Алтын Орда ханы Тоқтамыс неліктен Ақсақ Темірге қарсы бірінші шайқасында жеңілді? Спойлер: опасыздық пен парақорлық

Сайтымда Ақсақ Темірдің тасы жайлы бір мақалам бар. Ол оның Алтын Ордаға қарсы бірінші жорығымен байланысты. Жалпы Алтын Орданың ханы Тоқтамыс Ақсақ Темірмен екі рет ұрысқа түсіп екеуінде де жеңіліс тапқан (18/06/1391 ж. қазіргі Самара облысында және 15/04/1395 ж қазіргі Кавказ жақта). Алтын Орданың әлсіреп бірте-бірте тарихи сахнадан кетуі бұларға байланысты.

Бұл тақырыпта мен Әмір Темірдің өзі жаздырған "Уложение Тимура" туындысына сүйеніп аталмыш себептерді кітаптан скриншот қылып мақалама салып қоямын.

"Уложение Тимура" қайдан шықты, Ақсақ Темірдің өзі жаздырған бір жазбаша дерек пе, т.с.с. сұрақтарыңызға жауап алу үшін төмендегі сілтеме бойынша орысша мәтінді оқысаңыз болады:

https://www.vostlit.info/Texts/rus5/Ulozenie/framepred.htm

"Уложение Тимура"-ның бірінші бөлімі мына сілтеме бойынша:

https://www.vostlit.info/Texts/rus5/Ulozenie/frametext1.htm

Айта кеткенім дұрыс болар - Ақсақ Темір Алтын Ордаға қарсы жорықтарды Тоқтамысқа дейін де жүргізді. Мысал мына бір үзіндіде (Қазақ хандығын құрған Керей мен Жәнібек хандар аталмыш Орыс ханның шөберелері):



Тағы бір айтып кететін жайт, Тоқтамыс Алтын Орданың тағына Әмір Темірдің көмегімен қол жеткізді. Ал кейін екеуінің арасында орын алған ұрыстың біріншісіне оралсақ, Тоқтамыстың неден жеініліс тапты деген сауалға осы "Уложение" жауап береді:



1-ші себеп - опасыздық, яғни ханның қол астындағы кейбір бектердің сатқындығы.

2-ші себеп - ұрыста Алтын Орданың туын көтеріп ұстайтын адамның ақшаға жаудың айласын жүзеге асыруы.



Неше ғасыр өтсе де адамдар көп өзгерген жоқ, сол баяғы сатқындар мен парақорлар әлі де бар. Қазақ елі Алтын Орданың мұрагері десек, Тоқтамыстың жеңілудің себептерін біліп қана қоймай бұл тарихтың қайталанбауына тиісті жұмыс жұргізгеніміз жөн!
FaLang translation system by Faboba