Шілменбет бабаға ескерткіш ашылды

Әне-міне дегенше де жаңа 2023 жыл келді. Бірақ Дулаттардың тарихына байланысты өткен жылдың бір жаңалығын жазбасам болмайды. Ол Түлкібас ауданында Шымкент-Алматы тасжолының бойында, Тұрар Рысқұлов ескерткішінің қасында қараша айының басында ашылған зәулім монумент. Жұрт оны кімге арнап салды десеңіз - Бекболатұлы Шілменбет бабаның кұрметіне салды. Бұл бабадан біздің әулет те тарайды. Ал шежіресін тарқатсақ, Дулатұлы Шымырдың 4 ұлы болыпты - Бекболат, Шынқожа, Темір, Текежан. Бекболаттан - 1) Жиеш (одан Жаңабай), 2) Жиенбет ("Боққайнат" - одан Алдаберді, Сызықбай, Күнту), 3) Шілменбет, 4) Қарымбет (одан Сәмбет), 5) Мырзамбет (Ақмолда, Баймолда, Жаймолда, Бекмолда, Қарамолда - осы бес баланы Бестерек деп атайды).
Ескерткіштің бір ерекшелігі - колонна тұтас гранит тасы блоктарынан салынды. Қасындағы Т. Рысқұлов кешенінің сыртына кезінде керамика плиткасын жабыстырғасын ол енді кей жерде түсіп, жауапты басшылардың назарын қажет етіп отыр. 1990 жылдарда салынған Ордабасы стелласында да плитка құлап монументтын сәнін алып отыр. Ол түгіл жақында Алматыда ашылған Қантар ескерткішінің біреуінде керамика плиткасы түсіп бастады. Сондықтан да Шілменбет баба монументінде керамоплитканы қолданбай тұтас тас блоктарын қойғандарын дұрыс бір шешім болды. Қымбаттау шықса да ескерткіштерді жалпы сапалы түрде салған жөн.
Ескерткішті ашу салтанатынан және менің де түсірген видеолары төменде:



P.S. мақала толығымен біткен жоқ
FaLang translation system by Faboba