Найманда Қызай руының атауы Бәйдібек би мен Домалақ ананың қызымен байланысты
...Екі текті ата – анадан ерекше боп жаратылған Ақбикеш (есімі туралы дерек Қазанғап Байболұлының "Төле бидің тарихы" дастанынан, басқа деректерде Күнбибі деген есіммен кездеседі) (Қызай) ананың әкесі алты алашқа танымал, үйсін, Қаратаудың бірден бір қожасы болған атақты Бәйдібек би, анасы киелі Домалақ ана. Домалақ Ана Ақбикешке екіқабат кезінде жолбарыстың жүрегіне жерік болады. Жолбарыс атқан бір елдің азаматтарын жолдан тосып, оларға әйелдік базын білдіріп, жолбарыстың жүрегін алып жеп, жерігін басады. Ғажапқа жерік болған Домалақ ана «ұл тапсам жолбарыс атқан сол адамды тауып, соған мәңгілік дос етем, қыз тусам сол адамға күйеуге шығарам» деп аналық ақ жүректен тілек етеді. Ер жетіп қалған қызына:
«Сабыр сақта күнім, сол тілегімді Алланың түсірген аянындай сезінемін. Жаратқан ием мені Домалақ Ана деп жаратқаны шын болса, бір жөні болар. Бағың жанып, бақытың ортаймайтын бір жерге баратының көңіліме аян болып тұрғандай болды да, жүрегімде қалды. Байқап көр мырзалардың біріне, не бір жеңгеңнің желдіртпесіне желпете түспе, жаным. Өйтпейтініңе сенем, қарғам!» - деген салмақты әрі жалынышты бейнесін зерделі бойжеткен бір сәт есінен шығармай өсті.
Туындыгер «мал дауы» арқылы найман мен үйсін елдерін Бәйдібек бидің ауылында тоқайластырып, күрмеуі күрделі мәселені Ақбикештің араласуымен сәтті аяқталып, даудың арты тойға ұласады. Ақбикеш өмірі де кейде кездесетін ғажайыптай жерік болған анансының тілегін орындап, жолбарыстың жүрегін сыйлаған Матайдың қадірлі ақсақалы Құттыболаттың ұлы Шағыр мен шаңырақ көтеруі нанымды суреттелген. Жетісу Алатауының шығыстан солтүстікке қарай созылған Матай тауы мен Аягөз өзенінің аралығын қоныстанған Аталық, Қаптағай, Кенже деп бөлінетін «үш матай» еліне келін болып түскен ақылына көркі сай сұлу бейнелі Ақбикешті «қыз – ай, қыз – ай» деп Матай елі Қызай атандырып жібереді.
Шағырдан Итемген, Меңіш атты екі ұл дүниеге келеді. Матайдың асқар бел мырза ағасы Шағыр батыр дүниеден өткеннен кейін Шағырдың інісі Тоқтармен әменгерлік жолында некелесіп Бегімбет, Дербіш атты тағы екі ұл сүйеді. Тағдырдың жазуына шара барма Тоқтар жолаушылап бара жатып, бір өзеннен өткенде ат сүрініп, жазатайым болып суға ағып қайтыс болады. Қайғының қара бұлты Қызай ананың басына тағы үйіріледі. Жазымышқа не шара? Аллатағала да адамның осындай сарасын, осындай дарасын әрі көп сынап, әрі оның қаттыгез тағдыр жолықтырған қайғы – қасіретті қиын күндерді ауыр қиындықтарды қалай, қайтып жеңгендігін, сын – сағаттар сынағынан сүрінбей өтіп, өмір жолын қайтадан қалай жарқырата түскендей көрсету арқылы адамдарға ізгіліктің, кісіліктің, жақсы арман тілектің, ақыл парасаттың не екенін білдіріп, ұғындырып отыратын болса керек.
Қызай ана адамның данасы, әйел затының сарасы болды. Матай еліне келін болып келгеннен бері, «Қызай өнегесі», «Қызай өнері», «Қызай шарапаты» деген сөздер пайда болды. Найман еліндегі сүйікті аналардың біріне айналды. Қызай ана Матай елінің жақсы мен жайсаңдарының басын қосып, көк қасқа тайсойып, дуалы ауыз Тәттіболат ақсақалдан бата алып, көптен көңілінде жүрген ойын көпшілікке жеткізеді. «Аталар, аталы алтын елдің ақберел ағалары, «Бұл несі?» деп айыпқа бұйыра көрмеңіздер. Төркінім Үйсін елінен ұзатылып, есіктеріңізді аттап осы елге келін болып келгеннен бері алмағайып жылдарды бастан кештім. Қызықтарға да баттым, қызықты қыңыр күндерге де кез болдым. Атайлаған асқар тауларым құлады, екі бірдей сүйенішімнен айырылып көзімнің жасы төгілді. Осы жолы сіздердің алдарыңызға салып, ақыл сұрайын деген ісім әкелерінен жастай жетім боп 4 ұлым қалды. Әйел заты ердің қадірін білу керек. Ерді жақсылап күтіп, атағын шығару әйелдің ісі. Бұл шаруаны абыроймен атқарғаным сіздерге аян. Осы ұлдарым ержете келе екі әкенің атынан аталып, екі жарылып, бір – біріне қырбай бол кетеме деп алаңдаймын. Сондықтан төрт ұлыма өз атымды әке орнына ататқызып, Қызайұлы Итемген, Қызайұлы Меңіш, Қызайұлы Бегімбет, Қызайұлы Дербіш дегізгім келеді. Бұл кейінгі ұрпақты елдеріңіздің ынтымақ – берекесіне де пайдалы болама деген шешімге келдім» - дейді.
Үй толы адам бір сәтте бір – біріне қарасып, тым – тырыс болып қалды. Қызайды үнсіз тыңдап, әр сөзіне әріден ой жүгіртіп, салмақты саралап отырған қайын атасы Тәттіболат: «Е, қарағым, осылай да, осылай де. Ұрпақ қамы, ел қамы, ертеңгі болашақ қамын ойламаса Қызай келінім қызырлы атана ма? Өзіңдей ұлы анасының есімі жүректеріңде мәңгі сақталатын болсын, кәне төрт құлыным, бір – бірден алдыма келіңдер, маңдайларыңнан сүйейін, ақ бата мейірін жүректеріңе төгейін. Бақытты күндерің алдарыңнан қол бұлғасын!».
Осылайша пайда болған «төрт Қызай руы» ынтымағы жарасқан, іргелі ел болды. P.S. Мәлімет Т.Әлбатырұлының «Данышпан Қызай ана» романын үзінді болып алынған.
P.S.S. Райыс қажы деген кісінің айтуынша "Барлық тауы кезінде Қызай тауы, Тоқта тауы Қаптағай тауы атанған. Қызай анамыз мекен еткен жер кейін Қызай тауы атаныпты дегелінеді барлық тарихи деректерде. Қызай ананың бейіті сол Барлық тауының етегінде."