Жаныс ұрпағының Сібір хандығы (Көшім хан) үшін шайқастарға түскені туралы
Жақында интернеттегі бір сайттың (қазақ шежіресімен байланысты) форумында мынадай бір қызық мәлімдемені көрдім. Автор -Жаныбек (Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. 20-07-11 20:59):
"... Я тоже из рода Жаныс, но мы уже несколько поколений живем в России, Новосибирской области, в селе Балта. В свое время один из моих прадедей воевал в войске хана Кошима в Сибири с Ермаком(Ермак, который, кстати, не был никогда русским!). И наш прадед встретил одну из местных красавиц и обосновался здесь. Легенда гласит, что прадед оставил своим детям некий список своего рода и строго велел хранить его и передавать своим детям...Получается я - казах, Дулат - Жаныс - Жарылкамыс - Каскарау-Букар - Баба - Жарылгап. У вас есть такие? Если есть
откликнитесь!!!!Собственно все мы здесь носим фамилию - Жарылгапов, вот только я не очень похож на казаха(ну вы поняли о чем я) - сказались местные гены..."
Жоғарыда айтылған Баба Жаныстың шөпшегі (Қасқарау деп аталып кеткен Бәйімбеттің немересі). Көшім хан Шейбани әулетінен шыққан тұлға. Шейбани Абдулла ханның (Бұқар ханы) көмегімен Көшім хан өзбек, ноғай, қазақ жасақтарымен Сібір ханы Едігерді өлтіріп таққа отырды.
Жаныстың туған уақытын ескере отырып (шамамен 1300-1350 ж) және де ол кездегі әрбір буынның арасын орта есеппен 20-30 жыл деп алғанда, сонымен Көшім ханның Сібір хандығының тағында отырған уақытын (1563-1598 ж.) ескерсек, Жаныстың ұрпағы Сібірде Көшім ханды жауынгерлік әрекеттерінде қолдаған деп айтуға болады.
P.S. Жоғарыда "Дулат баба қай ғасырда өмір сүрген?" атты мақала жазғанмын. Новосибир облысында тұратын бауырымыздың құнды мәліметі мен орта ғасырлық Абулгази есімді тарихшының "Родословное древо тюрков" (Шаджара-и-тюрк) кітабында Көшім хан шежіресі туралы қалдырған дерегін талдау (анализ) жасайық. Абулгази (1603-1664) - Шейбани ұрпағы әрі хан, өз еңбегінде былай жазған:
«..У Чингиз-хана сын Джучи-хан; у него сын Шибан-хан, его сын Багадур-хан, его сын Джучи-буга, его сын Бадакул, его сын Мунга-Тимур, его сын Бик-кунди-оглан, его сын Алий-углан, его сын Хаджи Мохаммед-хан, его сын Махмудек-хан, его сын Абак-хан, его сын Тулук-хан, его сын Шамай-султан, его сын Узар-султан, его сын Багадур-султан. У помянутого выше Махмудек-хана был сын Муртаза-хан, у этого сын был Кучум-хан..»
Бұл шежіре бойынша Шыңғысхан Көшімнің 12-ші атасы. Ал Көшім ханның жасағында болған Жарылғаптың (жоғарыда айтылған) 6-ші атасы Дулат бабамыз. Ол кезде ұлы даланы мекендеген көшпенділердің жастарында үйлену, отау тігетін уақыты (жасы) шамамен бірдей болатын. Шыңғысхан 13 жасында үйленген дейді. Сонымен Шыңғысхан мен Дулат бабаның арасы 6 буын (туыстық тұрғыдан емес уақыт арасы деген мағынада). Тарихшылар Шыңғыс 1155 я 1162 жылы дүниеге келген деп айтып отыр. Орташа буын арасы 20 жыл деп алғанда Дулат бабамыз шамамен 1280 ж. дүниеге келген. Жоғарыда айтылған нәрселер бұған дәлел.