Алматы облысында Жаныс Қапал, Шымыр Садыбай батырлардың бейіттерін іздегенім сәтсіз аяқталды

Алматы облысындағы Ботбай Сәмен батырдың жатқан жеріне зиярат етіп барғанымды бір мақалада жазған болатынмын. Бірақ Алматы жаққа сапарым тек сол іспен біткен жоқ. Алматы облысының Қарашоқы деген жерінде талай батырдың атасы - Шымыр Марсымұлы Садыбай батыр жатыр, Ешкіөлмес деген жерде Жаныстың Қапал батыры мен Төле бидің бәйбішесі жерленген деген бір дерек бойынша ары қарай сол жерлерге тарттым.

Қарашоқы ауылы Алматы-Өскемен автокөлік жолындағы Арқарлы асуынан өтіп, трассадан 25 шақырымдай жерде, Сарыбастау ауылынан кейін орналасқан. Бірақ Қарашоқы ауылына барып ауылдың кейбір тұрғындарынан сұрастырып, ауыл айналасындағы екі қорымды аралап шықсам да Садыбай батырдың мазар я кесенесін таба алмадым. Мүмкін келесі рет жолым болар деп трассаға қайта шығып Текелі жаққа жүре бердім. Садыбай батырдың ұрпақтары қазіргі кезде Дулат-Шымырдың құрамында Байтана руы болып белгілі (Байтана - Садыбайдың жалғыз ұлы). Егер батырдың бейіті сол Қарашоқы жерінде болса, неге Байтана бауырларымызға сол жолдың бойында бағыт көрсететін знак қоймасқа? Мүмкіншілік болса нақты геолокациясын да Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. имейлға жіберсеңіздер, біліп отырайық.

Шамамен Талдықорған мен Текелінің арасында, Шымыр ауылынан кейін Ешкіөлмес деген ауылға келіп, тұрғындарынан Жаныс Қапал батырдың кесенесі туралы сұрастырған едім - ол жақтағы жұрт біле бермейді екен, тіпті ауыл мешітінің молдасына телефонға звондасам (мешіттің есігінде қағазда номері жазылған) - ол "айналада ондай кесене жоқ" деп жауап берді. Бұрылып Шымкентке оралуға тура келді. Қапал батырдың кесенесіне жол білетін адамдар болса - жоғарыдағы имейл адресиме жазып жіберуіңізді сұраймын. Болашақта сол жаққа барсам - зиярат етіп баруға ойым бар. P.S. 06.10.2020: үйге келіп қарасам, Қапал батырдың кесенесінің орналасқан жері Ешкіөлмес ауылы мен Талдықорғаннан жоғары екен, Сарканд кентіне баратын жолменен Қоңыр дейтін ауылдың айналасында екен.
FaLang translation system by Faboba