Шымыр - Шілменбет руының шежіресі жарық көрді

Шымкентте Жаксылық Күзенбай есімді ағамыз бар. Жасы 80-ге таяп қалды. Былтыр бір көргенімде Шілменбеттердің шежіресін жинап дайындап жүрмін деп таң қалдырды. Бұл жасқа келгенде көпшіліктің ой-уайымы басқа жақта болады ғой. Сонда қуандым, осындай бейнеткеш ағаларымыз елде көбірек болса екен деп тілеп. Енді биыл көктемде Шотландиядан келіп ағамызды Алматыда бір жиында көріп фойеде отырып біраз әңгімелестік.

Төменде 2024 ж мамыр айында Алматыда Жәкенмен түскен сүретім (ортада):



Ал енді шежіреге оралатын болсақ, кітаптың сыртына былтыр Шілменбет бабамызға қойылған стелланың сүреті қойылды;



Шілменбет бабамыздан тараған үрім-бұтақтардың шежіре сызбалары кітаптің 200-ден астам парағын қамтып отыр.

Одан басқа тағы да біраз пайдалы ақпарат берілген.

Мысалы, аудандағы рулардың орналасуы:


Шілменбеттің үлкен үйі қай ұрпағының қолында екенін;



Шілменбеттердің туы кімде сақталғаны жайлы:



1996 жылы Бәйдібек бабамыздың жаңа кесенесін салғанда болған бір оқиға жайлы:



Өткен ғасырдың ашаршылығы заманында Шілменбеттердің көктемгі азығы:



P.S. мақала әлі біткен жоқ
FaLang translation system by Faboba