Шымкент-Алматы автожолының қауіпсіздігі жайлы ойлансақ

Құрметті оқырман, хал-жағдайыңыз қалай, аманбысыз? Бүгінгі тақырыбым Шымкент-Алматы тасжолы туралы болмақ.
Мамыр айының басында бір себеппен Шымкенттен Алматыға өз көлігімен барып қайттым. Шымкенттің шығаберісінен бастап жолда ондаған камералар қойылған. Оған қоса трассада камера/радары орнатылған полиция көліктері де жеткілікті. Ол жаққа барғанымда бір штрафқа түстім, қайтарда да бір штраф алып үлгердім. Ендеше сіздермен бұл жолдың қауіпсіздігі жайлы ой-пікірлеріммен бөлісейін.

Жол ақылы. Барып қайтқаныма ҚазАвтоЖолдан 800 теңгедей счет келді. Біреулерге қарыз болмайын деп төлеп тастадым.



Ал енді келген протоколдан штраф себептерін көрсетейін:





Жарайды, бұл күре жолда белгіленген жылдамдықтан асып айыппұл алған жалғыз мен емеспін, сірә. Айыппұл халықтың қауіпсіздігі үшін өңдіріліп отыр, ол да түсінікті. Бірақ жолдағы қауіпсіздік тек біржақты әдіспен яғни айыппұл салумен қамтамасыз етіле ме? Оған күмәнім бар.

Штраф алған жерлерім - жолдың бойындағы Әулиеата өңірінің Малдыбай, Жаңатұрмыс ауылдары. Ол жақта 6 полосаны ортасынан бөліп тұратын "отбойник" бар. Қарсы бағытқа шығып кететін мүмкіншілік жоқ. Ауылдың үйлері де трассаға тиіп тұрғаны жоқ, кемінде жолдан 100 метр қашықтықта. Знактар жылдамдықты 60 км/сағ қылып шектеп қойды, себебі сол ауылдарда кұре жолдан өтетін 2-3 переход зебрасы бар. Онысы түсінікті, пешеход адамдар жолдың үстімен ұшып өте алмайды ғой. Бірақ қауіпсіздікті айтып отырсақ, жүргізуші де пенде ғой - трассада спидометр/камераларды байқамай мен сияқты жылдамдықпен өтіп кетуі мүмкін. Сол үшін 1-категориялы (1-санатты) қалааралық автожолдарда зебра переход жасалмайды. Ол жерде жол астымен я жол үстімен өтетін переход болу керек! Мысалы, аталмыш күре жолының бойында Машат өзеніне жақындағанда жол үстімен өтетін переход бар, Б. Момышұлы ауылының қасында жол үстімен өтетін переход бар, т.с.с.

Осы жағдайға байланысты көп сұрақтар туындайды. Малдыбай, Жаңатұрмыс ауылдарының тұрғындары қауіпсіз переходпен өтіп жұруге лайықты емес пе? Әлде бұл трассаны жобалау - салу - кабылдағанда жауапты мем қызметкерлер қателік жасады ма? Немесе бұл переходты салуға бөлінген қаражатты біреулер жеп қойды ма, онда жұрттың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатымен неге арнайы тергеу басталмайды? Осы ауылдарда орнатылған жылдамдық өлшейтін камералар қойылғалы бері - бюджетке штрафпен қанша қаражат түсті? Бюджетке түскен айыппұлмен осында қауіпсіз переход салуға болар ма еді? Ойлай берсен сұрақ көп. Тиісті құлаққа жететіне сенімдіміз.

Өмірде әр мәселенің қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді шешімі болады. Қысқа мерзімді (немесе арзан және тез) шешімдердің де салдары бар. ДТП статистикасын жақсарту мақсатымен біреулер стационарлы камераларға қоса мобильды камераларды көліктерге орнатып жолды кезіп жүр. Содан кейін көлікті айдайтын жүргізуші алдындағы жолға жөнді қарамай спидометрге қайта-қайта қарап отырады. Бірнеше сағат бойы осылай стресс болып отырады. Ал стресс адамның денсаулығына пайдалы емес. Онсыз де күнделікті өмірімізде басқа стресс жетіп отыр. Енді трассада камералардың стрессі қосылды. Стресс ауруға апарады. Ауру елдің денсаулық сақтау жүйесіне және де экономикасына қосымша шығын әкеледі. Осыны да ескеріп отыру қажет.

Сосын трассада стресс алған адам қалаға келіп тағы кептелістерде пісіп, үйіне жеткесін ішіндегі негативті отбасы-жақындарына жібереді. Бұл негативтің бір бөлшегі өйтіп-бүйтіп қоғамға да тарайды. Қоғамда жылдан жылға мейірімнің азайып баратыны да осындай майда себептерден.

Тағы да бір нәрсесі бар. Есептеп отырсам, 2 штрафпен заправкасы бар, казавтожолдың жол ақысы бар - бұл сапарға 30 мың теңгеден аса ақшам кетті.

Сонда бір ой туындайды - мен әлгі жолмен машина айдап щаршап-нерв болып жүргенше, пойызбен я автобуспен неге бара салмаймын? Бірақ басқа жағынан ойланып отырсам - 1) жол ақылы 2) өз көлігіме жыл сайын салық төлеймін, растаможка, утильсбор тағы да басқасы бар 3) көлікке міндетті страховка жыл сайын алуым қажет 4) көлік айдауға правам бар 5) бұл тас жолды салуға мемлекеттік қаржы кетті (оның ішінде кішкентай болса да менің үдесім бар), т.с.с. Сонда мен соншалықты ақша шығарып неге поезбен жүруым керек?

Неге бірнеше мем қызметкер өз-ара кездесулерінде жол оқиға статистиканың жақсарғанын көрсету үшін бүкіл ел соның зардабын тарту керек?

Шынымен де халықтың қауіпсіздігін ойлайтын болсаңыздар, мен сіздерген бірнеше ұсыныс берейін.

P.S. бұл мақала толықтай біткен жоқ
FaLang translation system by Faboba