Есімі Сиқым руының ұранына айналған Рысбек батырдың қабірін Манкентте іздеп әзірше таба алмадым
Бұл сайтта Сиқымның Қарабатыры туралы мақала жаздым. "Батыр - елдің сәулеті" кітабының (Авторы Байдалиев Д.) дерегіне сүйенсек сол Қарабатырдың ұлы Шінет, немересі Рысбек, бәрі Қарабатырдың қасында жатыр:
"-Атамыз Қарабатыр, әкем Шінет жатқан Манкенттегі Сиқым зиратына қойыңдар. Қараағаш әулие қолдап, бабам қартайғанда көрген Небосын, Есбосын, Құлбосын, Қармыс төртеуі де, содан тараған басқа ұрпақ та, соның ішінде Қарабатырдың әкесі Есті де сонда жатыр, - дейді өсиетін айтып. Қайтыс болған Рысбекті төбе басында жуыпты. Сол жер Рысбек төбе аталған. Рысбекті тоғыз қаралы түйеге бар жасауымен артып, қаралы керуен Манкентке қарай тартады. Жуалының Шақпақ асуынан асқанда алдынан он түйемен Самарқанның көк тасын Әулиеата жаққа алып келе жатқан саудагерлер кездеседі. Бір түйедегі тасты түйесін, басқа дүниесін беріп сатып алады.
Рысбек батырдың дүниеден қалай қайтқаны және мұрасы жөнінде кейінгі ұрпақтары төмендегідей естелік айтады: -«Атамыз Рысбек қой қоздап жатқан кезде өмірден өткен екен. Мен мұны Рысбектің туған інісі Тұрыстың кенжесі Әмірқұл атамнан естіген едім. – Әкем Молдабек Бегім болыстың ұлы, ал Бегім болса, Рысбектің баласы Төребектің кенжесі еді. Рысбек атамның барлық қару-жарақтары, оның ішінде кебекке салған тұтас ақ сауыты, мылтығы, туы 1930 жылы Талас ауданы жеріндегі Көктал тауында қыстау артына көмілді. Оны көмген Бегімнің ұлы Ерман еді. Өйткені ,одан бір күн бұрын Аңқай – Созақ көтерілісін басқанНКВД әскерлері ағасы Орманды жазықсыз болса да Рысбектің мұрасын бермедің деп атып кеткен болатын. Өлігін жылғадан тауып алып көмдік»."
Жұмыстан отпуск алып Шымкентке келдім. Сөйтіп 5 ақпан 2020 Манкент ауылы жаққа тарттым. Сол ауылдан өтіп Сиқым ауылына жеттім (бұрынғы Свердлов ауылы). Ол ауылдың тұрғындары біразы басқа ұлттан болса керек, Рысбек батыр туралы тіпті білмейді. Ауылдың молдасына бардық, ол кісі үйінде бізге ас-шайын беріп "бұрын Рысбек батыр туралы айтқан еді" деп көршісіне апарды. Көршісі Ерман есімді кісі. Ерман аға Сиқымның ұрпағы. Айтуынша кезінде өзі Рысбек батырдың қабірін Манкенттің айналасында іздеген екен, бірақ таппапты. Жалпы Манкенттің айналасында ескі мола көп дейді. Осыдан кейін жүргізушімен Манкентке оралдық.
Манкентте екі моланың арасында орналасқан Жалал я Жалел атты мешітке кірген едім, күзетшінің бөлмесінде бір семья (өзбекке ұқсайды) ас ішіп отыр екен. Мұнда ескі құлпатыстарды көрдіңіз ба деп сұрасам, бір баласы "2-3 жыл бұрын барлық ескі құлпытасты жинап алып жер бетін тегістедік деді". Қателесуім мүмкін, бірақ дәл солай Рысбектің де басындағы белгісін біреулер осылай жоқ қылған шығар. Қазақтың өзіне өз тарихы керек болмаса, басқа ұлт оны не істесің.
Сиқымның Қарабатыр, Шінет, Рысбек батырларының Манкентте жатқан жері туралы мәлімет болса, Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электронды поштама жазып жіберсеңіз. Ақтауда қайынжұрттың бір адамы бар Серік Машкулов дегн кісі, баласына Рысбек деген ат койыпты. Айтып қоям, бұл Дулаттың белгілі бір батыры деп.