Шерхан Мұртазаның 90-жылдығы.

Шерхан Мұртаза ағамыз тірі болғанда биыл жасы 90-ға келер еді. Негізі туған күні қыркұйек айының 28-де, бірақ түрлі себеппен мерей той кейінге қалдырылып қазан айының 20-да (20.10.2022) Жуалы ауданының Талапты ауылында өткізілді. Сол тойда мен де болып көргенімді азғантай бір видеоға жазып алғаным бар. Оқырманымен ендеше бөлісейін:

Видеода тойдың сахнада ресми ашылуы, Ш. Мұртазаның жеке мұрағатынан және тағы басқа фотографтардың сүреттері, ағамыздың жазып қалдырған кітап-шығармалары және де үйіндегі мұражайды ашу салтанатынан үзінді бар.



2022 жылдың 1-ші жартысында Сенаттын депутаттары үкіметке "ШЕРХАН МҰРТАЗАНЫҢ 90 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА ОРАЙ ҚАНДАЙ ІС-ШАРАЛАР ӨТЕДІ" деген сауал жолдаған еді. Оған келген жауап төменде:

«Биыл қазақ әдебиеті мен журналистика саласында өшпес із қалдырған белгілі қаламгер Шерхан Мұртазаның туғанына 90 жыл толып отыр. Жазушының ел мүддесі үшін атқарған еңбегі мемлекет тарапынан жоғары құрметке лайық. Бұл ретте қолданыстағы «Мерейтойлар мен атаулы күндерді мерекелеу туралы» Үкімет қаулысына сәйкес жекелеген тұлғалардың мерейтойлары алғашқы жүз жылдықта – жүз жылдығы, одан кейiнгi жүзжылдықтарда әрбiр жиырма бес жылда аталып өтедi. Осы орайда Ш.Мұртазаның мерейтойы заңнамаға сәйкес мерзім толған кезде мерейтойлар тізбесіне енгізіліп, тиісті жұмыс жүргізілетін болады», - деп атап өтеді Үкімет басшысы (ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов) Сенат депутаттарының сауалына берген жауабында.

Сонымен мемлекет тарапынан бұл орайда кен көлемді көмек болмайтынын түсінген азаматтар қолынан келгенше дайындыққа кірісті. Түлкібас ауданынан тойға келген бір бауырымыз Талаптыдағы асқа 1 жылқы және де 1 млн тенге көмек ретінде тапсырған. Басқа демеушілер де көп болды, оны айтып кету керек. Осы Талапты ауылында, Таразда Шакеннің мерейтойына орай өткізілген шараларға атсалысқан барша азамат/ша-ларға алғысымызды білдіреміз, өркендеріңіз өссің!

Тойда бірқатар ел ағаларымызды вирус пандемиясынан кейін аман-есен екенін көріп қуандым. Араларында бауырларымыз генерал Ертаев, Мекемтас Мырзахметов, Өмірбек Байгелді, тағы да басқалар болды. Қартайса да бойларында әлі қуат бар. Хабардың директоры семейлік Берік Уәли де келген. Жалпы той өтіп жатқан жердің айналасы көліктерге толып кетті. Өзім кейбір шаруаларға байланысты тойдың аяғына болмай үйдін артындағы "парковка"дан әрен шықтым )))
FaLang translation system by Faboba