Шымыр баба. Ташкент қаласындағы кесенесі

Шымыр Дулатұлының кесенесі Бишімбаев Қозыке, Өмірбек Байгелді және тағы да басқа адамдардың бастамасымен 2000 жылдардың басында қайта салынды. Күмбезі көкке шаншылып, күн нұрына шағылысқан кесененің салтанатты ашылу рәсіміне Сенат төрағасы Өмірбек Байгелді, мәжіліс депутаттары Шерхан Мұртаза, Амалбек Тшанов, Серік Қонақбаев, Жамбыл мен Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдері Серік Үмбетов, Бердібек Сапарбаев, Шымкент қаласының әкімі Болат Жылқышиев, беделді ақсакалдар және азаматтар қатысты. Кесененің ішінде Шымыр-ата қорының басшысы Бишімбаев Қозыкеге Өзбекстан мәдениет министрлігінен 16.01.2003 шыққан хаттың көшірмесі көзге түседі. Оның мәні мынадай: "На ваш за №25 от 23.12.2002г. сообщаем: В соответствии с законом Республики Узбекистан "Об охране и использованию объектов культурного наследия" мавзолей "Шымыр Ата" включен в Государственный кадастр объектов культурного наследия, как вновь выявленный объект культурного наследия".



Бабамыздың атымен аталған "Шымыр Ата мешіті" (суретте) мен кесенесі де бір кешеннің аумағында. Мешіттің тарихін әзірше білмеймін.

Шырақшы үйінің қабырғасында және кесененің ішінде бір парақ қағазда өзбекше жазылған Шымыр бабаның қысқаша шежіресі бар. Сондағы кейбір жайттар қате жазылған сияқты (мысалы Бәйдібектің Қожа Ахмет Яссауиден тарайтыны). Елдің ағалары соған көніл аударып ескертіп айтса деген тілегім бар. Болашақта Шымыр бабаға алыстан зиярат етіп келетін Дулат ұрпағы үшін сол кесененің маңында бір үй салуды жөн көремін.


Мешіттің жанындағы кесенеге баратын кіреберісте түскен суретім :)

Видеоның сапасын көтеру үшін (ұялы телефонмен қарағанда) - ютубтын "настройки изображения" дегенге кіріп 140тан жоғары таңдау керек.
FaLang translation system by Faboba