Төле бидің кесенесі. Ташкент.

Төле бидің кесенесі. Ташкент.

Ташкентте жүріп қазақ даласының ұлы тұлғасы атақты Төле бидің басына барып қайттым. Кесенесі Ташкент қаласындағы Ислам академиясының манында екен. Төле би Дулаттың Жаныс руынан шыққан. Он жылдан астам Ташкенттің билеушісі болған.


Кесенені видеоға түсіріп тұрған кезімде қасыма ағылшынша сөйлеген екі кісі келді. Еріксіз тыңдадым. Біріншісі: осында жатқан кісіні Қарлығаш әулие дейді,


жау келген кезде, киіз үйінде қарлығаш ұясын салғаннан көшпепті деп қысқа айтып кетті. Кесененің сыртында тек "Memorchilik yodgorligi QALDIRG'OCHBIY maqbarasi XV-asr Davlat muhofazasiga olingan" деген жазуы бар табличкадан басқа ақпарат жоқ. Өкінішті жағдай.

Осы мәселені Ташкентте Қазақстанның елшілігі қолына алса екен. Төле би әз Тауке ханның заманында Қазыбек, Әйтеке билермен "Жеті жарғы" (жеті баптан тұратын) заңын жасап, ел ішіне таралуымен танылса, Ақтабан шұбырынды уақытында жоңғарлармен соғыста елді бірлікке шақыруымен ерекшеленеді. Төле би заң жүйесіне ғана өзгерістер еңгізіп қойған жоқ, қазақ халқын көшпелі өмірден егін салдырып үйретуде де еңбегі орасан зор.

Шығарған заңдарының бірі әр бір ру арық қазып, қанша жерді суландырса, сол алқаптың бәрі сол руға тиесілі болған. Мысал ретінде ОҚО Түлкібас ауданындағы Қанай жерінде Шымыр-Төле руының Шөже арығы, Қайыршақты жеріндегі Нөкіс руының арығы, Төлеби ауданындағы Тоғатай сиқым руының шапқан арығы, Досалы арығы сияқты т.б. көптеген суландыру арықтарын айтуға болады. Бүгінде біздер бар ғұмырын қазақ елінің бірлігі, ынтымағы, қауіпсіздігі, қорғанысы, дамуына арнаған Төле биді ұлықтап, жұртқа ұғындыруымыз керек.

FaLang translation system by Faboba