Шымыр баба 2024 ж

Құрметті оқырман, хал-жағдайыңыз қалай? Ташкент шахарында 18 мамыр күні бабамызға зияратым жайлы, Шымыр - Жаңабай ұрпағы берген ас туралы жазып баяндап берейін.

Биылғы асты ұйымдастырған жақ - Жаңабай атаның ұрпақтары көбінесе Жамбыл облысын мекендейді. Шежіресіне келсек, Жаңабай ата Шымырұлы Бекболаттың немересі болады (Шымыр-Бекболат-Жиеш-Жаңабай).

Черняевка шекара постынан өткесін, Шымыр бауырларыммен танысып бірге шекарадан таксимен кесенеге келдік.



Кесене іші адамға толы. Бейіттің үстінде мынадай жазу бар жамылғыш көзге түсті.





***Видеоның сапасын арттыру үшін ютубтың экранындағы настройки-качество тарауына кіріп керегін таңдаңыз.

Құран арасында зиярат етушілер бабамыздың аса таяғын алып маңдайларына, еріндеріне тигізіп, сүретке түсіп жатыр. Бір қария келіп, "бұл таяқты қазір мына кемпірлердің біреуі шатастырып өзімен алып кетсе - қайдан іздейсіндер. Мына таяқ сендерге ойыншық емес деп шырақшыға аса таяқ шкафын жапқызды. Шырақшы оны тек бүгін ұрпақтарына ашқанын айтып, аса таяқты орынға қойып құлып салып жапты. Осындай қоғамдық контроль ))) Өзім қолымен ұстап үлгердім, алайда видеоға түсіріп үлгермедім. Жалпы бабамыздың аса таяғы жайлы тарихты білетіндер хабарласса жақсы болар еді. Құдай қаласа бір күні ол тақырып туралы жазып кетеміз.



Кесенеден шығып, Түркістан облысында Шымыр баба қорының президенті - Лештаев Орынбасар және де басқа бауырларымызбен сүретке түстік.





Мазараттын сыртында тағы да азғантай тұрып сөйлесіп ас өтетін "Өзбегім" деген тойханаға кеттік.

Тойхана алдында



Тойхана ішінде астың басталуы:



Алғашқы сөз Жамбыл облысының Шымыр баба қоғамдық қорының төрағасы - Оңласын Есіркепов ағамызға берілді. Жақында дүниеден озған Өмірбек Байгелді ағамыз еске алынды.



Жиында бата берілді, ата-бабаларымызға құран бағыщталды:



Сөз кезегі Алматы/Жетісу өңірінде Шымыр/Дулат өкілі - Есимбеков Даулетбай ағамызға келді. Жиыннан соң бұл ағамызбен Ташкеннен Черняевка постына бір машинамен келдік. Жолда танысып әңгімелестік. Көлікке мінгенімде бармағымды есікке қысып алып ішімнен өз-өзіме ұрысып, жарақат алған саусағыма үрлеп отырдым :)

Асқа оралсақ, сөз Түркістан облысының Щымыр баба қорының басшысы - Лештаев Орынбасар ағамызда берілді:



Айта кеткенім жөн, аста жиналған қауымды микрофон ұстаған азаматтар бірнеше рет сабырға шақырды. Сонда да дастарханда әңгіме-дүкен жалғаса берді. Кейбір ағайын-таныстардың бір-бірін біраз уақыттан бері көрмей хал-жағдай сұрасып, хабар алмасқаны түсінікті да дегенмен көпшіліктің бұл жерде не себеппен жиналғанын ұмытпаған жөн! Келешекте осыны ескертіп астын ресми бөлімін тамақ-шай ішілген сон бастаған дұрыс-ау деп ойлаймын. Ұйымдастырушылар осы жайтты келесіде ойластырса екен.

Бұл жиында бауырлас Ботбай, Сиқым, Жаныс руларының өкілдері де ортаға шығып сөз сөйледі:



Жамбыл облысының халықтар ассамблеясының өкілі де жиынның қонағы болды (06:20)



Жиналған жұртымызға өнер көрсетіп көңілін көтерген бауырларымыз де болды:







Ас аяқталғанда бата берілді:



Сөйтіп сыртқа шығып шекарадағы постқа баратын машинаға отырдық. Шекарадан өткенде біз жақтан бір шекарашы жігіт қайдан келе жатырсыз деп өткен азаматтардан сұрап тұр. Біразы Шымыр бабаға бардык деп өтіп жатыр, әлгі жігіт қасындағы әріптесіне қарап "о, бұл Шымыр баба өзі кім, ұрпағы көп екен" деп есіктің қасында таң қалды. Мен ішімнен "Е-е-е айналайын, Шымырлардың 1/10 бөлігі постынызға бірден келсе жұмысыныз тоқтап қалады ғой )))" деп өттім.

P.S. мақалам әлі дайындалуда
FaLang translation system by Faboba