Балуан Шолақтың (Нұрмағамбет Баймырзаұлы) шежіресі
Балуан Шолақ Көкшетау жерінде 1864 ж. дүниеге келгенмен атажұрты Дулат елі. Оның өмірі мен тарихы туралы көлемді мақалалар интернетте бар. Марқұм Арғынбай Бекбосын жазып қалдырған деректерге қарағанда Балуан Шолақтың шежіресі мынадай (осы сайттың шежіре бөліміне қостым):
Дулат - Шымыр - Бекболат - Жиеш - Қарымбет - Сәмбет - Қосы батыр (Аңырақай шайқасында мыңбасы болған) - Қойайдар - Досмамбет - Сейтімбет - Есентай - Қазанғап - Жарықшақ - Баймырза - Нұрмағамбет (Балуан Шолақ). Балуан Шолақтың 18 ұл-қызы болыпты, солардан Исажар мен Құдайберген және қызы Бәтен үшеуі қалған көрінеді.