Сыпатай батырды қаралап журген Садық Смағұлға

Интернетте Садық Смағұл деген бір кісі бар екен. 2011 ж "Қазақ үні" деген сайтта "Сыпатай: батыр ма, сатқын ба?" ( https://qazaquni.kz/2011/10/28/9468.html ), 2016 ж "Қамшы кз" деген сайтта "...Сатқындығын жасырып" ( https://www.qamshy.kz/article/satqindighin-zhasirip.html ) деген мақалаларды шығарып үлгерді. Осы мақаладан басқа гуглда іздегенде есімі шықпайды екен, соған қарағанда псевдоним атымен жазып жүрген де шығар.

Жазған нәрсесін оқысаңыз, тек Сыпатай батырды жамандау екен. Мақаласында Жамбыл Жабаевтың жазған туындыларына сілтеме жасайды. Ал сол Жамбылдың 100% кіршіксіз таза бір пенде болмағанын біле ме екен? Талай қазақтын өмірін тозаққа айналдырып жіберген қанішер Сталиннің қазақ даласында қазіргі сөзбен айтқанда пиарщігі екенін біле ме? Шығарған кейбір өлеңдердің аттары "Сталинді сайлаймын", "Сталиннің ер досы" т.б. Көбісінде Лазарь Каганович, Молотов, Калинин, Клим деген кісілер ер болып көрсетілген. Сонда қаншама қазақтың солардың кесірінен бақилық болғанын білмейме екен? Жақында Мұхтар Шаханов (ютубта бар) "Жамбыл Жабаев Сталиннің туфлиін жалаған" деп айтқаннын бір негізі бар шығар-ау?

Енді оны қойып ары қарай қозғалайық, қазақтың әр батыры бірінші кезекте өз елінің қамын ойлайды, керек болса елі үшін жанын қиюға даяр. Халық тектен тек батыр деп атаған жоқ. Сыпатай батыр да солай. Ал Кенесарыға қосылмағаны немесе хан деп мойындамағанның бір себебі болған. Кенесары болса өз мүддесін ойлап, сол жолда қанша қара қазақтын қаза болатының тіпті ойламаған көрінеді. Төре ғой. Қырғыздармен шешуші шайқастың алдында Дулаттың 12 мың қолы Кенесарыдан кеткенің жеке өзім құптаймын. Соның арқасында қаншама Дулаттар аман болып елге оралды, ұрпағы қазір өмір сүріп жатыр.

Ал Садық Смағұлға айтарым, бір тұлғаны асқақтатамыз деп екінші бір тұлғаны төмендетіп көрсетуды қою керек. Сыпатай батырдың замандасы я сол оқиғалардың куәсі болғандай жаза бергенін қателік. Оқиғаның мән-жайын біле бермесен батырдың атына топырақ шашпа. Елдің қарғысы тиіп кетер. Соны біліп қой.
FaLang translation system by Faboba