Шымыр Байтана баба ұрпағы 1926 жылы ресми түрде ру болып аталғаны жайлы

Шымыр Садыбай батырдың 445-жылдығы мен Садыбайұлы Байтананың 420-жылдығы жайлы сайтымның жаңалықтар тарауында жазған болатынмын. Ал Байтана бабадан (1603-1663) өрбіген ұрпақ қай уақытта ресми ру болып танылды деген сұраққа төменде бір дерек бар. Ол Қойгелді батырдың ұрпағы - Керімбай болыспен байланысты екен:

Мына бір мақала бойынша:

https://janaomir.kz/?p=1705

..."Ал Садыбайдың ұлы Байтана өсе келе шынығып, ерте есейіп, әкесі үшін кек алуға бел буады. Батыр болып өседі. Байтана Жәңгір ханның батыр сарбазының бірі болғанын ұрпақтары біледі. Одан алты ұл дүниеге келіп, бүгінгі күнге дейін өсіп жеткен ұрпақтарының саны екі мың шаңыраққа таяп қалды, дейді ардақтылар. 1926 жылы Керімбай болысқа (Керімбай датқа Бұралқыұлына) ас бергенде байтана ұрпақтарына «ру» атағы берілген екен."

Сонда Байтана бабаның дүние салғанынан 263 жыл өткеннен кейін (1926-1663=263) ұрпақтары ел арасында рулық дәрежеге лайық болды.
FaLang translation system by Faboba