Балуан Шолақ туралы көркем фильм Ютубта

Қазақфильм киностудиясы Балуан Шолақ (шын аты Баймырзаұлы Нұрмағамбет, Дулат-Шымырдың ұрпағы) жайлы көркем фильмды түсіріп шығарды. Фильм еліміздің кинотеатрларында көрсетілсе де, көпшілік оны сол кезде көрмей қалғаны аңық. Интернеттің арқасында енді өзім көріп шықтым. Ссылкасын төменде қалдырамын. Фильмның кейбір тұстары тарихи шынайылық тұрғысынан бір ойға түсіреді, дегенмен тарихи шындықпен 100% жанасатын көркем фильмдер жалпы кемде-кем. Сондықтан да бұл нәрсеге түсіністікпен қарау қажет. Қателеспесем Баймырза жанұясымен Қоқан хандығының езгісінен өз қайынжұрты жағына (Арқа, Көкшетауға) көшіп барған, бірақ көшіп барған жерінде енді патшалы Ресейден жапа шекті. Қазір Қоқандықтар да, патшалы Ресей де жоқ, бірақ өз тарихымызды жұртқа үйретіп түсіндіруге осындай фильмдердің мәні зор.



Балуан Шолақтын немересімен бір сұхбатқа сілтеме:

https://the-steppe.com/lyudi/potomki-velikih-vnuk-baluana-sholaka-o-vydumannyh-i-realnyh-istoriyah-o-dedushke

P.S. 10.12.2020 - жоғарыда келтірілген сілтемені тексеріп қарасам, фильмды ютубта көрсетпей қойды (авторлық құқық мәселесіне байланысты болса керек)

P.S.S 27.01.2021 - Мына бір ссылка бойынша фильм ашылып тұр (бірақ бейненің сапасы төмен):

https://www.youtube.com/watch?v=k8fiMun-a7M
FaLang translation system by Faboba