Шымыр Садыбай батырдың 445-жылдығы мен Садыбайұлы Байтананың 420-жылдық асы. Жуалы ауданы 19/08/2023

2020 ж Алматының арғы жағында жатқан Шымыр Садыбай батыр мен Жаныс Қапал батырлардың басына зиярат етемін деп жолға шықтым. Алайда ол сапарда жоспарым іске аспай қалды, сайтымда да сол жайлы жазғаным бар. Жол бойы Ботбай Сәмен батырдың бейітін зиярат етіп, видеоға түсіріп қайттым. Уақыт өте Әулиеата аймағының Жуалы ауданына келіп Байтана руының өкілдерімен таныстым. Байтана аталмыш Садыбай батырдың жалғыз ұлы екен. Б. Момышұлы ауылының водхоз басшысынан Садыбай батыр кесенесі жайлы сұрағанымда, ол жаққа 2019ж барып кесенені жаңадан тұрғызған Байтана руының өкілі Мұхамеджан есімді ағамызға хабарласуды кеңес берді. Сөйтіп Макенмен таныстық.

Мұхамеджан ағамыздың фамилиясы менікімен бірдей екен. Ол да Арзымбетов ))) Маке тамыз айының 19-да Жуалының Б.Момышұлы мұражайының бағында Садыбай батырға ас берілетінің айтып, шақырды.

Сонымен 19.08 күні сағат щамамен 10:00де Қайрат ауылына келіп, Б.Момышүлы мұражайының шетімен бау-бақшасына өттік. Сахна мен киіз үйлер дайын тұр. Беріректе Садыбай батыр мен Байтана руына байланысты сүреттер галереясы орнатылды:



Жалпы осындай жиындарда сүрет галереяны келушілердің назарына қойып ұсыну - жақсы бір бастама. Айтылмай қалған бір хикаяларды, қосымша мәліметті бұл жерден асықпай біліп аласын. Оны дайындап қойған бауырларымызға алғыс білдіреміз.

Ал Садыбай батырдың шығу-тегіне келсек, Шымыр бабамызда Шыңқожа (Шыңболат), Бекболат, Темір, Текес (Текежан) есімді ұлдар болды. Шыңқожадан Қобыланды, Марсым, Бозқозы, Бозан тарайды. Марсымнан - Қонақбай, Садыбай, Қырғызалы. Садыбайдың жалғыз ұлы - Байтана. Садыбай батыр бар дерек бойынша осындағы Мыңбұлақ ауылында 1578 ж дүниеге келіп, небәрі 25 жасында Есімханның жорығында дүниеден озды (1603 ж).

Садыбай батырдың жорыққа аттануы және де көрмей кеткен ұлы - Байтанаға атын қалай қойылғаны жайлы сахнада қойылым баяндайды:



Айтпақшы, орыста да "Байдана" деген сөз болатын. Ол да сауытпен байланысты. Ірі шығыршықтан (сақина/будақ) тоқылған сауытқа - бадана деп айтатын. Мәскеудегі Кремльдын Оружейный Палатасында, Борис Годунов патшасының (1552-1605жж) байданасы бар:



Демек Байтана мен орыстың Байдана деген сөздердің түбі бір болса керек. Ол аспектіні ендеше, тарихші ғалымдарға қалдырамыз.

Байтана деген атты ұсынған батыр - Сүгір мерген, Марсымның ағайыны Қобыландының ұрпағы болса керек. Шежіре бойынша Қобыландыдан - Алдияр - Сүгір мерген - Төлеміс (Орысқара), Тілеміс (Жиен), Кенжеқармыс (Құлатай) деген аталар өрбиген.

Алып келген бейнекамерам істен шығып, видеоны телефоныма түсіруге тұра келді. Видеолардың быжырқай болып қалғаны сондықтан. Біраз нәрселер телефоннын жады толып кеткесін түсірілмей қалды )))

Бақшаның асфальтталған алаңында қазақ күрестен сайыс ұйымдастырылды. Қасында минифутбол ойыны жүріп жатты.



Жиында Жамбылдың Шымыр баба қорының басшысы Оңласын Есіркепов, Түркістан Шымыр баба қорының басшысы Лештаев Орынбасар ағаларымызды көріп, сәлемдесіп қолдарын алып қайттым. Ол кісілердің осындай шараға келіп қатысқаны дұрыс болды.

Жеті киіз ұй орнатылды:

Астана мен Алматы қаласынан бір,



Тараз қаласынан, Бостандық ауылынан, Бірлесу-Еңбек ауылынан, Жуалы құрама ауылдары атынан, Диқан ауылынан, Қайрат ауылынан да болды. Соңғысының төңірегінде асқа келген көпшілікке арнайы навес тартылып үстелдер қойылды.



Бостандық ауылының қойған киіз үйінде Оңласын ағаларымызбен бірге шай алып отырғанымызда, биыл (2023) Семей жақта өткізілген дәстүрлі Абай оқуы байқауында 133 абайтанушылардың арасында ең үздігі Заңғар Сәтберген бауырымыз кіріп келіп үлкендермен амандасып шықты. Ол жігіт туралы орыс тілінде жаңалықтар мына сілтеме бойынша:

https://jambyltv.kz/ru/news/25812

Сахнада сөз кезегі Жуалы ауданының бұрынғы басшысы, Солтыбаев Еркінбек ағамызға берілді. Видеосы төменде:

Оңласын ағамыздан соң сөз Садыбай-Байтана қорының төрағасы - Арзымбетов Мұхамеджан ағамызға берілді.



Тағы да біраз қонақтың сөз-тілек-батасы сахнадан айтылды. Ең бастысы, ел аталмыш батыр бабаларымызды ұмытқан жоқ. Садыбай батырдың 445-жылдығы мен Байтана батырдың 420-жылдығы жақсы деңгейде өткізілді деп ойлаймын. Әзірше осы, қош, сау болыңыз!
FaLang translation system by Faboba