерлері қолынан келгенше оны дайындады бірақ заманауи түрге келтірген жөн.



Жалпы Ордабасы қорығына байланысты кейбір сүрет мына бір ссылка бойынша бар:

http://nik-ordabasi.kz/vr/index.html

http://nik-ordabasi.kz/?page_id=387#

Ендігі жерде тағы да бір ұсынысым бар. Тау етегіндегі парковка алаңында дәрет алатын, қол шаятын заманауи туалет жоқ, қоқыс тастайтын урнаны да көрмеппін. Тау үстіндегі үшбұрышты стелланың айналасындағы ағаш-гүлге водовозбен суды апарып құйып жүр. Стелланың маңайында, сонымен би мүсіндері мен Бірліктөбенің қасында да көзге түспейтін жерде келіп кететін жұртқа канализациясы бар дәретхананың болғаны дұрыс. Ол үшін тау үстіндегі кешенге водопровод пен канализация, электр желісін орнатып тартып, тау етегінде насосный станцияны салу қажет.





Мынау енді тау етегіндегі парковка мен тау үстіндегі кешенді байланыстыратын қара жолдың сүреттері. Екі машина бір-бірінің қасынан өте алмайды, жаңбыр жауса лай-балшықпен жоғарыға шыға алатыны тек джип түрі болмаса басқасы жете алмайды-ау. Жолдан шығып кетіп аунап кетуіне кедергі болатын бетон ограничитель я тормоз ұстамай қалған көліктерге тупик жоқ. Жаяу жүргіншілерге бөлек жүретін дорожка жоқ.



Стелланың қасындағы ағаштардың артында (сүреттің сол жағында), таспен қоршалған сақ дәуірінің бейіті бар. Келушілердің көзіне бірден түспейді сондықтан оған меңзеп тұратын үлкендеу/дұрыстау бір знакты орнату керек. Жалпы қорық аумағында 200-300 жыл өсетін және де дұрыс көлеңке беретін талдарды отырғызып өсірген дұрыс - мысалы емен (дуб), кедр, т.б.

Стелланың маңайында гид қызметін атқаратын кісі бар. Жұмысы маған ұнады. Руы қыпшақ. Бұрын Шымкентте қыпшақтардың ауылдары бар деп ойламаппын. Оның айтуынша қыпшақтар сол Бадам станциясында, жол бойындағы Ақбұлақ ауылында, Қараспан, Ордабасы ауылдарында бар. Мұхтар Шаханов, Сейітжанов мырзалар сол қыпшақ елінен екен. Қыпшақтар осы жерге қашан келді деп сұрасам, бұрын осы жердегі Қоныраттың Жандар тармағына өзбек жақтан қарақшылар келіп маза бермейді екен, ақырында бір хан я бидің ұйғаруымен көмекке қыпшақтың бір бөлігін осы аумаққа көшіріпті дейді.

Стелланың өзіне келсек, бетіндегі плитканың кейбіреуі төменге құлағасын астынғы жақта шектеуші лентаны тартып қойды. 1990-шы жылдарында осындай құрылыс норма болып саналса, қазір енді бұл стелланы сапалы түрде салғанымыз дұрыс. Ежелгі Грециядағы храм колоннасы сияқты өңделген ірі тас я тұтас металлдан қүрастырып қоймасақ, әр 15-20 жыл сайын түсіп қалған плиткасын қайта жөндеуге тұра келеді.

Әрине арамызда біреу шығады, "Әй, мемлекеттік бюджетті үнемдеуіміз керек!", "Бұл қаражатты басқа бір өзекті мәселелерге жұмсайық!" тағы да сондай сияқты пікірмен. Бірақ менің ойымша шетелден шақырылатын легионер футболист, хоккеист, велошабандоздарға жыл сайын қанша мемлекеттік қаражат бөлініп тұрады, сонда болмашы бір тірлікке құртқанша - қазақ үшін киелі Ордабасыны көркейтуге жұмсалсын! Бұл кешеннің еліміздегі өзге ұлттарға бес тиинға да керегі жоқ, бұл тек қазаққа керек нәрсе.



Стелламен Бірліктөбенің арасында жаяу жүретін тротуар салынды, енді сонын бойымен бірнеше скамейка қасында қоқыс урнасымен орнатқанда жарар еді.



Бірліктөбеге шығатын қазіргі баспалдақты алсақ, эргономика/қауіпсіздік талаптарына сай қылған жөн. Кішкентай бала баспалдақтан құлап кетпес үшін екі жақтан да перила (қолмен сүйенетін темір) орнатылу тиіс. Сосын баспалдақта екі бағытта жүретін адамдар бір-біріне кедергі болмайтындай кең қылып салу керек.





Енді Бірліктөбенің үстіне шығып қарасақ, қисық әрі ойылып тұр. Үстіне тағы бір метр қабат топырақ төгіп, тегіс бетондап домалақ алаң қылған дұрыс. Бұл алаң периламен қоршаулы болса - бала түсіп кетеді деп уайымдап жұрмейді келген жұрт. Сотканы көп қолданғасын көпшіліктің көзі қазір дұрыс алысқа көрмейді, сондықтан Бірліктөбенің үстіне стационарный яғни бетонға бекітілген арнайы бұрылатын бинокль қойылса, айналадағы тамаша көрініс келушілердің есінде көпке дейін қалады.



P.S. мақала әлі біткен жоқ
FaLang translation system by Faboba