Жаныс-Байыс шежіресі (электронды нұсқасы)

Жаныс - Жанту - Байыс руының шежіресі 2009 жылы Алматыда жарық көрді. Шымкент жақта Байыстардың шежіресін Жеңісбек Мәуленқұлов, Әбілқасым Шыныбаев, Бейсен Есімбеков дайындап ұсынса, Жетісудағы бауырларымыздың ата-бабасы мен бүгінгі үрім-бұтағын түгендеуге Дүйсен Қанаев, Кемал Байалбаев, Дәлібай Әбдіғұлов атсалысты. Ал кітапты баспаға дайындау барысында бүкіл Алматы мен Тараз маңындағы ауылдарды түгел аралап, Шымкенттен келген қолдағы бар материалды саралап, кестесін түзіп, әр аумақтағы ағайындарға арнайы барып жолығып, көзбе-көз келісіп, көп еңбектенген, шежіре түзудің "белгілі маманына" айналған бауырымыз Серікбек Еркінбековтің еңбегі ерекше зор екенін баса атаған жөн. Кітапта шежіре тізбегінен өзге тарихи тұлғалар, елдің қадірлі азаматтары, Байыс ұрпақтары мекендейтін өңірлер жөнінде т.б. мәліметтер бар (мысалы, 1) танымал мемлекеттік қайраткер - Қанат Саудабаев мырза Байыс руынан екен. 2) Орыс келімсектің Түлкібас ауданындағы қазіргі Балықты ауылының жерін Ботбай руының бір биінен сатып алғандығы жайлы (кітаптың 230 бетінде): "Балықты, аудан орталығы Тұраркенттен батысқа қарай 26 км, ал Састөбе т.ж. 8 км жерде Арыс өзенінің оң жағалауына таяу орналасқан. Іргесі 1872ж. қаланған. Осы жылы Ресейден Алексей Стрюковский көшіп келіп, Ботбай елінің биі Қайназаров Әбілдадан жер сатып алып, үй-жай сала бастайды. 2-3 жыл өткенде Ресейдегі туған-туысқандарына, таныс адамдарына хат жазып, осында келуге үгіттейді..."). Шежіре материалдарын қарап көмегін берген жазушы Мархабат Байғұт. Жалпы редакциясын басқарған белгілі жазушы, шежіреші Марал Ысқақбай. Шежірені басып шығаруға қаржылай көмектескен азаматтардың тізімі кітаптың 265-ші бетінде. Кітаптың электронды нұсқасы төмендегі сілтеме бойынша:

http://kazneb.kz/bookView/view/?brId=1592521&simple=true&lang=kk#

Кітап беттерінің өлшемін ауыстыру, аудару кнопкалары экранның жоғары сол бұрышында орналасқан. Кітап бет саны жазылып тұрған жерге санды теріп енгізсеңіз - керек бетке тездетіп апарады.
FaLang translation system by Faboba