АҚШта Дональд Трамп жанұясының жаттықтырушысы болған Жаныс Қапал батырдың ұрпағы

Интернетте Қапал батыр жайлы мәлімет іздегенімде, оның бір ұрпағы - Бауыржан Кәріповтың 2017 жылы БАҚқа берген сұхбатына көзім түсті. Сұхбатқа сілтемені төменде қалдырамын (мақала орыс тілінде). Бауырымыз бірнеше жыл АҚШта тұрып, спорт саласында жұмыс істеген. Сонын ішінде алты жыл қазіргі АҚШтың президенті - Дональд Трамптың әйелімен қызын жаттықтырып жүрген. "Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас" демекші, Бауыржан жанұясымен еліне қайтып келді. Баукенін айтуы бойынша ол Алматы облысындағы Ақын Сара ауылында дүниеге келген. Атасы Тұрсын заманында сол өңірдін болысы болған, аштықтың кезінде отбасымен Қытайға көшіп, 1948 ж. өз ауылына оралды.

сұхбат:

https://camonitor.kz/26518-chto-svyazyvaet-potomka-kapal-batyra-s-donaldom-trampom.html

Аталмыш Ақын Сара ауылы, Қапал батырдың жатқан жері - Қоңыр ауылынан алыс емес жерде, арасы санаулы шақырым екен.

FaLang translation system by Faboba