Жоңғардан кейін ел-жері үшін қырғызбен алысқан Дулат батырлары
Жоңғармен соғыстан әбден қалжырап есін енді жия бастаған Қаратау қазақтарына 1760 жылдардың аяғында оңай олжа іздеген қырғыз манаптары соғыс ашты. Олар Жетісу аймағындағы Құлан, Меркі, Шу өңірлерін Қоқиға дейін басып
алды, Алатаудан асып Түлкібас өңіріне шапқаны да болды. Қырғыз қолын Садыр, Жойыл деген манаптар басқарып бейбіт халыққа зобалаң салды. Осы кезде Жетісу жеріне Ташкент жақтан Шымыр Қойгелді мен Сиқым Рысбек батыр бастаған
қол көмекке келді. Арқа жақтағы Абылайға шұғыл шабармен жіберілді.
Садыр қолымен болған шайқаста Рысбек батыр мен Ботбай Сәмен батырдың ерлігі ерекше болды. Садыр манапты Сәмен батыр жекпе-жекте өлтірді. Жойыл манап алты ұлымен (кейбір деректерде тоғыз ұлымен деп көрсетілген) қолға түседі. Абылай олардың бәрінің басын алуға бұйрық береді. Алайда Ботбай Жауғаш батыр Абылайдан сауға сұрап, Жойылдың кенже баласын өлімнен алып қалады.
Бұл жерде айта кету керек, 1770 ж басында Еділдегі торғауыттар қытайдың қырғынынан бос қалған ойрат жұртына оралып қайта қоныстану үшін шығысқа бет алып, қазақ жерін кесіп өтпекші болады. «Шаңды жорыққа» шыққан Еділ қалмақтары қазақ жерімен тыныш өтпей, жолда кездескен елді жапырып жүреді. Кіріптар күйде келе жатса да, жол-жөнекей соғыс салып, қырғын ұйымдастырып жылжыған. Қалмақтың бұл қылығын естіген қазақ батырлары дереу Балқаш бойына жиналып, жауды қарсы алады. Мұнда да үлкен ұрыс болып, ол бірнеше айға созылады. Қазақ сарбаздары осы соғыста жүргенде, қырғыздар оңтүстіктің біраз жеріне тағы ылаң салады. Есенқұл батыр Арқарлыдағы Ботбай руының ауылдарын талқандап, жылқыларын айдап бара жатқанда, мал мен жан үшін арпалысып, шайқасқа түскен Сәмен батырдың ұлы Ергеніш пен қызы Мақпалды және бірнеше адамды өлтіріп кетеді.
Қазақ пен қырғыз соғысының нүктесін атақты Абылайхан Жайыл соғысында қойды. Ол соғыс туралы Ш.Уәлиханов өз еңбегінде дерек қалдырған.
Қазақ пен қырғыз арасындағы бұл соғыстар халықтар достығы саясатына қайшы келгенімен бұл тарихи шындық. Қойгелді, Рысбек, Сәмен, Жауғаш сияқты батырлар сол соғыста жеңіп қана қоймай олар сол жаулықтың отын өшіріп, қайтадан татулық орнатып, құдандалы қарым-қатынас орнатқан.