Дулат пен Албан руларының арасындағы 1856-1857 ж дауы қалай реттелгені туралы

Петр Семенов-Тян-Шанский өзінің "Путешествие в Тянь-Шань" атты еңбегінде 1856-1857 ж қазіргі Алматы облысындағы дулаттар мен албандардың арасында қалындық үшін шыққан даудың қайтіп шешілгенін баяндап берген. Сол еңбегінен үзіндіні ұсынып отырмын:


Кітапта есімі аталған Дулат руының сұлтаны - Әлі және Албаннын Тезек сұлтаны туралы айтып кету керек. 1847 ж Батыс Сібір генерал-губернаторы болып П.Д.Горчаков келді. Ол Әлі сұлтанды Алматы төңірегінде Дулат руының сұлтаны (басқарушысы) етіп тағайындады. Әлі сұлтан Абылай ханның үлкен ұлы Әділдің баласы. Ал 1850 жылы генерал-губернатор Тезек төре Нұралыұлын Ұлы жұздің Албан және Суан руларының сұлтаны етіп бекітті. Кітапта аты аталған Диханбай - Ботбай Сәмен батырдың немересі Диханбай батыр (Диханбай Қапсалаңұлы, жасаған жылдары шамамен 1800-1876) болса керек.
FaLang translation system by Faboba