Қыбырай батыр. Ташкент. Қыбырай (Qibrai) селосында бейіті табылмады.

Қыбырай Жайылмысұлы (1589-1682) Жаныстың шөбересі. Есімханмен Ташкент билеушісі Тұрсынхан соғысқанда, Қыбырай батыр Есімханның жағында болған. 1677 жылы Қыбырай 15 жасар Төле биге Түркістанға хан ордасындағы қызметке барар алдында берген батасы:


"..Ақбоз мінген айдарлым, тарпаң туған тұмарлым...
Туралап тартып шығатын, алысты жақын қылатын,
Көреген көзді бол!
Мыңнан жалғыз қиялап, туралап тартып шығатын
Алысты жақын қылатын, сезеген сары сөзді бол!
Айналаңда ақ еділ хақтың жолын ту еткен – елің болсын ормандай.
Жау жоқ деме – досыңда, дос жоқ деме – жауыңда,
Жүрмегейсің қорғанбай.
Кәмелетке келіпсің, еліңе дес беріпсің, мүшелерден адал өт, қарияға аман жет.
Қай қиянда жүрсең де – осы батам – болсын серт!"
(«Ақ бата». «Өнер» баспасы, 2002. 45-б.).

Бұл батырдың атымен аталған Ташкенттің қасында (20-25 км) Кибрай деген ауыл бар. Таксимен барып бейітін іздеп қарадық (қызығы - сол жолдың бойында Аргын деген аты бар селоны көрдік). Қыбырайдың ұрпағы, қазір Чехияда тұратын Джамиля Стехликова апамыздың сөзі бойынша, бұл кісі Ташкенттің манындағы Қыбырай ауылында жерленген. Таксист бізді сол ауылдың орталық моласына апарды (кіреберісте Елгиз огач ота - Жалғыз ағаш ата деп жазылған). Шырақшы сол молада жалғыз ескі бір бейітке апарып көрсетті. Ертеде бейіттің басында жалғыз ағаш өсетін содан мола сөйтіп атанып кеткен дейді. Бейіттің тасына әрең көрінетін арабша бір жазу бар бірақ шырақшы оның мағынасын білмейді, яғни бұл Қыбырайдың бейіті ма жоқ па анығын білмейді. Кейін шырақшының бастығы келіп содан Қыбырайдың қайда жатқанын сұрадық. Оның айтуынша Кибрай районында 49 мола бар екен бірақ қайсысында Қыбырайдың жатқанын білмейді. Ташкент қаласына қайтар жолда таксист жігіт бір танысы арқылы сол ауданның имамына звондап Қыбырай жөнінде сұрағанда - ол да білмейді екен. Солай қайттық.

FaLang translation system by Faboba