ДНК-талдаудың нәтижесі және Дулаттардың гаплогруппасы

ДНК-талдаудың нәтижесі және Дулаттардың гаплогруппасы
Қазақ руларының (тайпалардың) әрқайсында өзіндік гаплогруппа (яғни ДНКсында кішкентай өзгешелік) бар - әрине өмір болғасын кірме деген бар және де бір ру өкілінің басқа бір рудың құрамына қосылып кеткен жағдайы да кездеседі. Рудың гаплогруппасын Y-хромосоманың ДНК-талдау арқылы анықтауға болады. Бұл хромосома өзгермей әке жағынан ұлдарына беріледі екен (әкеден қыздарына таралмайды). Біраз оқып және де пікірлерді ескере отырып ДНК-талдауды www.familytreedna.com сайты арқылы істеуге шештім (жалпы сәл асығыс жасадым өйткені сайт бір айдан кейін 40$ науқандық скидка жариялады :) Бүгін 21.09.2019 электрондық поштама тест нәтижесі дайын деген хат келді. Гаплогруппам С-М216 екен (37 маркер бойынша). Назарыңызға заказ, жеткізу-жіберу туралы видеомен талдау нәтижесі туралы ақпарат ұсынып отырмын:

Аталған сайтта 2019 шілденің 8-де тіркелдім (сол тұста имейлге пароль мен адресты жиберді). Солардан шілденің 10-да сізге посылка жібердік деген электронды хатты алдым (оның ішінде Tracking Number: деген болады). Сол номер бойынша посылка Америкадан, Германиядан өтіп шілденің 26-да Алматыға келгенін көріп отырдым. Алматыға келгенде DHL посылканы Қазпоштаға тапсырады екен. Қазпоштаның сайтында номермен қарап жүруыныз керек (маған Ақтауға келді деп ешкім хабар берген жоқ). Сонымен Ақтауда посылканы Қазпоштаның бөлімшесінен тамыз айының 13-де алып кеттім. Жалпы поштамыздың қозғалысы бұрынғыдай баяу екен. Инструкция бойынша анализ алып, салып, үйтіп-бүйтіп Қазпошта арқылы 14 тамызда кері Америкаға жібердім (бұл мақалада жазылмай қалған кейбір жайттарды видеодан қараңыз). Тамыздың 31-де сайттан "сізден хатты алдық" деген электронды хат алдым - Қазпоштаның сайтында хат әлі жолда келе жатыр деген тұр (бүгін 21.09.2019 қызық үшін кіріп тексердім :))) - дегенмен әйтеуір жеткізді ғой.

Бүгін (21.09.2019) талдаудың нәтижесі дайын дегесін сайтқа кіріп қарадым (сайттағы мәтін тек ағылшын тілінде.)



Сайттың жазуы бойынша С-М216 гаплогруппасы 50000 жыл бұрын пайда болды (палеогенетика туралы қараңыз) және де С-М130 группадан шыққан дейді (яғни С-М130-ның бір подгруппасы екен). Ол уақытта қазіргідей ұлт, тіл, ру болмағаны әркімге аңық шығар. Сүреті төменде:


C гаплогруппасының таралымы төмендегі сүретте қызыл-ақ стрелканың қасындағы диаграммамен көрсетілген. Компьютер мышкасымен тигізгенде процентін көрсетеді. Африкадағы басқа оранжевый түсі группамен шатастырманыз.



Басқа бір сайтта С-М130 гаплогруппасының ежелгі заманда таралу бағыттарын көрсеткен:


Ал familytreedna.com сайтында С группаның миграциясы мынадай:

Яғни Азияның мұхит жағалауымен Евразияның шығыс қиырына жеткен. Сонымен қатар Қазақстанда кездесетін басқа гаплогруппалардың таралу бағыттары мен шығу уақытын көруге болады (компьютер мышкамен басқанда), мысалы О гаплогруппасы 35000 жыл бұрын, R - 30000 жыл бұрын және т.б.
Генетика деген құр далбасалау емес, қадімгі бір ғылым. Соның бір айғағы - сайтта сіздің ДНК маркерлердің схемасы мен сертификат береді:




Бірақ сайттың мен үшін ең қызық жері бұлар емес, ұқсас маркерлер деген бөлімге кірсеңіз бұрын осы сайт арқылы анализ жасаған және 37 маркер бойынша сізге ұқсас адамдардың тізімі шығады (әрине есім/лақап аттарын көрсеткенім жоқ):



Арасында Дулаттар бар (руларының аттарын жазып кеткен), олардын профильдерине кіргенде ортақ бір атадан болуының пайыздық деңгейін көрсетеді (24-ші атаға шейін):

Жаныс Бәйімбеттің ұрпағымен салыстырғанда;

Шымыр Қойгелды батырдың ұрпағымен салыстырғанда;

Жаныс Қапал ұрпағымен салыстырғанда.

Маркеры ұқсас адамдардың арасында екі Абақ-Керей жігіт бар екен (профильде руларын жазып қалдырған). Бір-екі жерде оқығаным бар - ертеде Дулаттың бабасы Үйсін Абақ батыр (Майқы бидің немересі я шөбересі - Бәйдібектін атасы) Ашамайлы Керейдің қызын алып Керей жерлерінде тұрып қалады, ал одан өрбіген ұрпақ Абақ керей атанып кеткен (қазір негізінен Қытай, Монғол жерінде).Гаплогруппасы бірдей, ал 24ші атамыздың ортақ болуының пайызын қараңыз:



Нәтиже шыққан күні менің электронды поштама бір кісі жазыпты. Бір досы бар өзінің тегін-руын білмейтін, соған осы талдауды жасаған едік дейді, ал бүгін сайт оған 24ші атасында 99% сәйкестігі бар адам табылды (яғни мен) деп хабар берген. Хатта менің шежіремді сұрап жатыр. Қателеспесем менің 24-ші атам шамамен Майқы бидің арғы-бергі атасы я ұрпағы, ал Дулатқа Майқы би жетінші атасы. Соны айттым. Осылай генетикалык анализ арқылы адамдар тегін-елін аңықтай алады. Демек бұл технологияның осындай бір пайдасы бар.

P.S.Осыдан бірнеше жыл бұрын Қазақстанда генетикалык зерттеу жүргізіліп, кейбір танымал тұлғалардың ДНК-талдау жасалды. Интернеттегі сілтемелерді салып қоямын ( https://www.elim.kz/forum/index.php?/topic/3088-%D0%B3%D0%B5%D0%BD%D0%BE%D1%84%D0%BE%D0%BD%D0%B4-%D0%B8-%D1%84%D0%B5%D0%BD%D0%BE%D1%84%D0%BE%D0%BD%D0%B4-kz/ ); ( https://www.familytreedna.com/public/alash/default.aspx?section=yresults ). Сонда Шымыр - Шокай ұрпағы Еркебулан Шыналиевтың гаплогруппасы С-М216, арасында Сиқым руынан шыққан және де Ботбай - Құдайғұлдың бір ұрпағының гаплогруппасы С-М216 екен.

Ал сайт арқылы заказ, жеткізу-жіберуым туралы видео төменде:
FaLang translation system by Faboba