Дос би. Ташкентте Жүнісхан кесенесінің қасында қабірі табылмады
Сиқым Шуылдақ руы осы атадан тарайды. Досмұхамбет би (кейін ел Дос би атап кеткен) 1570 жылы Ташкент шаһарында туған. Жастайынан билер, бектер, санатында оның кейбіріне көмекші болып жүріп, ел билігіне араласкан. Бұхардағы Мир-Араб медресесін бітіріп, иман-хафиз атанған. Тапқыр, шешендігі, әділ көрегендігімен, елге деген қамкорлық, қайырымдылығымен халықтың құрметіне ие болған. Оның осы қабілетін байқаған Тәуекел хан Досмұхамбетті 1594 жылы дербес би етіп белгілейді.
Оған Ташкенттің үш қақпасы қарайтын болған. Ташкент билеушісі Тұрсынханмен араздасып, 1627 ж. оның жасағы Шымған тауының баурайында орналасқан Дос бидің аулын шауып, екі әйелімен он тоғыз ұлын және өзін өлтіреді. Көбірек мәлімет алу үшін Уикипедияда Дос би мақаласын қараңыз.
Молда Аққұс Сатыбалдыүлының (1806-1897) шежіресі бойынша Дос бидің денесі Ташкенттегі Моғолстанның ханы Жүніс хан күмбезінің қасына қойылады. Ол жер Ташкенттегі Төле би кесенесінен шамамен 200 метр қашықтықта, Ислам академиясының дәл артында. Сол академияның күзетшілері мені ішке кіргізген жоқ. Айтулары бойынша ертеде Жүнісхан кесенесінің артында мола болған бірақ қазір ештене жоқ (кварталды айналып қарасам ол жерде академияның қоршалған минифутбол аланы мен бақша).
Төле бидің шырақшысы ол жердегі сүйектер кезінде біреулер қазып алып басқа жерге көшірген деп анық жауап алу үшін МИД арқылы хат жазып жіберіңіз дейді. Академияның артында СССР кезінде салынған көп қабатты 2-3 үй бар, менің ойымша сол үйлерді салғанда айналадағы бейіттерді жоқ қылған.