Жаныс баба кесенесі. Қарамұрт ауылы

Жаныс көп пе, қамыс көп пе? Бұл сөзге тікелей қатысы бар Жаныс бабаның жатқан жеріне баруды көптен бері ойланып жүрген едім. 2019 Наурыз айының аяғы жағында жолым болып барып қайттым. Бабаның кесенесіне жету үшін Сайрам қаласындағы Әмір Темір көшесіне түсіп, сол көшенін тауға қарайтын бағытымен (Қарамұрт ауылына баратын) Сайрам қаласынан шыға беріңіз. Мен барған кезімде Әмір Темір көшесінің бір бөлігінде жөндеу жүріп жатқан, сосын сол көше бойындағы махалляның ішіне кіріп, айналып, әрен қайтадан сол көшеге шықтық. Сайрамнан сол көшемен шығып тіке жүру керек. Жол бойында Өтеміс, Мәртобе деген ауылдар кездеседі, сосын жол Шапырашты ауылының ортасымен өтеді. Ақырында Қарамұрт ауылына жетесіңіз. Видеода көрсетілген жол бойындағы кесенеге бағыт меңзеп турған указательге назар аударыңыз. Видеоның сапасын көтеру үшін (әсіресе ұялы телефонмен қарау үшін) - ютубтын "настройки изображения" дегенге кіріп 140тан жоғары таңдау керек.

Кесененің алдындағы көшенің аты Жаныс баба көшесі екен. Оны сол көшедегі үйлердің қабырғасында тұрған табличкадан көре аласыңыз.



Шырақшыны кездестірген жоқпын. Кесененің алдында тасқа қашалған мәлімет бар: кім қай жылдары салған, құрылысты ұйымдастырған, т.б.



Кесене аумағын қарайтын адам бар көрінеді, өйткені ішіндегі тротуар таза, гүл-ағашы егулі. Бабаның жатқан жері кесененің төменгі жағында. Ол жақта қабырғадағы выключатель қосқан едік, электр шамдар замыкать етіп түрғасын сөндірдік. Электр жарық қосылмаса ол бөлме қаранғылау екен. Сол кесенені қарайтын адамдар осы мәселені қолға алса екен. Кесенің аумағында Төлебидің екі ұлы - Қожабек, Жолан бөлек бір шағын кесенеде жатыр. Кесене шарбағының кіреберісінде стенд орнатылған. Ол жерде 3 тілде ақпарат берілген. Сиқым бабаның кесенесіне 30 шақты шақырым бар делінген. Бірақ Сайрамдағы Ботбай баба кесенесі туралы дерек жоқ. Стендтегі мәлімет бойынша Жаныс баба 8 ғасырда өмір сүрген дейді, оған жеке өзімде күмәнім бар. Бабанын кесенесі басқа бір ірі тұлға - Қален бабтың жатқан жерінен алыс емес (250-300 метр).

P.S. Осы кесенеге жолды білетін Шымкентте такси жүргізушінің контактысын бере аламын: Мырза 8 705 4105014
FaLang translation system by Faboba