Ботбай бабаның кесенесі. Сайрам қаласы

Ботбай бабаның кесенесін Сайрам қаласында табу оңай болған жоқ. Барамын деуші азаматтарға ол жердің мекен-жайы: Сайрамның орталық көшесі - Әмір Темір көшесі Қарашаш-ананың (Қожа Ахмет Яссауидің анасы) кесенесінің алдымен өтеді. Сол кесенеден 100-200 метр айтылған көшемен ары жүрсеңіз Әмір Темір көшесімен Абай көшесінің қиылысында жол бойындағы көк указатель (Ботбай ата кесенесі) көресіңіз. Указатель көрсетіп тұрған бағытымен Абай көшесіне бұрыныз. Шамамен 300 метрден кейін сол көшенің бойында Ботбай бабаның кесенесін көресіңіз.

Кесененің қасында көшенің үстімен бабаның аты жазылған арка тәріздес конструкция орнатылған. Арка жанындағы қабырғада тасқа жазылған мәлімет бар - Ботбайдың шығу-тегі, ұрпақтың қысқаша шежіресі, Ботбайдан тараған атақты батыр тұлғалар (42 адамның есімдері: Қозүй Жәнібекұлы, Ақша Андаұлы, Мырқы Бошанұлы, Жәдігер Ақшаұлы, Тоғызақ Айбасұлы, Сәмен Дәненұлы, Жауғаш Қырбасұлы, Сәмет Майлыұлы, Көтентай Өтеғұлұлы, Танатар (Палуан) Өтеғұлұлы, Танабай Тоғызақұлы, Шалабай Арқабайұлы, Қасаболат Әлмесұлы, Қапсалан Сәменұлы, Текебай Сәменұлы, Өтетілеу Өмірбекұлы, Байсерке Сәменұлы, Қуатбек Байшораұлы, Медетбек Байшораұлы, Шайкөз Байсейітұлы, Шотбай Байсейітұлы, Елеу Мүсірепұлы, Дүзен Мүсірепұлы, Андас Әлібекұлы, Сыпатай Әлібекұлы, Диханбай Қапсаланұлы, Тойшыбек Қасаболатұлы, Оразалы Қожамжарұлы, Сатай Қапсаланұлы, Күренкей Қапсаланұлы, Тұрлыбай Қосжетерұлы, Тілеуберді Көбейұлы, Ақшора (Қарға) Тыранұлы, Досқожа Тілемісұлы, Жанкісі Үдербайұлы, Әлмен Жиенбекұлы, Байсейіт Тойшыбекұлы, Едіге Жандаралұлы, Ақкөз Қосанұлы, Рақымбай Оразалыұлы, Саттар Естемесов (1919-1943) ҚСРО батыры, Қосан Мамытов (1922-1994) ҚСРО батыры - "мәлімет А. Ақпейіловтен 2015 алынған".).

Кесене 2007 жылы салынды. Кесененің жобасын белгілі сәулетші Ғабит Садырбаев жасаған. Бұл кесенені салдыртуға «Ботбай» қайырымдылық қорының төрағасы Қамбар қажы Иманалиев көп еңбек сіңірді (03.12.2019 бұл абзацты қостым)

Біз барған кезінде шырақшы я сол жерді қарайтын адам көрінбеді. Бірақ кесене алдында гүлдер егіліп, суарылып, жалпы сол жерге қарайтын бір адам бар сияқты.


Жалпы бабаның ұрпақтары кезінде ОҚО, Жамбыл, Алматы жерлерін қанша жаудан қорғауға және де сол жерлердің қазіргі Қазақстан Республикасының аумағында қалуына едәуір үлесін қосты. Ботбайдың бір ұрпағы Асанбай Асқаров Шымкент қаласында дендропарк, зоопарк, т.б. салғызған болатын. Соны ескере отырып енді Ботбай бабаның құрметіне кесене алдындағы көшесіне бабанын есімі берілсе, немесе Сайрамның Әмір Темір көшесіне Ботбай Дулатулы деген ат қойылса екен деген тілегім бар.

P.S. Осы кесенеге жолды білетін Шымкентте такси жүргізушінің контактысын бере аламын: Мырза 8 705 4105014; Видеоның сапасын көтеру үшін (әсіресе ұялы телефонмен қарау үшін) - ютубтын "настройки изображения" дегенге кіріп 140тан жоғары таңдау керек.
FaLang translation system by Faboba