Төле биді жекпе-жекке шақырған жоңғар батырын бақилық қылған Шымыр Қойгелді батыр
Қойгелді Сартұлы Дулат тайпасының Шымыр руынан шыққан, жоңғар басқыншылығына қарсы азаттық күресте қол бастаған атақты қолбасшылардың бірі. Туған жер үшін жан алысып жан берісіп қырқысқан қазақ батырларының ішінде Қойгелді батырдың шоқтығы биік.
Тарихи мәліметтерге сүйенсек ол 1702 жылы дүниеге келген. Ол туралы М.Тынышбаев 1925 жылғы «Қырғыз, қазақ халқының тарихы туралы материалдары» атты еңбегінде оның XVIII ғасырдың бас кезінде туып, XIX ғасырдың бас кезінде қайтыс болғаны айтылады. Батырдың туған және қайтыс болған жылдарын толық XVIII ғасырға жатқызуға болады. Сол кездегі Шымырлардың ата қонысы Сарыағаш маңайы, Шымкент төңірегі, Қаратау, Билікөл, Ақкөл, Шу, Іле өңірлерін жайлаған.
Әкесі Қойгелдіні жеті жасында Бұхара медресесіне оқуға береді. Онда ол төрт жылдай білім алып, елге діни сауаты мол азамат болып оралады. Кейбір кітаптарда Қойгелдінің хазірет атануы да сондықтан деп көрсетеді. Қойгелді батырдың өмірі Ұлы Жүздің атақты биі Төлемен тығыз байланысты. Қазанғап ақынның:
Сол күндерде хазірет
Сарттың ұлы Қойгелді,
Төледен кейін бастаған Ұлы жүзді бұл еді - деп жырлауы сондықтан.
Оңтүстік қазақтары арасында «Төле би келмей жүріс жоқ, Қойгелді келмей ұрыс жоқ» деген мәтел жұрт аузында әлі күнге дейін сақталған.
Қойгелді батыр түрлі шайқастарда жекпе - жекке шыққанда жеңіліс көрмей жоңғарлардың тоғыз батырын өлтіріп, қазақ сарбаздарын жеңіске рухтандырған ерлігі ел аузында аңызға айналған. Оның даңқы бүкіл қазақ халқына Аңырақай шайқасында шыққан. Бұл шайқаста Қойгелдімен бірге оның екі інісі Қожық пен Ақша және баласы Қарабатыр да қатысады. Қойгелді қолбасшы ретінде Жетісу жерін жаудан түгел азат еткенше жүргізілген соғыстың барлығына да қатысады.
Жоңғар қалмақтары ежелден қара бұқаға табынған. Сондықтан ба, қырғыз жерін жайлаған жоңғарлардың қолбасшысы жауының үрейін ұшыру үшін дулығасының сыртынан қара темірмен қаптап, шетіне бұқаның екі мүйізін мықтап бекіткен екен. Сойылған қара бұқаның терісін сауытының сыртынан жауып, жауына шабады екен. Ол қазақтар арасында Қарабұқа деген атпен белгілі болған. Оның жалауы да қара болып, байрағының басына қара бұқа басы ілінген. Қойгелді батыр бастаған қазақ жауынгерлері жасыл ала ту көтереді екен. Екі жақтың жауынгерлері бетпе - бет келген кезде, жау жағынан Қарабұқа шығады. Сол кезде Қойгелді батыр: - Кәне жауға жекпе - жекке кім шығады? - дегенде Қарабұқаның сұмдық кейіпінен сескенген сарбаздар үнсіз тұрып қалыпты. Сонда Қойгелді арыстандай ақырып: «Бәйдібек - ші, Бәйдібек! Айналайын Домалақ ана, өзің қолдай көр!» - деп астындағы ақылтеке сәйгүлігін көсілте жауға шабады. Бұл жекпе - жек Қаратаудың етегінде, Билікөлдің жағасында тегіс жазық алаңқайда болыпты.
Үш қайтара дабыл қағылған соң батырлар жекпе -жекке шығады. Қарабұқа астына тауға үйренген арғымақ атын тақымдап, өгіздей өңмеңдеп келеді. Сапта тұрған қазақтар: «Иә, аруақ, иә, аруақ! Домалақ ана қолдай гөр! Түркістанда - Түмен баб, Арыстанда Арыстанбаб, қолдай гөр!» - деп сарт - шұрт айқасқа шыққан қос батырды көздері тесіп, тына қалады. Әуелі екеуі де бірін - бірі ала алмай өте шығады. Қарабұқа қайратты болғанмен ебедейсіз екен. Бұрылуы нашар екені байқалды. Осыны қас -қағым сәтте - ақ сезген Қойгелді екінші рет жекпе - жекке шауып келе жатып лезде жалт беріп, Қарабұқаны жанынан өткізе бере құлақ - шекеден найзамен түйрегенде жау дулығасының бауы үзіліп кетеді. Дулыға ұшып түседі. Қарабұқаның бас терісіндей дулығасы түскен соң оның адам бейнесі көрінеді. Ал, бас киімнің ұшып түсуі - әсіресе, соғыста жаман ырым. Қойгелді үшінші қайтара шапқанда найзаны дулығасыз басқа емес, қолтықтың астына салады. Сол кезде Қарабұқаның жан даусы шығып, аяғы үзеңгіге ілініп, басы жерге еңкейіп, қара қаны бетін жауып кетеді. ( мәлімет Сиқым Рысбек батыр кітабынан алынды)
Қойгелді батырдың және бір ерлігі Алатаудан басын алып қазіргі Төле би ауданынан ағып өтетін Балдыбірек, Сайрамсу өзендерінің тоғысқан жерінде жоңғарлармен болған шайқаста көрінеді. Бұл қазақтың үш жүзінің басын қосатын Сайрам ауданындағы әйгілі Мәртөбенің маңында болған. Қатар шеп құрған қалмақ жақтан астына баран ат мінген Даңзаң атты батыры шығады. Ортаға шыға салып: -Жекпе-жек, жекпе-жек! Маған Төлені шығар, Төлені! Ағам менен әкемнің қаны сенің мойныңда, - деп айғай салады. Доңзаңның жасы егде тартып, күш-қайраты кеткен Төлені жепе-жекке шақыруы биді мазақ еткендей болады.
Ашуға мінген бауырластары Сеңкібай мен Шойбек және Сәмен батырлар Доңзаңның басынғанына шыдай алмай «біз шығамыз» - деп жол сұрайды. Сол кезде астында Буданкөк атын екпіндетіп Төленің алдына келіп Қойгелді қол жайып: -Жол беріңіз, мен шығамын! – дейді. Төле би қолын жайып:
-Жаратқан Алла жәрдем ет,
Алдыңнан кетсін бәлекет,
Бақтияр бабам жар болып,
Бәйдібек атам қолдасын!
Жарықшақ, Дулат бар болып,
Сиқым, Жаныс,Ботбаймен
Әруағы Шымыр оңласын
Әулие, әнби бәрі де
Қайда жүрсең қорғасын.
Шіреніп шыққан қалмақты
Құдайым өзі қарғасын.
Жеңіп қайт, батыр Қойгелді
Абырой беріп ал басын
Әумин! – деп батасын береді.
Қойгелді батыр найзасын ұмсынып жауға қарсы шабады. Айқасқан екі алыптың күштері тең түсіп бірін-бірі едәуір уақыт ала алмай жүрді. Алдымен найзаланып, одан қылыштасып та байқасты. Бір кезде Доңзаңның салған найзасын Қойгелді шоқпарымен ұрып сындырады да, айнала беріп Доңзаңның қолының қарынан ұрады. Шапшаңдықпен ұрған батпан шоқпар келесіде жаудың басынан тиіп Доңзаң аттан төңкеріле құлайды.
Қойгелді баран аттың тізгінін іліп алып өз тобына қарай шабады. Қойгелді өз жасағына келіп бір тостақ қымызды сіміріп алып еті қызумен «жекпе-жек» - деп ортаға қайта шығады. Жау жағынан екінші жекпе-жекке қан жирен ат мінген Қолан деген батыры шығады. Қолан атын борбайлатқан күйі шоқпармен Қойгелдіні салып өтеді. Қойгелді оны денеге дарытпай ерден ауып барып бойын қайта түзейді. Қолан атын кері бұрып қолына найза ұстап қайта шабады. Қойгелді өндіршектен дәл көзделген найзаны қағып жіберіп аса шапшаң қимылмен Қоланның тұтас біткен мойнынан қылышпен шауып өтті. Дәңкитен денеден бөлінген бас домалап жерге түсті. Қанжирен ат үркіп айдалаға лағып кетеді. Қойгелді қуып жетіп оны да іліп кетеді. Сөйтіп қалмақтың екі батырын жекпе-жекте өлтіріп Қойгелді батыр үш жүздің баласын түгел тәнті етеді.
Жекпе-жектің соңы қоян-қолтық айқасқа ұласты. Кескілесіп жан алысып жан берген соғыс едәуір уақытқа созылды. Шешуші кезең туған кезде Төле би айқасқа жасырып қойған Саңырық, Қылышбек және Дүйсенбі батырлардың үш мыңдығын қосады. Жау жеңіліп Ақсуға қарай ығысады. Атақты Аңырақай шайқасында қазақ жасақтарының жоңғарларды тас-талқан етіп жеңуінде Қойгелді батырдың ерлігі ерен болды. Жауды жеңген соң Төле би сұлтандарды, қолбасы-батырларды, билерді, жауынгерлерді жиып былай деп толғаған екен:
Арғымақты мақтаймын,
Шапқанда ат жетпесе!
Ақсауытты мақтаймын,
Атқанда оқ өтпесе!
Биеден басқа сауын жоқ,
Сауғаныңда теппесе!
Аруананы мақтаймын,
Көп арттың деп шөкпесе!
Ақсақалды мақтаймын,
Бұзылған елді септесе!
Ер жігітті мақтаймын,
Мынау алыс, жақын деп,
Уәдеден кетпесе!
Қойгелдіме ризамын,
Ер ме ерлік етпесе?!
Армансызбын, дер едім,
Өзіңдей жастар көктесе...
Аталы ұлдың сөзі баянды,
Атасыз ұлдың сөзі шаян-ды.
Аталы ұл Қойгелдім,
Ел үшін неден аянды?!
Желкесін үзді сұм жаудың,
Дегенде қатер таянды,
Олжа әперген еріңе,
Саялат, елім саяңды!.. (Төле бидің бұл толғауынан үзінді Төле би мен Қойгелді батыр кітабынан алынды)
1734 жылғы жоңғар шапқыншылығының ақтабан шұбырынды алқакөл сұламадан кем түспеген жойқын соғысында, Ұлы жүз қазақтарының оннан жетеуінің құрып кеткені тарихтан белгілі. Осы кезеңде қалған елді аман сақтап қалу мақсатында Төле би мен Қойгелді батыр дулаттарды Қарақалпақ жеріне алып өтеді.
Кейін 1739 жылы Төле бидің бұйыруымен Қойгелді бастаған қол Ташкентті қайырып алады.
Жамбыл облысының энциклопедиясында Қойгелді өзінің сарбаздарымен 1739 жылы Қаратау, Алатау өңірлерін жайлаған жоңғарларға деп жіберілген қару - жарақ тиелген орыс керуенін қолға түсіріп, өз сарбаздарын орыс мылтығымен қаруландырғаны туралы да мәлімет келтіріледі.
Кейін қазақтар 1756 - 1757 жылдары жоңғар қалмақтарын атамекеннен біржолата қуа бастағанда керуеннен тартып алған мылтықтардың көп пайдасы тиген еді. Сол орыс мылтықтарының біреуін Қойгелдінің Аңырақай шайқасында жараланып қаза тапқан інісі Ақша батырдың тұңғыш ұлы Өтеболат алған екен. Оның замандастары, ұрпақтары бұл мылтықты жай тастар, қорғасын оғын - жайдың тасы, жай оғы дейді екен. Бұл мылтық 1916 жылғы патша өкіметіне қарсы көтеріліске дейін Өтеболат ұрпақтарында сақталған екен.
Қойгелдінің қолбасшылық дарыны 1758 жылдары жоңғар басқыншыларына қарсы ақтық шайқастарда ерекше көзге түседі. Оның басқарған 17 мыңдай қолында Ұлы жүздің қару ұстауға жарайтын барлық батырлары дерлік болған. Оның сарбаздары қазақ жерін жоңғарлардан бөлек Қырғыз, Түркпен, Қоқан, Хиуа, Бұхар басқыншыларынан босату жолында да көп ерлік жасаған. Карл Миллер: «Төле би мен Қойгелді батыр Ұлы жүздің ең басты адамдары» - деп баға берген.
Қойгелді Төле би көз жұмған соң билікті өз қолына алып оңтүстіктегі Ұлы жүзді 40 жылдай басқарды. 1771 жылы Абылайды хан сайлағанда ақ киізге көтерісуге қатысқан. 1781 жылы Абылай қайтыс болғанда хан сүйегін Түркістанға жерлеудің басы - қасында болады. Ұрпақтарының айтуына қарағанда Қойгелді 90 жастан асқанда Мекке -Мәдинаға қажылыққа барып, дін жолына көбірек бет бұрған, шамамен 1795 жылы 93 жасында қайтыс болады. Ұлы жүздің ханы болған Жолбарыс хан өлген соң ұлы жүзге хан сайланған жоқ. Билікті Төле би жүргізді. 1756 жылы 93 жасында үш жүздің төбе биі аты бүкіл қазаққа мәшкүр болған би қайтыс болды. Оның денесі Ташкенттің Шайхантәуір деп аталатын қабірстанға жерленді. Төле бидің мұнда жерленуіне оның тоқалы Бибі себепші болған. Өйткені бибі Шайхан-Тәуірдің тікелей ұрпағы еді.
Төле би қайтыс болған соң Ұлы жүздің билігі Қойгелдінің қолына көшеді. Ұлы жүздің тізгінін қолын мықтап ұстаған Қойгелді жерін, елін Ресейге де бағындырған жоқ, іргесіндегі Қоқан хандығына да телміртпеді, сөйтіп 25 жылдай билік құрды. 1756 – 1757 жылдары жоңғар қалмақтарға қарсы қазақ халқы жаппай көтерілгенде Қойгелді әруақ шақырып, аттандап оңтүстік қазақтарын ерге қондырғанда қолына қару ұстауға жарайтын 30 мың жасақ жиналды. Қалмақтарды жаппай қуу басталды. Жетісуға жеткен соң Қойгелді әскерін қайта топтап 17 мыңын ғана таңдап қалдырып, басқаларын елге қайтарады. Жетісу жерінде Абылай мен Қабанбай, Бөгенбай, шапырашты Наурызбай, Райымбек батырлармен қосылып, жоңғар қақпасына жеңіс туын тігіскен осы 17 мың қолды басқарғандар арасында садақшыларға басшылық еткен Саңырық, ал жалпы әскер ішінде мыңдықтарды басқарған Өтеген, Қосы, Мәмбет, Шойбек, Сеңкібай, Сәмен, қаңлы Тілеуке, қарақалпақ Қылышбек ... сияқты батырлыр болған. Бұл туралы дерек Егемен Қзақстан (21 қараша, 1992 жыл) жарияланған.
Даңқты қолбасшы, батыр Қойгелді 1795 жылы өмірден өтті. Қойгелді өмірден өткен соң Ташкентті билеуге бақталастық басталды. Билікке Төле бидің баласы Қожамжар, Бәйтік, Сиқымнан Рысбек, Шымырдан Қойгелдінің баласы Жолмырза таласты. Ақырында түп нағашымыз деп Ташкентті билеуді Жүнісқожаға тапсырады. Жүнісқожа болса биліктен айырылып қалмауды ойлап қазаққа қазақты айдап салады. Қошақ деген Шаңышқылының батырына 40 мың қол беріп Дулаттықтырдың бетке ұстарларын түгел қырғызады. Олардың бастарын төбе етіп үйгізіп ең ұшар басына Қойгелдінің немересі Қырғызбайдың басын қояды Қазақтарды өзара қырқыстырып, таластырып қойған қоқандықтар көп ұзамай-ақ Ташкенді, басқа да қалаларды басып алады. Ұлы жүзге екі жүз жыл астана болған Тәшкеннен Дулаттардың айрылып қалуы осындай алауыздықтың салдары болатын.
Қойгелді ұрпақтарынан Жетібай, Бөлтеш, Жампоз, Бұралқы, Керімбай сияқты билер, Өтеболат, Қырғызбай, Байшағыр, Қарабатыр, Шонды сияқты батырлар шыққан. Ал Қабыланбек (Қойгелдінің немересі) бек болып қалада бес қақпаны билеген. Бір ғана Ташкент қаласының өзінде Қойгелді базары, Қойгелді көшесі, Қойгелді қақпасы деген атаулар болған. Қойгелді соғысқан жерлер Қазақстанның оңтүстік өлкесінде Қотырбұлақ, Майтөбе, Қошқарата, Ақкөл, Қаратау сияқты жерлердегі шайқастардың іздері әлі күнге белгілі.
Қойгелді өз елін отырықшыландыруға, суармалы егіншілікпен айналысуға, балаларды медресеге оқытуға көп көңіл бөлген. Батыр сардар Қойгелді туралы Ресей архивтерінде де материалдар жеткілікті, білім іздеп Иран жұртына да барып қайтқаны туралы айтылады. Қойгелді батырдың Ташкентте, Сарыағашта, Сайрамда, Шымкентте т.б салдырған керуен сарайлары, мешіт - медреселері, қаздырған тоғандары бар. Қазір Жамбыл облысындағы бір шаруашылық, Тараз қаласындағы бір үлкен көше Қойгелді есімімен аталады және оған ескерткіш орнатылған.
Мәлімет "Батыр - елдің сәулеті" атты кітаптан алынды. Авторы Байдалиев Д.