"Басқа келген пәледен, бастан құлақ садаға" деген сөз қайдан шықты?
...«1005 - қоян жылы (1627 ж.) Еділ мен Жайыққа Тобылдан ығысқан қалмақтар шабуыл жасап,
Алшындарға (1* Байұлы, Әлімұлы, Жетіру) күн көрсетпей жатыр деген хабар жетті....Осы ұрыста қаңлы Сарыбұқа
батыр кескілесте бір құлағынан айырылып, Түркістанға шұнақ болып қайтты.....Түркістанға келген соң Есім хан сұрапты: -Ей, Сарыбұқа құлағың қайда?-депті...-Құлақты Жайықты жұтпақ болған жайынға бердім депті. Сонда сол
жерде отырған Дулат Әлібек би (2* Төле бидің әкесі) іліп алғандай: - Басқа келген пәледен, бастан құлақ садаға,-депті. Бұл кейін мақалға айналып кетті....(Қазыбек бек Тауасарұлы "Түп-тұқияннан өзіме дейін" -Алматы-«Жалын» баспасы-1993 ж.).