Жаныс Шымырбай батыр (датқа) - жалғасы

Жаныс Шымырбай батыр (датқа) туралы былтыр осында мақала жазып едім. Сол кезде бұл тұлға жайлы тағы да жазамын деп қойдым. Сонымен бұл бағытта еңбегімді жалғастыруым керек.

Жалпы Шымырбай датқа жайлы ізденісім қалай басталды десеңіз, оның хикаясы мынадай:

2023 ж сәуірінде Шымыр Қойгелді батырдың (қолбасшының) ұрпақтары Қаратау қаласының спорт кешеніңде 2-ші мәрте жастар арасында қазақ күрестен турнир ұйымдастырды. Мені сол жарысқа батыр ұрпағының биі - Шамгон аға шақырғасын, неге бармасқа дедім де жолға щықтым. Турнир ресми түрде ашылды, батыр бабамыздың әруағына арнап ас берілді. Бәрі дұрыс өтті, бауырларымызбен қощтасып үйіме қайттым. Жотаның бойымен жол жүріп жол жөнекей мына бір знакка көзім түсті:





Бұл бір батырдың кесенесіне апаратын жол деп, трассадан бүрылдым. Жол Әбдіқадыр ауылына жеткізеді екен. Кейін сұрастырып жүріп, ҚСРО дәуірінде жасаған Әбдіқадыр есімді тұлға аталмыш Шымырбай датқаның ұрпағы екен. Ауылдың бұрынғы аты Ленинский путь. Гугл Мэпс арқылы қарадым, сол баяғы есімімен тұр. Менің ойымша трасса бойына ауылдың атауы бар знак орнатылса карта салатындар қателеспейтін болар.



Трассадан қара жолға түссем, сақ қорғаны тәріздес бір көне тас үйінді көрінді. Үсті ойық. Бір қызығы - қорған айналасын жерге қазылған 4 қатар тас коршап тұр:







Әбдіқадыр ауылынан қарап тұрсаңыз, іргелес орналасқан 3 қорған аңық көрінеді:



Ауылдың айналасында тағы мынадай бейіттер тұр. Бұларға дұрыс, жазуы аңық көрінетін табличка я тас орнатылса - зор болар еді. Өлі риза болмай...





Сөйтіп ауылға жеттім. Ауыл ішіндегі кейбір жолдар спецтехникамен қазылып, ашық траншея көрініп тұрды. Үкімет скважина қазып суын ауыл үйлеріне құбыр арқылы тартып жатыр екен. Кесенеге жақындайын деп ауылды айналып өттім де, ауылдың бір ақсақалын көріп тоқтап біраз әңгімелестік.



Жаке осында көптен бері тұратын Орта Жүз Уақ екен. Кесене жаққа мені үйлер арасымен апарып көрсетті. Төңіректе Билікөлдің жағасында өсіп тұрған ағаштың да сырың біледі, айтуы бойынша 1963 я 1964 ж таудағы Шымырбай сайынан Берқара өзеннің бойымен сел көлге дейін жетіп ағаш томарларын жұлып алып келген, сол томарлардан ағаштар көлдің жағасында өсіп бастады.

Сонымен Шымырбай датқаның кесенесіне келдік.



Өзім түсірген бір видео:



2022 ж қазан айында кесене салынғаннан кейін Шымырбай датқаның рухына арнап Билікөлдің арғы жағындағы Қаракемер ауылында тұрып жатқан ұрпағы ас пен көкпар берді. Сол сәттерде түсірілген видеоларды осында төменге салып қоямын. Елдіміздің кейбір ағалалары бұл шараларға атсалысып жүргенін байқадым. Видео сапасын арттыру үшін ютубтын төменгі жағында настройки деген тарауына кіріп, керегін өзгерте аласыздар.







Бұд мақаланы аяқтап оқырманмен қоштасардын алдында тағы да бір нәрсені айтып кетейін - Әбдіқадыр ауылы мен датқанын кесенесіне баратын қара жолға асфальт төсегенде дұрыс болар еді, сосын кесене алдына жылы мезгілде қол шаятын кран/колонка орнатылса екен. Елімізде датқалардың кесенелері саусақ санарлықтай, зияраттап келушілерге жағдай жасайтын мүмкіншілік те бар. Ұсынысымыз тиісті құлаққа жетер деген үміттеміз, сол үшін алдын ала рахмет айтамыз, аман-сау болыңыздар!
FaLang translation system by Faboba