Сайтымызға 2 жыл!
Екі жылдың ішінде біраз жақын адамдардан - "Әй, не істейсін бұл сайтты?","Не пайдасы бар осыдан саған?", "Қазір тарихтың кімге керегі бар?", "Тарихшы есебінде шамалысың", "Бір бәлені жазғанша барып үйдің бір шаруасын бітірмейсің ба", "Қанша ақшаны бекер құрттын" тағы да сондай сияқты мін-сұрақтарды естігенім бар. Әрине боқ дүние мәселелері әрқайсысымызда да бар, дегенмен бұл жобаны бастағанда түпкі ойым мынадай еді: "Ешкім бұл тірлікпен айналыспасса , сен қолға алып баста!". Сонымен бұл ойым жобаны ары қарай жалғастыруға жігер беріп
тұр. Админ режимінде сайтқа кіргенде, қанша оқырманның қай мақалаға кіріп оқығанын біліп отырамын, айтайын дегенім - жұртымызда өз тарихына интерес бар. Бұл - еңбегімнің бекер болмағанын көрсетіп тұрғандай. Аманшылық болса, көптеген тарихи деректер әлі де осы сайтта жарық көрер. Орысша айтқанда - "Мне еще есть что вам сказать!" :) Құрметті оқырман, бұл орайда бөлісетін ой-пікірінді Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электронды поштама жіберсеңіз болады! Аман-сау болайық!