Жаныс Шабайұлы Жақсығұл батыр. Есімханның жағында Ташкентті алған. Жәңгірханмен Өрбұлақ шайқасында 600 қазақ сарбаздың жартысына қолбасшылық еткен

Жаныс Шабайұлы Жақсығұл батыр. Есімханның жағында Ташкентті алған. Жәңгірханмен Өрбұлақ шайқасында 600 қазақ сарбаздың жартысына қолбасшылық еткен
Шабайұлы Жақсығұл батыр. Дулаттың Жаныс Бөгежілінен шыққан батыр тұлға. Кесенесі Қазығұрт ауданының Аққұм ауылында орналасқан. Жету үшін Шымкент-Сарыағаш асфальт жолынан Шарапхана ауылына бұрылып, сол ауылдың мешіті жанындағы Т-жол қиылысында Жаңабазар ауылына бағыт көрсетіп тұрған знак бойынша жүріңіз. Жолда Қарабау, Жұмысшы деген ауылдар кездеседі, У-жол қиылысында оңға алып Қаржан ауылына қарай жүріп, кейін 1-Май (Алтынтөбе ауылы) ауылынан өтіп Аққұм ауылына жетесіңіз. 4 ғасыр бұрын Есімханның заманында жасаған (шамамен 1600жж басында) Марқасқа жыраудың алғаш жырлаған "Еңсегей бойлы ер Есім" жырын Жаныстың Қазанғап Байболұлы (1889-1945) үйреніп жаздырып қалдырған. Мына бір ссылка бойынша оқи аласыңыз (ескерту: ұялы телефонда дұрыс ашылмау мүмкін),

http://kazneb.kz/bookView/view/?brId=453656&lang=kk

Кесененің есігі жабық. Шырақшы кісінің үйі кесененің қасында (видеода жасыл шатырлы). Біз барған кезде (10 ақпан 2020) жауын жауып, шырақшы шаруаларымен үйінен шығып кеткен, сөйтіп кесененің ішіне кіре алмадық.



Жырда Жақсығұлдың есімі Есімхан мен Тұрсынханның 1-ші соғысы кезенінен кездеседі:
"Далаға шығып Ер Есім,
Жинады қазақ жаранын.
Тұтқындарын босатып,
Шақ қылды қошын тамамын.
Есепсіз ерлер жиылды,
Айтайын бір-бір хабарын:
Ұлы жүзден Жақсығұл,
Бөгежілі затынан,
Руы еді Жаныстан.
Шабайдың ұлы Жақсығұл
Ауада ұшқан аққудың,
Шашар еді қандарын.
Ер Алатау Қоңыраттан,
Батыры еді әмбенің.
Бөртұғалиұлы Жиембет, (*немесе Бөртуғашұлы)
Алшын дейді аңғарғын.
Үйсін батыр Сүлеймен,
Білмеймін ру, намдарын.
Патша қылды қазақтар,
Атасының орнына (*Есімнің әкесі Тәуекел хан Түркістанды Тұрсынхан шапқаннан кейін өлді)
Есім болсын хандарын.
Нәсілі Шыңғыс төреден,
Қабыл тұт мұны бәрлерің.
Құтты болсын тақытың
Мүбарақ болсын қадамың,
Жолын болсын әумиін!..
Дуылдасын қалың жұрт,
Кілемге алтын салады.
Қазығұрттың басына, (*Қазығұрт тауының тарихы тек кеме айналасы емес)
Хан көтеріп шығады...
Ту көтерді, сарын қып
Есім хан деген ұранды.
Шапаққа енді қамданып,
Ташкенге қошын шығарды.
Есепсіз ерлер жиіліп,
Дүркін-дүркін айдады.
Білдірместен шаһарын,
Түн ішінде қамады.
Әр дарбаза ауызына,
Мыңнан әскер қояды.
Зеңбірек атып, талқандап,
Ордасын ханның бұзады. (*Тұрсынханның)
Аллалап тегіс, ұран сап,
Қазақтың бәрі ұрады.
Атқан садақ қалаға,
Қардай болып борады.
Тұман болып оқтар түтеді,
Өткізбеді аспаннан,
Жасын ұшқан қарғаны.
Тастан берік сарайды,
Дәрі қойып ақтарды..."


Артынан Есімхан Тұрсынханмен (Тұрсынхан ант беріп) татуласып, Есім қалмақтын мәселесін шешпекші болып бір жылдық жорыққа аттанады.
Жақсығұлды елде былай деп қалдырады:

"Жақсығұл мерген, елде қал!
Қылатын сенің ісің бар.
Шолғыншы болып айланып,
Асынып мылтық байланып,
Елдің шетін електеп,
Некен саяқ деректеп,
Рахат, ұйқы көрмейін!
Алдымдағы қалың жұрт,
Анықтап айтшы билерді,
Аттарын, сірә, кім деймін?
Үш жүздің енді баласы,
Қарар тауып ойлады,
Ынтымақпен сайлады:
- Құдайберді Жаныстан, (*Төле бидің атасы)
Ең әуелі болғаны.
Орта жүздер сайлады,
Арғын Шаншар мырзаны.
Қаз дауысты Қазыбек,
Осыдан тарап шығады.
Кіші жүз Алшын Жидебай,
Баласы мұның Әйтеке
Шежіреде шығады..."


Есімхан қалмақ жаққа аттанып кеткесін елді қайтадан Тұрсынхан шапты:

"Қырғын салды қазаққа,
Самалын құдай ондады.
Қара жерді қандады,
Буаз қатын кез келсе,
Ішін тіліп жайлады.
Бас қамында анасы,
Шырылдап жылап баласы,
Бесіктер қалды жол-жолда.
Найзамен түйреп жамғарды,
Өлікпенен бөгеді,
Қыр менен адыр, сайларды.
Ошаң етер адам жоқ,
Исапсыз көрді пайданы.
Төрт түлік малды айдады.
Тозғыны шығып қазақтың,
Бір бөлегі ауды Бұхарға.
Жиделібайсын барғалы.
"Ұлы жүз алты ауыпты,
Байсынға", - деген сөзі бар.
Хан Тұрсынның заманы,
Ең әуелгі барғаны.
Бес ауыпты мұнан соң,
Әзіз Төле нұсқасы,
Сонда айтылар қалғаны.
Шежіреден оқындар,
Көбі ауқым Шуға ауды,
Отан қылып тұрғалы.
Кейінірек күнінде
"Үш ата" өткен заманда,
Қоңтажы деген бір қалмақ,
Бері қарай тағы айдады.
Бір бөлегі ұрысты,
Қарсы тұрып жаулармен,
Біреу жоқ сау қалған..."

Жақсығұл аңға шығып Тұрсынханның елді шапқанын білмей қалады:

"Мергеннен Жақсығұлдай аз сөйлейін,
Жұртқа ие, шолғыншы еді басындағы.
Зерігіп кеткен еді тауға таман.
Аң атып жолбарыспен аю, қабан.
Үш жүзге аты шыққан заңғар еді,
Атақты озық мерген осыншадан.
Аспаннан аққуды атып түсіреді,
Жердегі былай тұрсын жүгірген аң.
Болжаса, жолдың бойы кесілген бас
Көп өлік жердің жүзі қып-қызыл қан.
Хан Тұрсын елді қырып қойған жайпап,
Байлауда бір қатары қалғандардан.
Қарлы тау зорға шықты ең басына,
Дәрісін оң келтірді жамбасына.
Бастады Қатағанға қырғын түтін,
Тоғыстың Бадам менен арасында.
Түтінін түтініне қосты атып,
Жаңғырық пайда болды тау тасына.
Жақсығұл атты мылтық топ үстіне,
Кез келген тұра алмады ат үстінде.
Тең екен сұр мерген мен батыр Шабаз,
Жақсығұл Есімханды қарсы алмақ боп,
Қамданды, атысуға оқ-дәрі аз боп.
Әулиеата тарапқа,
Сапар тартты Жақсығұл...
Жылап-жылап алады,
Елді ойлап аулақта."



Жақында Өрбұлақ шайқасы туралы бір сериал шықты. 3-ші бөлімнің 23:45 уақытында Жақсығұлдың Жәңгірханмен сұхбаты:



Бұл мақала біткен жоқ, кейін тағы дерек қосатын боламын. Видеоның сапасын көтеру үшін (әсіресе ұялы телефонмен қарау үшін) - ютубтын "настройки изображения" дегенге кіріп 140тан жоғары таңдау керек.
Әзірше кейбір деректер: 2004 ж батырдың қабірін археологтар қазып ашып батырдың сауытпен қасында найзасын қойып жерлегендігі аңықталды. Әзірше Шымкент қаласында Жақсығұл батыр мен Қазаңғап Байболұлының есімімен аталған ешбір көше жоқ. Аққұм ауылында газ құбыры бірнеше жыл бұрын тартылған - бірақ газ әлі қосылған жоқ, Қаржан, Аққұм ауылдардың тұрғындары әлі отын-тезек-көмір жағып жүр. Бұл мәселелерге де көңіл аудару керек, ағайын.
FaLang translation system by Faboba