Дулаттан шыққан батырлар тізімі (14.02.2024 жаңартылды)

Дулат елінен шыққан батыр тұлғалардың есімдерін және білгенімше тегін, руын жазып қоймақпын (бұл мақалада 1900 ж дейін дүниеге келгендері ғана). Мақала әлі аяқталған жоқ және де болашақта түзелетін болар. Біреулер қалып қойса - түсіністікпен қарауыңызды сұраймын. Басқа дерек қолынызда болса Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. деген электронды поштама жазып жіберуге де болады. Елімізді жаудан азат ету жолында қаҺармандығымен аты шыққан Дулат батырларының есімдерін ұрпақ ұмытпауы тиіс!

1) Қапал батыр (Жаныс)
2) Қыбырай батыр (Жаныс)
3) Мәлік батыр (Сиқым)
4) Төлеұлы Жолан батыр (Жаныс)
5) Марсымұлы Садыбай батыр (Шымыр)
6) Садыбайұлы Байтана батыр (Шымыр)
7) Бораншы батыр (Шымыр Байтана)
8) Нұрманбетұлы Шалданбай батыр (Шымыр Байтана) (бейіті Іле өзендегі ескі қорымда бабасы Бақтиярмен бірге жатыр)
9) Шалданбайұлы Қырқымбай батыр (Шымыр Байтана)
10) Кәшкеұлы Сатыбалды батыр (Шымыр Байтана)
11) Есқара батыр (Шымыр Байтана)
12) Есқараұлы Сегізбай батыр (Шымыр Байтана)
13) Әзберді батыр (Шымыр Байтана)
14) Бақыұлы Шоқан батыр (Шымыр Байтана)
15) Сегізбайұлы Қожақ батыр (Шымыр Байтана)
16) Қожақұлы Кәшке батыр (Шымыр Байтана)
17) Қыдыр батыр (Шымыр Байтана)
18) Көтен батыр (Жаныс Бөгежіл)
19) Сырымбет батыр (Жаныс)
20) Өтеғұл батыр (Жаныс)
21) Өтеғұлұлы Өтеген (Жаныс Сырымбет)
22) Хангелді батыр (Сиқым)
23) Дәненұлы Сәмен батыр (Ботбай)
24) Нұрбайұлы Ақпан (Өтеуіл) батыр (Жаныс Шегір)
25) Қосы батыр (Шымыр)
26) Сартұлы Қойгелды батыр (Шымыр)
27) Сартұлы Қожық батыр (Шымыр)
28) Сартұлы Ақша батыр (Шымыр)
29) Қабанұлы Сеңкібай батыр (Жаныс)
30) Шойбек батыр (Жаныс)
31) Күнбасұлы Мәмбет батыр (Шымыр Жаңабай)
32) Өтеболат батыр (Шымыр)
33) Қырғызбай батыр (Шымыр)
34) Байшағыр батыр (Шымыр)
35) Қойгелдыұлы Қарабатыр (Шымыр)
36) Шонды батыр (Шымыр)
37) Жаманесті батыр (Сиқым)
38) Жаманестіұлы Қарабатыр (Сиқым)
39) Қарабатырұлы Шінет батыр (Сиқым)
40) Шінетұлы Рысбек батыр (Сиқым)
41) Рысбекұлы Батырбек батыр (Сиқым)
42) Байзақұлы Ақмолда батыр (Шымыр) (1824-1873 жылдар аралығында өмір сүрген)
43) Итаяқ батыр (Жаныс Шегір)
44) Жаулыбай батыр (Шымыр Шілмембет)
45) Қабылұлы Ақментей батыр (Шымыр Шілмембет)
46) Дүйсенбіұлы Шыңғара батыр (Шымыр Байтана)
47) Жәнібекұлы Қозүй батыр (Ботбай)
48) Андаұлы Ақша батыр (Ботбай)
49) Бошанұлы Мырқы батыр (Ботбай)
50) Ақшаұлы Жәдігер батыр (Ботбай)
51) Айбас батыр (Ботбай)
52) Айбасұлы Тоғызақ батыр (Ботбай)
53) Қырбасұлы Жауғаш батыр (Ботбай)
54) Майлыұлы Сәмет батыр (Ботбай)
55) Өтеғұлұлы Көтентай батыр (Ботбай)
56) Өтеғұлұлы Танатар батыр (Ботбай)
57) Тоғызақұлы Танабай батыр (Ботбай)
58) Арқабайұлы Шалабай батыр (Ботбай)
59) Әлмесұлы Қасаболат батыр (Ботбай)
60) Сәменұлы Қапсалан батыр (Ботбай)
61) Сәменұлы Текебай батыр (Ботбай)
62) Өмірбекұлы Өтетілеу батыр (Ботбай)
63) Сәменұлы Байсерке батыр (Ботбай)
64) Байшораұлы Қуатбек батыр (Ботбай)
65) Байшораұлы Медетбек батыр (Ботбай)
66) Байсейітұлы Шайкөз батыр (Ботбай)
67) Байсейітұлы Шотбай батыр (Ботбай)
68) Мүсірепұлы Елеу батыр (Ботбай)
69) Мүсірепұлы Дүзен батыр (Ботбай)
70) Әлібекұлы Андас батыр (Ботбай)
71) Әлібекұлы Сыпатай батыр (Ботбай)
72) Қапсаланұлы Диханбай батыр (Ботбай)
73) Қасаболатұлы Тойшыбек батыр (Ботбай)
74) Қожамжарұлы Оразалы батыр (Ботбай)
75) Қапсаланұлы Сатай батыр (Ботбай)
76) Қапсаланұлы Күренкей батыр (Ботбай)
77) Қосжетерұлы Тұрлыбай батыр (Ботбай)
78) Көбейұлы Тілеуберді батыр (Ботбай)
79) Тыранұлы Ақшора (Қарға) батыр (Ботбай)
80) Тілемісұлы Досқожа батыр (Ботбай)
81) Үдербайұлы Жанкісі батыр (Ботбай)
82) Жиенбекұлы Әлмен батыр (Ботбай)
83) Тойшыбекұлы Байсейіт батыр (Ботбай)
84) Жандаралұлы Едіге батыр (Ботбай)
85) Қосанұлы Ақкөз батыр (Ботбай)
86) Оразалыұлы Рақымбай батыр (Ботбай)
87) Бораншы батыр (Шымыр Шілмембет)
88) Жұмабай батыр (Шымыр Шілмембет)
89) Тыштықбай батыр (Шымыр Шілмембет)
90) Арыстанұлы Ералы (Шойқара) батыр (Жаныс Қыбырай)
91) Ақеділұлы Биназар батыр (Шымыр Көкірек)
92) Алтай батыр (Ботбай)
93) Өтеп батыр (Ботбай Шағай)
) 94) Өтепұлы Қарпық батыр (Ботбай Шағай), Ботбай баба бұл батырдың 7-ші атасы, Түркістанда жерленген
95) Шабайұлы Жақсығұл (Мерген) батыр (Жаныс Бөгежіл)
96) Әлібекұлы Өлмес батыр (Ботбай Шағай)
97) Қалыбайұлы Жүндібай батыр (Жаныс Қапал)
98) Даниярұлы Кішкене батыр (Шымыр Қобыланды)
99) Байболатұлы Қорықбай батыр (Шымыр Қобыланды)
100) Дүйсеұлы Кебекбай батыр (Шымыр Марсым)
101) Сәйбекұлы Бәйімбет батыр (Шымыр Марсым)
102) Байқабылұлы Қыдыр батыр (Шымыр Байтана)
103) Арықбайұлы Баймағанбет батыр (Шымыр Байтана)
104) Әзбердіұлы Бердібай батыр (Шымыр Байтана)
105) Еспенбетұлы Итеке батыр (Шымыр Бозан Көкірек) (Сыпатай мен Биназар батырлардың замандасы. Ерлігімен көзге түскен)
106) Байтемірұлы Болтай батыр (Шымыр Жиеш Жаңабай)
107) Серікбайұлы Амангелді батыр (Шымыр Жиенбет "Боққайнат") (1820-1898; Түлкібас өңірінде дүниеге келген. Қоқан хандығына қарсы соғысқан)
108) Қойшыұлы Жаужүрек батыр (Шымыр Жиенбет "Боққайнат")
109) Мыңбайұлы Қошқар батыр (Шымыр Жиеш Жаңабай)
110) Байзақұлы Зәуірбек батыр (Шымыр Жиеш Жаңабай)
111) Байқозыұлы Бекназар батыр (Шымыр Бектеміс)
112) Нақысбекұлы Кішкентай батыр (Шымыр Бектеміс)
113) Қармысұлы Бүркіт батыр (Шымыр Бектеміс)
114) Қоянбайұлы Тәңірберді батыр (Шымыр Бектеміс)
115) Тәңірбердіұлы Сағыр батыр (Шымыр Бектеміс)
116) Қабыланұлы Қуандық батыр (Шымыр Бектеміс)
117) Сағындықұлы Туяқ батыр (Шымыр Бектеміс)
118) Күдербайұлы Сақай батыр (Шымыр Бектеміс)
119) Еламанұлы Бөлтірік батыр (Шымыр Бектеміс)
120) Тезекбайұлы Есенгелді батыр (Шымыр Бектеміс)
121) Сатылғанұлы Бибол батыр (Шымыр Бектеміс)
122) Жайсан батыр (Ботбай) қалмақтар қазақ жерінен кеткесін қырғыздармен жер дауы барысында қырғыздардың қолынан өлген.
123) Әлімбекұлы Соқыр батыр (Шымыр Шілмембет)
124) Сарыбайұлы Меңлібай батыр (Шымыр Мырзамбет Ақмолда)
125) Тоқсабаұлы Оразалы батыр (Шымыр Мырзамбет Ақмолда)
126) Наурызұлы Бағұлхан батыр (Шымыр Мырзамбет Бекмолда) (1690-1780; елін жерін жоңғар шапқыншылығынан қорғаған батыр)
127) Қобыландыұлы Сүгір мерген (Шымыр Шынқожа) (Есімханның батырларының бірі)
128) Әйтімбетұлы Қанай батыр (Төбет батыр) (Шымыр Мырзамбет Ақмолда)
129) Қартқожаұлы Тағай батыр (Шымыр Мырзамбет Ақмолда)
130) Өтенұлы Сеңкібай батыр (Шымыр Мырзамбет Ақмолда)
131) Таздарұлы Қаратеке батыр (Шымыр Темір)
132) Құттығайұлы Асан батыр (Жаныс Данай)
133) Асанұлы Шымырбай батыр (Жаныс Данай)
134) Саза батыр (Шымыр Құттық Елібай)
135) Баян батыр (Шымыр Құттық Бәйімбет)
136) Дуанұлы Қоғыл батыр (Сиқым Тоғатай) Астарханды жаудан қорғау кезінде қаза тапты
137) Қоғылұлы Секер батыр(Сиқым Тоғатай) Шымкенттың маңындағы Ойрантөбеде қалмақпен шайқаста қаза тапты
138) Қоғылұлы Барақ батыр (Сиқым Тоғатай)Шымкенттың маңындағы Ойрантөбеде қалмақпен шайқаста қаза тапты
139) Барақұлы Тайлақ батыр (Сиқым Тоғатай)
140) Батырұлы Жәпек батыр (Сиқым Тоғатай)
141) Шеруұлы Мәмбет батыр (Сиқым Тоғатай)Шымкенттың маңындағы Ойрантөбеде қалмақты талқандауға ат салысқан батыр
142) Айдосұлы Найманбай батыр (Жаныс Қасқарау) 1765-1835жж
143) Қойбақұлы Күлік батыр (Жаныс Ақтай)
144) Қойбақұлы Елік батыр (Жаныс Ақтай)
FaLang translation system by Faboba