Шымыр баба 2025

17.05.2025 Ташкент қаласында Шымыр бабамыздың асы өткізілді. Сол шараға өзім барып қатысып, көрген нәрселерімді қысқаша баяндап берейін.

Шымкенттің "Колос" шағын ауданында Сарыағаш-шекара такси жағына барсам, ГАИлер таксистерді сол жерден қуып жүр екен. Көлікке міну үшін такси жүргізушімен тағы бірнеше жүз метр жаяу жүресін. Жалпы түсінігім бойынша әкімшілік бұл таксилерге Қазығұрт шағын ауданына сәл жетпей трасса бойында асфальтталған тұрақ орнын дайындапты. Болашақта бәрін сол жерге көшіретін көрінеді. Жалпы бұл өзгеріс көлігі жоқ адамдарға қосымша проблема туғызатыны түсінікті, алайда не болатынын уақыт көрсетеді :)

Шекарада Қабыланбек бекетінен өтіп сол маңайда автовокзалға барып көрсем, өзбек таксисттер "Шымыр атаға баратын автобустар бағана кетіп қалды" деп соңғы хабарын айтты. Сөйтіп Шымкенттің "Колос/ынан" таксимен бірге келген малайзиялық турист - Вонг есімді жігітпен қоштасып (жол бойы ағылшын тілінде әңгімелесіп салонды шаршаттық ау :), бір астаналық жігітпен Ташкенттің орталығына таксимен тарттық. Ол жігітке әңгіме жоқ, асқа асығып бара жатырмын дегеніме түсіністік танытып, бірінші болып мені апарып тастауға қарсы болмады.

Биылғы астың міне осындай бейджің ұйымдастыруші тобының белсенді мүшесі - Данияр есімді жігіттен алдық.





Асты беру үшін мазарат қақпасының алдында навес Т-әріпі тәріздес орнатылып, үстелдер қойылды. Сол жерге келгенімде, ас басталмай жатып көрші елдің полицейлері 3-4 көлік болып бір шетте жиынды бақылап отырды :)



Бабамыздың кесенесіне кіріп шыққан жолымда еліміздің белгілі қайраткері, генерал Сәт Тоқпақбаевтің кесенеге келе жатқанын көріп жол бердім. Сол сәттерден кейбір сүреттерімді салып көрсетейін:













Ас Бәйдібек баба қорының төрағасы - Жарылқасын ағамыздың батасымен басталды:



Келесі сөз генерал Сәт Төқпақбаевка берілді:



Көрші елдің ардагерлері өткізілген шара-жиынға өз ілтипатын көрсетті:



Генерал Ержан Исақұлов:



Асқа келген ардагер генералдарымызды сол жерде көпшілікке таныстырған мына кісіге рахмет, Сәт ағамыздан бастап, Әбдуқадыр Кәрім, Ержан Исақұлов, Ауған елінде елші болған Битимов Орынтай ағаларымыздың елге еткен қызметін қысқаша айтып кетті. Генералдарымыз бірнеше күн ішінде көрші елдегі Әмір Темір орталығынан бастап, Нұрата кентінде Әйтеке биді зиярат етіп, Ташкентте Төле бидің басына барып енді міне Шымыр бабамызды да зиярат етуге келіпті.



Жамбыл облыстық филармония қызметкері - Бақыт Шағырбаев ағамыз, танымал ақын/жырау - Кенен Әзірбаевтың 77 туындысын жатқа білетін азамат екен!



Бақыт ағамызбен қайтарда түскен бір селфиім бар :)



Аста келесі сөз кезегі көрші елде қазақ мәдени орталығының басшысы Серікбай Үсенов және де сол елдің академигі Қалдыбек Сейданов мырзаға берілді. Қалдыбек ағамыздың Өзбекстанда қазақ ұлты үшін істеген еңбегінің бір шетін айтсақ, белгілі әдебиет зерттеушісі ретінде сол елде 376 қазақ мектебінің 5, 7, 9, 10, 11-сыныптары үшін «Қазақ әдебиеті» атты бес оқулық жазып, олар төрт рет басылды. Әрі 5-11-сыныптар үшін «Қазақ әдебиеті» атты бағдарламаны да өзі жазған болса, жоғары оқу орындары филология бөлімдеріне арнап «Арнаулы курс», «Арнаулы семинар» сабақтары үшін «Мұхтар Әуезов және туысқан халықтар әдебиеті» (өзбек тілінде) «Шыңғыс Айтматов және өзбек әдебиеті» (өзбек тілінде) «Әуезов және Орта Азия әдебиеті», «Қазақ әдебиетінің тарихы» атты көмекші оқу құралын бастырып шығарды.



Жиын барысында көрші елдің ардагер генералдары Сәт ағамызға мына бір айғырды сыйға тартты. Біздің жақ та олардың үлкен генералына боз атты сыйлады.



P.S. мақала толықтай аяқталған жоқ
FaLang translation system by Faboba